Home » Балабақша » Алақай, өзіміз оқимыз!

Алақай, өзіміз оқимыз!

«Әліппе» оқулығын апробациядан өткізіп жатқан  Алматы қаласы, Білім басқармасы  МКҚК  №110 бөбекжай-балабақшасында кеше қорытынды ашық оқу қызметі өтті.
Тәрбиеші Қайранбаева Орынгүл Тастанқызы  «Ер төстік» тобымен бірге балабақша тәрбиешілері мен ата-аналарға арналған  «Алақай, өзіміз оқимыз!» тақырыбында қорытынды ашық сабақ өткізді.
Берілген «Әліппе» бойынша оқуға үйретудің басты ерекшелігі әріптермен, дыбыстармен танысу, буынға бөліп оқытуды меңгерту болса,  қорытынды  ашық оқу қызметінен балалардың тамаша жетістіктерін көріп қуанып қайттық.
Сабақта балалар берілген тапсырманы түсініп орындап, буынды, сөзді, сөйлемді еркін оқып мектепке дайын екендіктерін көрсете білді.
Ашық сабақ соңында тәрбиешілер, ата-аналар өз ойларымен бөлісті.
«Ашық оқу қызметі жоғары деңгейде өтті. Балаларда еркіндік болды. Мен баламның осындай жоғары деңгейде оқи алатынын білмеппін, сіздерге көп рахмет. Шығармашылық табыс тілеймін.» — дейді «Ер төстік» тобындағы тәрбиеленуші Темірәліұлы Ахметтің ата-анасы.
Сабаққа  Алматы қаласы Білім басқармасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімінің  ҒӘЗ әдіскері Масакбаева Лунара Турсыновна, балабақша меңгерушісі Түлентаева Күнімай Шахмаралқызы, әдіскер Жалбырова Ляззат Байгүнісқызы және ата-аналар қатысты.
Айта кетейік, былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы бойынша 5 білім беру мекемесінде  «Әліппе»  оқулығы апробациядан өткізілген.

Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ,
«Білім айнасы»,
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.