«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы «СҚО бойынша ПҚ БАИ» операциялық жоспарына сәйкес 2017 жылдың 12 мамырында Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған тарих пәні мұғалімдерінің Республикалық Форумы өтті. Форумның ерекшелігі — ол Blended форматында өткізілді.
Бұл форматқа тікелей қатысуға (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, СҚО Дін істері басқармасы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Әскери институты, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өкілдері, Республика және облыстың тарих пәні мұғалімдері) және онлайн тәртібінде қатысуға («Өрлеу» БАҰО АҚ филиалдары мен Республикалық мектептер ұжымдары) мүмкіндік берді. Сырттай және онлайн-тәртібінде Форумға Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстары ғалымдары мен ұстаздары қатысуға ниет білдірді.
Форум қатысушыларына алғы сөздерімен т.ғ.к., Г.Қ. Мұқанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті доценті және облыс оқушылары бейнеүндеуімен шықты. Форумның мақсаты: қазақстандықтардың тарихи сана-сезімінің және Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы «Алаш» қозғалысының тарихи маңыздылығын насихаттау арқылы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру.
Іс шара жұмысының ерекше назарында 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаланың негізгі қағидаттарын талдау болды. Талдауға Н.К. Салимов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының меңгерушісі М.Т. Есматова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, ф.ғ.к., Ғ.Қ. Қожагулова, Ұлттық ұланы Әскери институтуның кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к. және тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Ерекше ықыласпен Форум қатысушылары З.Ш. Бимақанова, т.ғ.к., М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, С.В. Могунов, Солтүстiк Қазақстан облысы дiн iстерi басқармасының «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» МКМ бөлім басшысы, Съезхан Нуршаш, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов атындағы мекткптің тарих пәні мұғалімдерінің баяндамалырын тыңдады.
Сонымен қатар тарих пәні ұстаздары келесі мәселелер төңірегінде талдау жасады:
— Тарихи және педагогикалық ғылым мен тәжірибені интеграциялау негізінде жас ұрпақты азаматтық және патриоттыққа тәрбиелеуде тарих сабақтарының (пәнінің) рөлін анықтау;
— Тарихты оқыту барысында заманауи үдерістер мен тарих байланысын жүзеге асыру;
— Білім қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату.
Форум жұмысы аясында Солтүстік Қазақстан облысының 14 үздік тарих пәні мұғалімдерін Таным сертификаттарымен мараппаттауы өтті.
Форум қатысушыларының пікірі бойынша тарихи, тәрбие маңызы зор осындай шараларды өткізу оқушылардың бойында патриотизмді, белсенді азаматтық көзқарасты қалыптастыруға үлес қосады, сондай-ақ «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруға мүкіндік береді.
К.Б. Нуртаева
«ИТжәнеҒЖГПМ» кафедрасының аға оқытушысы