Home » Сценарийлер » Айтқазы Айжан Ерғазықызы

Айтқазы Айжан Ерғазықызы

Айтқазы Айжан Ерғазықызы,
Астана қаласы,
№74 «Дәурен» балабақшасының тәрбиешісі

Балабақшамен қоштасу кеші
«Ерекше заттар мұражайы»

( Музыка әуенімен қолдарына шар ұстаған балалар қол ұстасып залға кіреді)
Балалар: — Құтты болсын тойымыз! ( қолдарындағы шарларын ұшырады).
Ән: «Бала бала балалық»
Жүргізуші: — Қайырлы күн құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Қош келдіңіздер! Бүгін Асылжан топта тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Қазіргі мынау мереке,
Бәрінен де ерекше,
Өйткені біздің балалар,
Барады ертең мектепке.
Жүргізуші:
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке,
Бір белестен өттіңдер!
Өсті ақыл-ойларың,
Өсті міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың!

Асаналі
Балабақша есігін үшке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп мәпелейді бақшамыз
Бұл екінші үйіміз бәр туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз біз осы үйдің сәніміз
Бұл құшағы тым ыстық мектепбіміз бастапқы
Мұнда жақын туыстық мұнда тұңғыш дос таптық
Жанель
Қызық күндер өткіздік балабақша бағында
Көп оқыдық көп білдік ел мен Отан жайында
Бұл қуаныш себебін бізге қарап ұғыңдар
Туған отан қуансын ер жетті деп бөбегім
Нұрислам
Сүйген өз қыз өз ұлын бөбегім деп аянбай
Балабақшам өз үйім апай болды анамдай
Бүгін қызық бүгін той біздер үшін біліп қой
Әнге салып би билеп жалғастырсын ойды ой.
Жүргізуші: — Құрметті қонақтар, бүгін өздеріңе ерекше заттар мұражайы өз есіктерін ашып отыр. Мұнда, үш жыл бойына жиналған экспонаттар қойылған, әрине балаларымыз балабақшамызға келген уақыттан бастап. Мұражайды ашуға рұқсат етініздер!
-Сонымен, алғашқы экспонаттарды бізге Санжар пен Амина алып шығады. (балалар емізек пен көзжасына толы банканы алып шығады).
Фанфарылар ойналады.
Санжар:
Күні кеше анам мені ораған,
Ақ сүт беріп, емізекпен баптаған.
Амина:
Бақшамызға ертіп бізді келгенде
Анамызды қимай бәріміз жылаған.
Жүргізуші: — Иә, көп кешікпей осы заттар біздің мұражайдан өз орнын тапты. Қандай болып келгендеріңді естеріңе алғыларың келеме?
«Балапан» әнінің әуенімен кіші топ балалары тәрбиешісімен кіреді.
Бөбектердің құттықтауы:
Жолдарың болсын, сәт сапар,
Бақытты бәрің болыңдар!
Жақсы оқып сабақты,
Кілең «бестік» алыңдар!
Тәрбиеші: — Біздің балалар сіздерді өте жақсы көреді, құрметтейді және де сіздерге мектепте ылғи осындай баға алуларыңызды тілейді.(4 пен 5 салынған шарлады сыйға тартады).
Жүргізуші: — Ал біздің балалар сіздерге өздерінің сүйікті ойыншықтарын сыйға тарту етеді.(бөбектерге ойыншықтарды береді, оларды шығарып салады).
Ән: « Учат в школе»
Жүргізуші: — Мерекелер мен ойын-сауықтар балабақша өмірінің ажыратылмас бөлігі. Дәл осында біз аналарымыздың таңданған көздері мен шаттыққа толы күлкілерін көрдік. Бұл экспонаттарды бізге Ильяс пен Алия алып шығады.(Балалар қағаз бетіне салынған үлкен көздер және жымиған күлкіні алып шығады).
