Аликулова Назира Сейлхановна
ОҚО, Ордабасы ауданы
«Балдырған» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Білім көзі: Өзін-өзі тану
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; дамытушылық: балалардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Білімділігі: Адам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі мейірімділік туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Табиғатқа, адамға, жан-жануарларға құрметпен қарау.
Тәрбиелігі: Адамгершілік, қайырымдылық арқылы мейірімділікке тәрбиелеу
Билингвальды сыңары: мейірімділік-милосердие
Көрнекілігі: Мнемокесте, әріптер жазылған кубиктер, АКТ, түрлі-түсті пламастерлер, жүрекшелер Мотивациялық қорғаушы
Психологиялық дайындық:
Тыныштық, тыныштық,
Әлемге тыныштық.
Бар әлемге тілейміз,
Тыныштық!
Балалар денелерімізді түзу ұстап,еркін отырып,көзді жәй жұмып мына тамаша музыканы құлақ түріп тыңдайық.
Ұйымдастырушы-ізденушілік
Тыныштық сәті. ( Нұрға бөлену)
— Балалар музыкадан қандай әсер алдыңдар?
Балалардың көңілін экранға аударып сурет арқылы өлең жолдарын оқу:
Күлімдеген күн мейірімді,
Кіршіксіз қар мейірімді.
Таза мөлдір су мейірімді,
Мәпелеген ата-ана мейірімді.
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді:
-Балалар міне байқадыңдарма,бүгін біз мейірімділік туралы сөз қозғаймыз. Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы: «Мейірімділік –асыл қасиет»-деп аталады.
-Мейірімділік дегеніміз не?
-Мейірімділікті қайдан алуға болады?
-Егерде саған біреу мейірімділік көрсетсе сен қандай сезімде боласың?
-Ананың жылы алақаны жақсы. Табиғаттың тамаша сыйы; күн нұрын төгеді,суын береді,ауасымен дем алдырады, бірақ ана да, табиғатта жақсылығын бізден міндет етпейді. Мына жерде түрлі суреттер жатыр осы суреттер адамзатты қандай мейіріміне бөледі. Әр суретке жеке-жеке өз ойымызды білдіріп айтайық және осы суретке ат қояйық.
Дәйек сөз: « Мейірімділікті анадан үйрен» Ана – халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші – Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.
Сергіту сәті. Ән: «Анашым»
Балаларды мейірімділік тақырыбына байланысты «Үлгілік оқиға» әңгімесін тамашалап көруге шақырамын
-Әңгімеде кімдер туралы айтылған ?
-Олар егінін қалай бөліп отырды?
— Мейір не туралы ойланды ?
— Мәди інісі Мейір туралы не ойланды
— Екеуі кездескенде не үшін жылады?
Ғажайып сәт:
Балалар бұл кімнің жылаған даусы?
-Айналайын жүрек, сені кім ренжітті? Осыншама неге мұңайдың? Қане, құлағымды тосайын айта ғой. Жүрек өзінің досы жоқ екенін айтып жылайды. Бәрінде дос бар, ал мен жалғызбын дейді. Олай болса жүректің көңілін көтеріп жақсы мейірімді сөздер айтып ойын ойнайық.
Ойын «Мейірімділік жібі»
– Енді біз «Мейірімділік жібі» деген ойынымызды ойнаймыз.
Шарты : Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанған балаға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер
дөңгелене жайғасып , дәл осылай келесі балаға бересіңдер.
(Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады) -Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз.
Жүрек балаларға риза болып өз ризашылығын білдіріп рахмет айтады.
Мейірімді адамды жылы жүректі деп атайды.Ендеше алдымызда тұрған жүрекше қағазға кімдерге біз алғысымызды білдіргіміз келеді,олардың суреттерін салып көрсетіп білдірейік
Жетекші-жөндеуші
-Біз бүгін қандай тақырыпта әңгімелестік?
-Мейірімділік жасау қиын ба?
-Ол үшін не істеуіміз керек?
Жүректен жүрекке :
Алақанмен сипағанда аялап,
Жақсы сезім қуанышың тасады
Ақ көңілмен болар бейне саябақ,
Аялаған әр адамның құшағы
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады : Мейірімділік туралы әңгімелейді, өз ойын жеткізуге тырысады
Түсінеді : Бір-бірінің жақсы қасиетін бағалауды.
Қолданады: Мнемокестемен өлең оқиды, сурет салады, тілектер айтады, ән салады.