Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері әлемнің мықты елдерімен үзеңгі қағыстыруға талпынып келеді. Әрине, Елбасы Жолдауының мақсаты – елімізді жаһандық бәсекеге қабілетті ету. Яғни, Елбасымыздың нақтылап берген саяси бағыты мен жоспарын бірлік пен берекемізді жарастырып, жұмылып жүзеге асыру міндетіміз болып табылады.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының 21.01.2016 жылғы №29 бұйрығына сәйкес бастауыш сыныптардың математикалық қызығушылықтарының және функционалдық математикалық сауаттылығының дамуына бағытталған «Біздің өміріміздегі математика» педагогикалық жобасы енгізіліп, жүзеге асырылуда.
«Менің өмірімдегі математика» облыстық жоба аясында «Біздің айналымыздағы математика» жобасы бойынша мектебімізде жүргізілетін мектеп компонентінен алынған «Айналадағы математика» сабақтарының үлгілік формасы кеңейтілді. Бұл сабақтар оқушының
- логикалық ойлауға, шығармашылықпен жұмыс жасауға;
- көшбасшылыққа;
- шапшаңдыққа үйренеді;
- тез шешім қабылдауға үйренеді;
Сабақтардың формасын өзгерту математика сабағымызға көп септігін тигізеді. Математика сабағына қызығушылығы артады. Математикадан алған білімін күнделікті өмірінде пайдалана алуына көмектеседі.
Мұғалімдеріміздің үздіксіз жұмыс жасау нәтижесінде, математика пәні бойынша білім сапасы жоғары нәтиже көрсетіп, оқушыларымыз түрлі олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары атануына көп септігін тигізуде.
Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектепте «Менің өмірімдегі математика» тақырыбындағы стенд, 3-4 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының байқауы мен мектеп оқушылары түрлі шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр.
Осы жұмыстардың дәлелі ретінде 19.01.2018 күні «Біздің айналамыздағы математика» әлеуметтік-педагогикалық жобаны іске асыру мақсатында «Математикалық сауттылық – білім жетістігі» тақырыбында «92 гимназия. КММ» мен «Әлихан Бөкейхан атындағы №76 ЖББОМ.КММ» бірлескен қалалық семинары өтті. Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Осы семинарда мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Н.Б. Жунусбекова, М.К. Тусенова және Г.Т.Ахмет «Математика және біз» тақырыбында интеллектуалды ойын өткізді. Семинарға 3-4 сыныптың оқушылары «Айналадағы математика» курсы бойынша жасаған көрме жұмыстарын зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының жеңімпаздары 4 «Ә» сынып оқушысы Айзере Мұрат, 4 «В» сынып оқушысы Ақтоты Бүркітсетер мен 3 «В» сынып оқушысы Берікханова Аянат 3 тілде таныстырды. Семинар жоғарғы дәрежеде өтті.
«Адами капитал–жаңғыру негізі» деп Елбасымыз атап көрсеткендей, білім берудің жаңа сапасына көшуде Еліміздің әрбір азаматы өзінің сүйікті ісіне, қызметіне байланысты Жолдаудың бағытын іске асыруды көздеу керек деп ойлаймыз. Сонда жұмыс нәтижелі болатыны анық.
Болашағымыз өскелең ұрпақты білімді етіп, іргетасын қалау мәселесі мектеп ұстаздарының алдына жүктелген міндет болып саналады. Білімді ұрпақ- біздің жарқын болашағымыз. Сондықтан Н.Назарбаевтың негізгі күшті адами каптитал сапасын жақсартуға салып отырғанының астарында үлкен мән бар.
Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы,
Әлихан Бөкейхан атындағы
№76 «ЖББОМ» КММБастауыш сынып мұғалімі,
Қарағанды қаласы