Home » Мақалалар » Айымгүл Дергалиева.«Өндірісті бақылау және технологиялық анализ  сабақтарында  ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»

Айымгүл Дергалиева.«Өндірісті бақылау және технологиялық анализ  сабақтарында  ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»

 

«Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «жаңа технологиялық əдіс-тəсілдерді пайдалану – білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы» деп атап көрсеткен. Күн сайынғы, тіпті сағат сайын өзгеріп отырған əлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл əдіс-тəсілдерді меңгеріп пайдалана білу – бүгінгі күні оқытушыдан  үлкен ізденісті, зор талапты, өз білімін жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы ғана біз сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі уақытта қолданыста жүрген 25-ке жуық оқыту технологиялары, 40-қа жуық сабақ түрлері бар. Бұл технологиялар өз ресурстарын тауысуға айналды. Бүгінгі таңда əлем жаңа, тың серпілістер үстінде. Қазіргі кезде мектептің оқу үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені анық. Бұл технологиялардың бəрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан колледждегі əрбір пəнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу жəне оны іс-əрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Мұнда оқушының əрекеті технологияны қабылдауы, ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.

Мен жас оқытушы ретінде өз білімімді жетілдіру ретінде сабақтарымда апараттық технологияларды қолдануға көп көңіл бөлемін. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға, білім мен мəліметтерді əр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» міндеті қойылған. Қазіргі ғылым мен техниканың шарықтаған шағында  сабақтарында көрнекіліктердің қай түрі болсын молынан пайдалану мүмкіндігі бар. Яғни, оқытудың мұндай жүйесінің құралы компьютер болып табылады.

Студенттерге компьютермен жұмыс істеу өте пайдалы. Өйткені нашар оқитын оқушының өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, себебі балаға компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Заман талабына сай техникалық құралдарды арнайы сабақтарда  қолдану — оқытушы жетістігіне апаратын тиімді жол.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың бірі — Интернет. Интернет оқу үрдісін жеңілдетіп, сабақты қызықты, əрі тиімді ұйымдастыруға, оқу-білім сапасын көтеру үшін көптеген мүмкіндіктер береді:

  • сұраныс бойынша ақпарат алу;
  • Интернет тараптарында берілген пəн бойынша тапсырмалар мен жаттығулар орындау;
  • пəн бойынша əр деңгейде тест жұмыстарын ұйымдастыру;
  • сабақ тақырыбына байланысты ақпарат көздерін табу;
  • тақырыптық жобалар дайындау;
  • электронды сөздіктерді қолдану;
  • электронды пошта арқылы өндіріс мекемелерімен  хат алмасу;
  • аудио-бейнематериалдар қолдану.

Интернет мүмкіндіктерін  курстық жоба жасауға қолданған да қызықты. Мысалы, оқытушы қазіргі кезде мазалап жүрген мəселелерді Интернеттен тауып алып, оқушыларға ұсынып, тапсырма береді. Берілген мəселе бойынша оқушылар ақпарат жинап өз жобасын құрады, ол жобаға енгізген материал бойынша өз ойын, ұсынысын беріп, ақпараттармен келісіп немесе келіспей талқылай алады. Əр мəселе бойынша материалдар ұсынуға болады. Интернеттегі аудио-бейне бағдарламаларды оқушыларға сабақта тыңдатуға, талқылауға болады. Мысалы, мұнай мен газды қайта өңдеу әдістері, сараптамалар жасау, курстық жоба мен оқу-тәжірибелік есепті жазуға көмекші құрал бола алады.  Бұндай жұмыс түрлері оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады.

 

Айымгүл Игилманқызы Дергалиева
Орал газ, мұнай және салалық технологиялар
колледжінің арнайы пәндер оқытушысы,
БҚО, Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.