Айтимова Г.А
Петропавл қаласы,
«Ақ бота» бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі
Білім саласы: Қатынас, таным, шығармашылық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет
Мақсаты: Балаларға Тәуелсіздік мерекесі туралы түсінік беру. Отан туралы білімдерін арттыру, ҚР-сы туралы түсініктерін қалыптастыру. Балаларды елін, жерін құрметтейтін, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу. Балаларға еліміздің нышандарының мән-мағынасын түсіндіру
Дамытушылық: Балаларға сурет арқылы көрсетіп әңгімелесу. Туған жерін сүйуге, қадірлеуге үйрету.
Тәрбиелік: Мемлекеттік нышандардың аса маңызды екенін, оларды құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру
Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері, Астана қаласының ғимараттары бейнеленген суреттер, дидактикалық ойынға байланысты рәміздердің суреттері, құрастыруға суреттер
Оқу іс-әрекетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу
Шаттық шеңбері:
Біз Қазақтың баласы
Дені сау салауатты
Біз-ұлттың болашағы
Білімді де сауатты
Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан Республикасы
Біздің ұлтымыз қандай? – Қазақ
Біздің мемлекеттік тіліміз қандай? – Қазақ тілі
Қане ағылшын тілінде айтайықшы осыны?
I live in Kazakhstan
I am Kazakh
I speak in Kazakh
-Балалар, өзіміз тұратын мекенді тағы қалай атауға болады?
-Отан. Атамекен. Туған жер.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет. Тауелсіз мемлекет дегеніміз – тереңде жатқан елдің өз алдына қайта егеменді ел болған күн. Тәуелсіздік туралы кім тақпақ айтады:
Алтынай: Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн!
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн!
— Балалар, кім Қазақстан Республикасының рәміздерін айтып береді?
— Ту,Елтаңба, Әнұран.
— Еліміздің туының түсі қандай?
— Көгілдір түсті –аспан мен судың түсі
— Көк түс тазалықты белгілейді.
— Ортасында алтын күн- бейбітшілік күні.
Қыран құс –еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі. Биікте самғайды және ұлттық ою бейнеленген.
— Елтаңбамыздың түсі қандай?
— Елтаңбамызда қазақтың қарашаңырағы – әрбір отбасының бірлігі, бейбітшілік шаңырағын көтерген күн сәулесіндей уықтар, екі жақтағы қанатты пырақтар (қостұлпар)-адамның досы, және жоғарысында бес бұрышты жұлдыз бен «Қазақстан» деген жазу бар.
— Балалар, Елтаңба туралы кім тақпақ біледі?
1-бала.Айсана
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
— Рахмет.
Балалар, Қазақстан байрағы туралы кім тақпақ біледі.
2-бала: Самира
Жарасқан, байрақтың мәні бар,
Көк аспан, күн-қыран сәні бар.
Көк байрақ ашық күн кеңісім,
Алтын күн белгісі жеңістің .
Ал, Әнұран туралы тақпақ білеміз бе?
3-бала: Адина
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым.
Өмір бақи шырқалады.
Республика Әнұраны.
— Тәрбиеші: Әнұранды қай жағдайда орындайды?
— Балалар: Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Жеңіске жеткенде орындалады.
Әнұран орындалғанда орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қоямыз.
Дидактикалық ойын: «Рәміздерді құрастыр»
Екі бөлек үстелде тудың, елтаңбаның белгілері араласып жатыр. Белгі берумен балалар рәміздерді құрып жарысады. Жеңген топ марапатталады.
— Тәрбиеші: Біздің Елбасымыз кім?
— our president N.Nazarbaev
-Тәрбиеші: Балалар, Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
— The capital of Kazakhstan Astana
-Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
-Тәрбиеші: Астана — Отанымыздың жүрегі, жаңа қала, әсем қала. Мына суреттерге қарашы нені көріп тұрсыңдар?
— Бәйтеректі.
-Балалар, сендер жақсы жұмыс істедіңдер, жарайсыңдар, енді біраз сергіп алайық
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық.
Құс болып қанат қағайық.
Астананың төріндегі
Бәйтерекке ұқсайық.
— Ойын «Киіз үй»
Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді тігеміз
Еліміздің аспаны ашық болсын!
Жерімізде гүлдер көп болсын! (Гүлді шашу)
Ал балалар гүлден шашу шаштық енді осы гүлдерді бір бірден алып Отанымыз туралы мақал айтайық.(Әр бала өз мақалдарын айтады)
Адина«Отансыз адам – Ормансыз бұлбұл»
Ясмина«Отансыз адам — ормансыз бұлбұл»
Алтынай «Ел іші-алтын бесік»
Самира «Туған жердің қадірін? Шетте жүрсең білесің»
Алмас «Отанды сүю — отбасынан басталады.»
Мадияр «Отаның берік болса, жауың алмайды.»
Адия «Туған жердің ауасы да шипа»
Айсана «Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі»
Дина «Батыр туса – ел ырысы Жаңбыр жауса – жер ырысы»
Диана «Отан- Оттан да ыстық»
Қорытынды: Балалар, біздің Қазақстан тәуелсіз көп ұлтты мемлекет. Сендер Тәуелсіз елімізге қандай тілек білдірер едіңдер?
— Бейбітшілік болсын!
— Соғыс болмасын!
— Елімізде тыныштық болсын!
— Еліміз бай болсын! Т. б.
(Балалар алдын — ала дайындап қойған түрлі — түсті гүлдерін алып, Тәуелсіз елімізге тілек білдіріп тақтаға орналастырады. )
— Балалар, Туған жерді гүлдендірер ұл — қызы міне, сендерсіздер.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Республика рәміздері туралы білімдерін кеңейту
Білу керек: Тақпақты мәнерлеп айту.
Біледі: Жалауды салу