Ильяс
Қуанамыз сылаймыз қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимаймыз қоштасатын күн бүгін
Ботаұандай бөбектер ер-жеткен ұл қызың
Анамызды ерекше қуантамыз біз бүгін.
Алия
Алты жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Ойын: «Кім жылдам сөз айтады»
Жүргізуші: — Үш жылда не болмады дейсіздер ғой, аналармен қимай қоштасу, жаңадан келген баламен танысудың күлкісі, мерекедегі алғашқы таңдану, ал ұйықтайтын уақыт келгенде, барлығың ертегіні күттіңдер. Ертегіні тап қазір айтып берейінбе? Ендеше, Еркеназ бізге мұражайымыздың келесі экспонатын алып шығады. Бұл әрине тәтті ұйқыға батыратын сіздердің жастықтарыңыз. (Еркеназ жастық алып шығады).
Еркеназ:
Ерте, ерте, ертеме екен,
Өңімбе әлде түсімбе екен,
Мынандай қызықты көрдім…
Ертегіден көрінісі
Еркеназ:
Ханда бүгін мереке,
Мектепке алғаш барады.
Барша жұртты қаратып,
Адамдар өтіп барады.
Бірақ, Хан жалғыз емес,
Соңында кім келеді?
Қараңдаршы, балалар, поезд жүріп келеме?
Батырдың артында асығып келе жатқан кімдер?
Анасы (Камшат):- Мен анасы боламын.
Еркеназ: — Батырдың соңында кім жүгіріп келеді?
Әкесі (Елнар): -Мен ғой, әкесі.
Еркеназ: — Абайдың соңында кім ақсаңдап келеді?
Әжесі (Жанель): — Мен ғой, әжесі.
Еркеназ: -Кім бұрқылдап сүйретіліп келеді?
Атасы (Иманалы): — Мен ғой, атасы.
Еркеназ: — Айтыңдаршы, неліктен Ханға тіркесіп алдыңдар?
Немене, Батыр паровоз ба, вагондарын сүйреп жүретін?
Анасы (Камшат) – Көйлегінің түймесін кім салады?
Әкесі (Елнар): — Портфелін кім ұстап жүреді?
Әжесі (Жанель): — Қарныашса, бауырсақтыкімжегізеді?
Атасы (Иманалы): — Бәтеңкесінің бауын кім байлап береді?
Балалар: — Өзі.
Атасы (Иманалы): -Ол әлі кішкентай ғой.
Әкесі (Елнар): -Ол әлі әлсіз ғой.
Әжесі (Жанель): -Ол әлі жүдеу ғой.
Анасы (Камшат): Ол көп ауыра береді.
Атасы (Иманалы): -Менің кішкентай ғана баламды аяңдаршы.
Әкесі (Елнар): : -Мен әдейі жұмыстан сұрандым, портфелін көтеру үшін.
Әжесі (Жанель): — Немерем жүдеп кетеді деп, бауырсақ алып жүрмін.
Атасы (Иманалы): — Жіберіңдерші бауын байлап берейін.
Еркеназ:
Хан біздің мектепке
Дәурен балабақшасынан
Дайындықпен барады.
Қорықпаңдар үлкендер,
Хан нық басып барады.
Ән: «Барамын мен мектепке»
Санжар::
Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
Мерей:
Өсті міне бойымыз
Өсті ақыл ойымыз
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойымыз.
Тойлан:
Ана тілін ардақтап ата салтын біз көрдік,
Сурет салып ән жаттап оқып жазып үйрендік.
Жеті жасқа толамыз әдепті бала боламыз,
Қуантып ата-ананы мектепке кетіп барамыз.
Жүргізуші: — Мұражайымыздың келесі экспонаты өте ерекше. Экспонатты алып шығу кезегін Е.Алиханға берейік. (Е.Алихан сандықшаны алып шығады). Бұл кішкентай ғана сандықша. Бұл сандықшаға балаларымыздың армандары салынған. Кәне шетін ашып көрейік, балаларымыздың нені армандайтыны туралы білейік.
