Home » Балабақша » «Айша — Бибі» бөбекжай – балабақшасындағы айрықша шара

«Айша — Бибі» бөбекжай – балабақшасындағы айрықша шара

Кентау қаласы Қарнақ ауылы «Айша — Бибі» бөбекжай – балабақшасында 2018 жылы 22 ақпанда «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін–өзі тану» пәні сабақтарында рухани құндылықтарды дамыту жолдары» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Балалардың рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін сүйетін, рухани-адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу.
«Ғунча» ересек тобында Атажанова Наргиза «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәнінен ашық ұйымдастырылған оқу қызметін және Абдумажидова Гулчехра ересек тобында «Учимса любить» тақырыбында «Өзін – өзі тану» пәнінен ашық ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті. Тәрбиешілер ұйымдастырылған оқу қызметінде дәйек сөз қолдана отырып, сүйіспеншілік құндылығын ашу үшін математика, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі, денешынықтыру, өмір қауіпсіздігімен байланыстыра отырып балаларды мейірімділікке, әдептілікке, қамқорлыққа, жақсылық жасай білуге үйретті. «Өзін-өзі тану» пәні метапән болғандықтан, басқа пәндермен ықпалдасуы үнемі жүреді. Сондықтан да сабақтағы негізгі тақырыпты өмірмен байланыстырса, теория практикаға айналары сөзсіз. Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға қалыптасады деп сенемін. Әр сабақ барысында құндылық пен қасиеттерді ұштастыра отырып, біртіндеп бойларынан өткізе берсе, ішкі тыныштығы басым, шыншыл, дұрыс әрекет жасай алатын мейірімді ұрпақты тәрбиелеп отыратынымыз сөзсіз.

 

Ирода Каримжановна Абдумажидова,
ОҚО, Кентау қаласы, Қарнақ ауылы,
«Айша-Бибі»  бөбекжай-балабақшасының  әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.