Home » Білім және өнер » Алаш алыптарына құрмет

Алаш алыптарына құрмет

               Тәуелсіз Қазақстанның өмірге келуіне негіз болған Алашорда үкіметінің құрылғанына биыл 100 жыл. Қазақ халқының бостандығы мен азаттығы жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың орасан еңбегін жас ұрпаққа дәріптеу үшін республикалық әскери-патриоттық «Қазақстан патриоты» журналы үстіміздегі жылдың қазан айында «Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» атты жастар мен жасөспірімдерге арналған республикалық шығармалар байқауын жариялаған еді. Байқаудың мақсаты — тәуелсіздік жолында құрбан болған алаш қайраткерлерін кеңінен таныту, олардың күресінің барысы мен нәтижелерін айғақтау, ұлт қайраткерлерінің еңбектерін зерттеп, ақтаңдақтарды ашу, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін ұштау. Осы орайда И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінің «Мемлекеттік тіл» пәндік әдістемелік комиссия оқытушылары аталмыш байқауға колледж студенттерін қатыстырды. Негізгі міндет — жас ұрпақтың алаш арыстарына деген құрмет сезімін тәрбиелеу және ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылық тұрғыдан ізденуіне жол ашу.

Байқауға қатысушы студенттер Алаш алыптарының атқарған істерін тарихи мәліметтерге сүйене отырып, өз шығармаларында ұлтымыздың тарихи жаңғыруына, сондай-ақ Алаш өкілдері арман еткен тәуелсіздік жолындағы күрес, алаштық арыстардың сол кезеңдегі ойларын мәңгілік ел идеясымен байланыстыра білген. Байқауға қатысқан студенттер жеңімпаздар қатарынан көріне білді. Атап айтқанда, Нұрғалиева Назым ІІІ орын — жетекшісі М.Б.Қарақұл , Қазтоғанов Тамирлан ІІІ орын, Қуатбаев Тілектес ІІ орын, Б.Сматулла ІІ орын, Г.Серікбай ІІІ орын – жетекшісі А.А.Бектасова, Г.Иманғалиева,Ғ.Айтбаев-ІІІ орын-жетекшісі С.Ералиев.

Қатысушы студенттер мен жетекші оқытушылар «Қазақстан патриоты» республикалық әскери-патриоттық журналының дипломдарымен марапатталды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ел тарихын ұлықтауда еліміздің болашағы- жастарымыз- Отанына деген патриоттық сезімдерін осылайша дәріптей білді.

Қарақұл Мейрамкүл Байболатқызы,

Бектасова Ажар Ахметқызы,

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық

жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.