Сандықшадан балалардың тілегі естіледі.
Жүргізуші: — Қандай тамаша. Бірақ бұл армандарың орындалу үшін көп еңбек етіп, көп оқу керек. Оқушы мектепте қандай баға алу керек?
Ойын: «Қанша бұршақ бар»
Жүргізуші: — Армандарың әрдайым асқақтай берсін! Жолдарың ашық болсын!
Жүргізуші: — Енді мен сіздерге біздің ең қымбат экспонатымызды көрсеткім келіп отыр. Біз мұнда бойымыздан арылған барлық жаман қылықтарымыз бен әдеттерімізді жинап алдық. Кәне, С.Алихан мен Б.Әлихан маған экспонатты алып келіңдерші. Тек абай болыңдар, құлатып алмандар. (Балалар алып келе жатып құлайды, ыдыстың қақпағы ашылып кетеді)Ах! Енді не болады?
Е.Әлихан: — Қорқатын ештеңе жоқ, қазір жинап аламыз…., мүмкін кейін…(есінейді)
Б.Алихан: — Эй, саған не болды? (жылдам әрі көп сөйлейді), кәне тұр жылдам, сен не естімейсің бе? Жоқ, сендер оған қараңдаршы, саған айтам, тұр жылдам, сен не естімейсің бе? Тіптен қозғалмайды, (тәрбиешісінің қасына келеді) Оған не болды? Мен оған тұр жылдам, сен не естімейсің бе десем, ол болса тіптен естімейді. (Тәрбиеші оның аузын орамалмен байлап жабады).
Жүргізуші: — Болды, кішкене үндемей тұра тұр. Екеуің біз арылған барлық жаман қылықтар мен әдеттерімізді шығарып шашып алдыңдар. Енді олар тағы да біздің арамызда жүр. Балалар, олар нені жұқтырып алды?
Балалар: — Еріншектік пен көп сөйлеушілікті.
Жүргізуші: -Дұрыс, еріншектік пен көп сөйлеушілікті.
Е.Алихан (ымдап қимылмен көрсетеді).
Жүргізуші: — Енді көп сөйлемейсің бе?
Е.Алихан басын изейді, Б.Әлиханды оятуға көмек сұрайды, екеуі балалармен бірге шеңберге тұрады.
Ойын «Шапалақта мен сияқты»
Кәне, кәне шапалақта мен сияқты,
Кәне, кәне шапалақта мен сияқты.
Кәне, кәне шапалақтап бәріміз
Жаман әдет қылықтан арыламыз.
Біз еріншек болмаймыз,
Төсекте көп жатпаймыз.
Көп сөйлеп, үлкендердің
Сөздерін де бөлмейміз. (ыдысты ортаға қояды, соңында аузын қақпақпен жабады).
Жүргізуші: — (Ыдысты мұражайға қояды) Қандай бақыт, ендігі жаман әдет-қылықтардан мәңгіге арылған сияқтымыз. Бұл экспонатты мұражайда дабыл жүйесіне қосып қою қажет.
Жүргізуші: — Балалар, ал сендер мектепке қажет құралдарды білесіңдер ме?
Ойын: «Портфель»
Даяна:
Талай қызық той өткіздік
Бірақ орны бөлекше
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгінгі той ерекше.
Балабақша бесігім
Тағы бір ой жасайық
Ашып мектеп есігін
Өзіңмен қоштасайық.
С.Алихан
Бақша біздің панамыз мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан оқып білім аламыз
Үлкендердей тап-таза жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз жүретіндей мақтана
Жүргізуші: — Мұражайымыздың келесі экспонаты біздің түлектеріміз. (Түлектер тұрады). Қараңдаршы, олар бүгін есейіп, әдемі, салтанатты болып келіп отыр. Бүгін балаларыңыз аман-есен балабақша қабырғаларында балалықтарын қалдырып кетіп барады. Сондықтан ата-аналар комитеті алдымен ант беріп, содан соң балаларын қабылдау туралы қолжазбаңызды тапсырыңыздар.
