Home » Мақалалар » Аладоп асықша иірілді

Аладоп асықша иірілді

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ауыл мектептерімен оқу процесінде ғана емес спортта да тығыз байланыс орнатқан. Өңірде көшбасшы болып саналатын Зияткерлік мектептің оқушылары салауатты өмір алтын берік ұстануды насихаттаушылардың алдыңғы қатарында тұр. Жуырда білім ошағымыздың жатақханасы тәрбиеленушілері көршілес Бородулиха ауданы жасөспірімдерімен волейболдан күш сынасты. Жолдастық кездесу – қала-ауыл мектептері оқушылары арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, әреке тұлғаның өздеріне деген сенімділіктерін арттыруды басты мақсаты етіп алған. Жатақхана тәрбиеленушілеріне қарсылас атанған өрендер аудандағы мамандандырылған спорт мектебінің шәкірттері.

— Жатақхана тәрбиеленушілері арасында спортқаерекше көңіл бөлінген. Мәселен, «Волейбол» үйірмесіне жиыны 15 бала жазылып, белгіленген кесте бойынша дайындық жұмыстарын жүргізеді. Енді міне, сол дайындығымыздың деңгейін сынау үшін алғашқы қарсыластарымызды ойын алаңына шақырып отырмыз. Ойынға 5-9 сынып оқушылары қатысады. Ұсынысымызды қабылалып, жолдастық кездесуге келген бородулихалық оқушыларға олардың жаттықтырушы-ұстаздарына алғысымызды білдіреміз. Болашақта осы кездесуді дәстүрге айналдырып, бірнеше команда қатысатын үлкен жарысқа айналдырсақ деген ойымыз бар, -дейді жатақхана тәрбиешісі Ерзат Кәрібаев.
Спорт саласын зерттеуші мамандар мен дәрігерлер сөзіне сүйенер болсақ, волейбол ойнаған кезде адам ағзасы әртүрлі қимылдарды түрлі қарқында,түрлі жылдамдықпен орындай отырып, жоғары эмоциялы жүктеме және үлкен қуанышқа бөлініп, қанағаталады екен. Одан бөлек, өзбетінше үнемі дене шынықтыруды жетілдіруге, денсаулықты сақтауға, көңіл күйін көтеруге және ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар. Осы тараптан алғанда сабақ тантысу ақыттытиімдіпайдалану мен жаңа достар табуға септігі молынан тиетін осындай шаралардың жиі өткізіліп тұрғаны дұрыс-ақ.
Ал біздегі жолдастық кездесудің тартысқа толы өткені соншалық, жеңіске жету жолындағы әрұпай оңайшылықпен келмеді. Дегенмен, жолдастық кездесудің аты жолдастық кездесу. Осы ойында аздаған басымдылық пен Бородулиха ауданы командасы жеңіске жетті, соңында үздік өнер көрсеткендер марапатталды. Бородулихалықтар қатарынан Зарина Шайғазина «Үздік шабуылшы», Алина Каирова «Үздік жалғастырушы» атанса, біздің шәкірттер арасынанАлуа Ілиясова «Үздік қорғаушы», Даяна Аманова «Пайдалы ойыншы» аталымдарын жеңіп алды, жаттықтырушыларына мектеп директоры атынан «Алғыс хат» табыс етілді. Жарыс соңында қарсыластар қолалысып, ортақ суретке түсті. Соңынан қонақтар Зияткерлік мектеппен жақынырақ танысуы үшін шағын саяхат ұйымдастырылды.

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.