Home » Мақалалар » «АЛАШ ОРДА» ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ

«АЛАШ ОРДА» ҮКІМЕТІНІҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА – 100 ЖЫЛ

Алаш орданың құрылу тарихы тереңде. Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгенін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатынына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді.
Желтоқсан айының 13 де мектебімізде «Алаш Орда» үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай тағылымды шара өтті. Ашық шара тарих пәні мұғалімі 9 сыныптың жетекшісі Мереева Акбобектің басауымен өтті. Алаш үкіметінің құрылған кезеңін сипаттайтын театрландырылған көрініспен басталды. көрнекті қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы, Әлихан Бөкейхановтың ауыр да азапты өмір жолын сипаттады.
Шараның екінші бөлімінде Алаш зиялыларының: Жақып Ақбаев, Аманжолов Садық,Отыншы Әлжанов, Ғаббасов Халел, Мұхамеджан Тынышбаев, Досмұхамедұлы Халел,Мұстафа Шоқай, Ахмет, Жаһанша тағы басқа зиялылардың өмірлерін презентация арқылы баяндап , арыстардың асыл арманын көрерменге жеткізе білді.Ашық шарада одан әрі көркем сөздер оқылып әндер айтылды.


Шараға сынып оқушыларының белсене қатысқаны мені қатты қуантты. Ата бабаларымыздың үлкен еңбегімен келіп жеткен тарихи кезеңді оқушылар шын мәнінде көрермен жүрегіне жеткізе білді. Алаш-Қазақстанның «Мәңгілік ел» ел мұратын саясат пен руханият тұрғысынан айқындаған, айшықтаған кезең атауы.
Алаш – Қазақ елінің мемлекет құру тәжірибесі мен мемлекетшілік мүддесінің үзілмеген арқауы.
Алаш –Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының батыл да бастамашыл білік пен парасат, білім мен жауапкершілік тарихына қараған айнасы.

Жарбусинова Асия

«Қарақұм орта мектебі» КММ
Математика пәні мұғалімі,

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Боранқұл селосы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.