Home » Сценарийлер » Айтжанова Айзада. Наурыз тойын тойлайық

Айтжанова Айзада. Наурыз тойын тойлайық

Айтжанова Айзада Бөрібайқызы,
БҚО, Орал қаласы,
№49 «Ақниет» бөбекжайы МКҚК
тәрбиешісі

 

Жүргізуші. Құрметті әріптестер,балалар,ата-аналар. Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!   Бүгін айтулы мереке, ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын. Наурыз келсе, құт келгені халайық! Сіздерді ІІ кіші қазақ«Балапан» тобының дайындаған «Наурыз тойын тойлайық» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші:
Ұлыс күндеріңіз құтты  болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Жүргізуші: Ал қәнеки ағайын,
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың,
Шырқап әнге салайық.
Ән: Наурыз тойы.
Жүргізуші: Келесі кезекті тақпақтарға берейік.
1 ші-бала  Қош келіпсің Наурыз!
Арман  тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың
2 ші-бала   Би биледік бәріміз!
Егін өңін толқытқан,
Елдің көңілін шалқытқан.
Бас иеміз- Наурыз!
3ші -бала Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
4ші-бала Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Ойын: «Құрақ көрпе»
Жүргізуші: Келесі кезекте би.
Би: « Қамшы»
Ортаға Әже келеді.(Әжесі ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)
Жүргізуші: Армысыз, Ақ әже! Қош келдіңіз!
Ақ әже: Бар бол, балам! Амансыңдарма балапандарым! Наурыз тойы құтты болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң жол болсын! Етегіме сүрініп-қабынып, немеремді ертіп мен де келдім, қарағым.
Жүргізуші: Ақ әже, Наурыз күні балаларыңызға қандай сый-сияпат әкелдіңіз?
Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге
Береке, ырыс кірсін жерімізге
«Маймыл» қуанышпен шығарып сап
Бақыт боп «Тауық » кірсін елімізге
Жаңа жыл елімізді жарылқасын
Қиналып әр отбасы тарықпасын
Ата – әже келгенде қуанғандай
Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын.
Жүргізуші: Тойды әрі қарай  «Бесікке салу» ырымымен жалғастырсақ деген тілек бар. Жиналған халық, мына отырған немерелеріңіз ата салтын, халық дәстүрін көріп, тамашаласын.
Ақ әже: Әлбетте, қарағым! Ал, халайық, мен немеремді бесікке салайын.
Ақ әже: бесікке салу ырымдарын жасайды
Әлди әлди ақ бөпем
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама бөпем жылама
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құйрығын
Жіпке  тағып берейін.
Ойын: «Теңге алу»
Жүргізуші: Бұл топта әншіде бар, бишіде бар,
Көрермен таң қалып таңдай қағар.
Ат шаптырып, ұлдар шықса ортаға
Барша жұрт қошеметтеп қолын соғар.
Би: «Қамажай»
Ойын: «Арқан тарту»

Жүргізуші: Келесі кезекте тақпақтар.
1- бала:  Бүгін күн мен түн теңелді
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі
2-бала: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда  бұлбұлымыз сайрайды
3-бала:  Күреп алтын күрекпен,
Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп
Бүрлеп бақша – бауымыз.

4-бала:  Ұлы күні ұлыстың
Күн мен түнді теңеген
Тәтті дәмін ырыстың
Таттық Наурыз көжеден.
Ән: «Көктем»
Жүргізуші: Қолдан келсе үлкеннен бата алайық.
Ықыласы үлкеннің батасында,-дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата күтеміз.
Балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қыдыр атамыз  да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қыдыр ата: Армысыздар балалар!
Балалар: Қош келдіңіз қыдыр ата!

 

 

Қыдыр ата: Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Көктеммен бірге менде Қыдыр келем жер бетіне! Ырыс, береке, молшылық әкелем. Батамен ел көгереді демекші, қолдарыңды жайыңдар:
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар  көрікті,
Ғұмырың  болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнерлі  болыңдар  жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақытты! Аумин.
Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық.
Көріскенші күн жарық болсын! -деп бүгінгі мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз. Қош, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.