Айткужина Гульдарай Алтынбековна
СҚО, Есіл ауданы
«Горное негізгі мектебі» КММ
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.
1.Білімділік: Қыс мезгілінің қысқы ойындары, қысқы табиғаты туралы түсінік қалыптастыру.
2. Дамытушылық: Табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Танымдық, шығармашылықтарын, тілдік қорларын дамыту.
Қолданылатын көрнекі-құралдар: Қысқы табиғат көрініс суреттері, шана.
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың барысы:
Амандасу: — Сәлеметсіздер ме, балалар!
Шаттық шеңбері: Амансың ба, Нұрлы күн!
Амансың ба, Жер ана!
Аман-есен болайық.
Амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме,Қонақтар!
Сәлеметсіздер ме,Достарым!
Жамандықты тастайық,
Тату-тәтті болайық.
Тәрбиеші: — Қазір бізде Сөйлеуді дамыту сабағы.
Бүгінгі тақырыбымыз: «Қыс қызығы». Яғни, қыс мезгілі жөнінде әңгімелесеміз.
(Сабақтың тақырыбын балаларға қайталатып айтқызу).
1 бала: Қандай қызық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең,
Құлағыңды тәстеген.
Қандай қызық қыс деген,
Бәрін жақсы істеген.
Бақша-бауды,тауды да,
Бояған ақ түспенен.
-Балалар, бұл өлең шумақтарында қандай жыл мезгілі жайлы айтылған?
-Иә,қыс мезгілі жайлы айтылып тұр.
-Кәне теледидарға назар аударайықшы. Не көріп тұрсыңдар?
(Слайд арқылы балалардың ойнап жүрген суреттерін және Қыс мезгілі көрінісін толық көрсету).
Тәрбиеші:
-Жылдың қай мезгілі екен?
Айнала қандай түске боялған?
-Қар неге ұқсайды?
-Ауа-райы қыста қандай болады?
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
(Қыс мезгілінде 3ай бар. Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан).
Желтоқсан: —Жыл аяғы, қыстың басы, суық ызғарлы.
Қаңтар: -Жыл басы, қыстың ортасы, өлең қарлы ай. Бұл айда қатты суық, әрі үскірік аяздар болады.
Ақпан: -Жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, қатты суық, алай-дүлей борандар болады.
-Иә, өте дұрыс айтасыңдар.
-Ал, кәне қыс туралы тақпақтар айтыңдаршы:
3 бала: Далада қар борайды,
Ақ мамыққа орайды.
Мұз болады қатады,
Жып-жылтыр боп жатады.
4 бала: Аппақ бүгін қыр далам,
Ақ дастархан жапқандай.
Көңілде көп қуаныш,
Сәуле шашып жатқандай.
5 бала: Өзеніме көліме,
Әсем ою ойыпты.
Ағаштардың бәріне,
Алқа тағып қойыпты.
-Өте жақсы балалар.
Тәрбиеші: -Балалар, бүгін ауа-райы өте тамаша. Мүмкін бәріміз серуендеп келерміз!
(Серуенге шығып, аққала жасау. Ұжыммен).
-Серуеннен оралу.
Балалар, шаршаған боларсыңдар. –Енді денемізді сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Жел улейді у-у-у,
Боран соқты зу-зу.
Қатты жел соқты гу-гу,
Шыдай алмай жапырақтар ах-ах,
Билеп к етті қалтырап пах-пах.
-Ал енді балалар, «Кім жылдам?» ойынын ойнайық.
(Зырылдауық арқылы тапсырмалар орындау).
1.Тапсырма:
Адам қыс мезгілінде қалай киінеді?
- Тапсырма:
Жұмбақтар әлемі.
- Тапсырма:
Қыс мезгілінде балалар қандай ойындар ойнайды?
4.Тапсырма:
Қыста құстап қалатын құстарды көрсет.
-Өте жақсы, тапқыр екенсіңдер.
Қорытынды бөлім:
-Балалар, қыс мезгіліндегі табиғат ерекшеліктерін айтып беріңдерші?
(Өзен-көлдер мұзға айналады. Аңдардың түстері өзгереді. Ағаштарды қар басады).
-Өте жақсы балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатыса алдыңдар.
Балаларды мақтау, мадақтау.
-Сабағымыз аяқталды.