«Қолжазба» (оқиды)
-Біз, бүгінгі балабақша түлектерінің ата-аналары, балаларымызды Асылжан топқа «Дәурен» балабақшасына сақтауға, тәрбиелеуге және үйретуге тапсырылған балаларымызды қабылдап алу туралы қолжазбаны береміз.
Ата-аналар комитеті мынандай жағдайды белгілейді: сақтауға тапсырған балаларымыз кішкентай болатын, қабылдағанымыз ірі балалар. Казіргі нарық заманында оларды киіндіру, тамақтандыру қиынға соғады. Бірақ балаларымыздың әдемі де көңілді жүздеріне қарап, балабақшада алған білімдері дағдылары мен іскерліктері мектепте де көмектеседі деп үміттенеміз.
Жүргізуші: — Сіздірдің қолжазбаларыңыз осы мұражайда сақталады, осымен ерекше заттар мұражайы өз жұмысын аяқтайды. Ал балаларымыз балабақшамен қоштасады.
Би: «Сарбаздар»
Жүргізуші: Бақша балаларға бақыт сыйлайтын киелі ошақ, бақша ұжымы тынбай еңбек етеді. Таңертеңнен кешке дейінгі балалардың уақыты түрлі қызықтарға толы.
Жүргізуші:Иә, мұнда қызмет ететін әрбір жан балаларға өздерінің махаббатын және сүйіспеншілігін төгуде. Осы жандарға қошемет білдіріп басымызды иеміз және балаларымыздың жыр шумақтарына кезек береміз.
Тойлан:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші апай жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Гауһар Қабжаппарқызына мың алғыс
Батыр:
Жайдары жүз айқабақ
Жүреді бізді аймалап
Тобымызға жиі кеп
Білгеніңді сұрайтын
Ақыл айтып тұратын
Айжан Қайратқызына көп рахмет
Камшат:
Ағылшын тілім білсін деп
Үйреткен бізге Ардақ апай.
Әр сөзін оның жаттадық
Көңілге түйіп қаттадық
Нұрислам:
Әрбір күні бір-бір баладай,
Сапқа бәріміз тұрамыз.
Секір десе секіріп,
Айтқан тілін аламыз.
Болды бізге Бағдат ағай
Арайлап атқан ақ таңдай.
Даяна:
Үйренгеміз өнер біз
Шетімізден шеберміз
Бал татыған әндерді
Мың бұралған билерді
Үйреткен Нуриден ағаймен Динара апайға мың алғыс.
Айя:
Денсаулыққа болаттай
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбдігер
Қамқоршымыз дәрігер
Бахыт апайға мың алғыс!
Амина
Тәтті тағам пісірген
Айран сүтін ішкізген
Света Люда апайлар
Сіздерге мың алғыс
Ильяс:
Бізді баптап қараған,
Күлімдеген жақсы адам.
Ақ төсекке жатқызған,
Басымыздан сипаған
Айман Чаймуратқызына көп рахмет!
Елнар:
Жазу жазып үйреткен,
Әріптерді оқытқан.
Санамақты жаттатып,
Санауды бізге үйреткен
Жақсы болсақ қуанған
Қате болсақ кешірген Айжан Ерғазықызына
Айтамыз біз мың алғыс!
Би: «Вальс»
Ән: «Қошасу әні»
Жүргізуші: —
Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Сүйкімді балғын бала шақ,
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар! – деп, біз балаларымызбен қимастықпен қоштасамыз.
«Қоштасу дәлізі» балалар музыка әуенімен тәрбиеші апайлармен қоштасады.
Меңгерушінің құттықтау сөзі.
Дипломдарды табыстау.
Ата-аналардың құттықтау сөзі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.