Home » Мақалалар » Аймақтық БАҚ-қа жаңа бетбұрыс

Аймақтық БАҚ-қа жаңа бетбұрыс

          Таяуда ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен өткен аймақтық БАҚ форумында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған БАҚ өкілдері бас қосты. Онда аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жеткен жетістіктері мен алдағы міндеттері сөз болды. Форумға ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың қатысуы, оның БАҚ өкілдеріне қолдау сөзі шараның маңызын айқындай түсті. Ол өз сөзінде, мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілген деректі, көркем фильмдердің аймақтық телеарналардан таралатынын мәлімдеп, сүйінші хабарды жеткізді. Бұл өз кезегінде аймақтық телерадиожурналистиканың жұмысын сапалы, тиімді ұйымдастыруларына септігін тигізері сөзсіз. Еліміздің жетекші телеарналарының басшылары аймақтық журналистермен пікір алмасып, бірқатар мәселені бірлесе шешудің жолдарын қарастыратын осындай форумдардың маңызы зор. Мәселен, көрермен сұранысын қанағаттандыру үшін қандай жұмыстар атқару керек? ХХІ ғасырда аудиторияның талғамы қандай? Міне осы сауалдар төңірегінде журналистика майталмандары ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, БАҚ үшін табыс көзіне айналған жарнама жайында да сөз болды.

БАҚ – тәрбие құралы. Олай болса осындай форумдарды жиі өткізіп, ұрпақ тәрбиесіне қатысты өнегелі фильмдерді түрлі жанрда беру, сұрыптаудан өткен мультфильмдер ғана эфирден беру жағы қарастырылса нұр үстіне нұр болар еді.

                                                                                          Ә.Ж. Сәуірбаева

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.