Home » Сценарийлер » Айзат Нүркеева. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы 

Айзат Нүркеева. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы 

 

Мақсаты: Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту; Айткүл Әбдіқадырованың еңбек жолын насихаттау;мейірімділікке,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекіліктер: суреттер, слайд, шарлар..
Әдіс-тәсілі: Сұхбаттасу әңгімелеу, сұрақ-жауап
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бойыма алаулатып күш-жалынды,

Өмірге ұмтылдырған құштарымды.

Кеудемде білім сырын құйып берген,

Ұмытпан мектебім мен ұстазымды.
1-жүргізуші:
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
2-жүргізуші.
— Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, біздің қадірлі қонағымыз Айткүл Әбдіқадырова және оқушылар.
Елбасының «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» мақаласы  «Туған жер»жобасын жүзеге асыру шеңберінде «Туған жерге тағзым-мектепке тағзым» іс шара аясында 5-6 сынып оқушыларының «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер.
Оқушылардың жыр шумақтары жүргізуші

«Қызмет қылсаң халқыңа,игі ат қалар артыңда»,-деп қазақтың кемеңгер ақыны Сәбит Дөнентаев айтқандай Айткүл апай өзінің қажырлы еңбегімен,ақыл-парасатымен қазіргі таңда ел қалаулысы, ісі өрге басқан кәсіпкер,ардақты ана.
слайд  жүргізуші

Қуаныш бүгін мереке

Шуағын шашып тұр әлем

Мектепке келген сағынып

Біздерден сізге мың сәлем

Алтай Айыптың сөзіне жазылған,
Өркен Исмайловтың әні «Ақ Орда вальсі» Хор

жүргізуші

Сағынам сені,аяулы мекен,гүл мекен,

Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен?!

Күндіз-түні сені кеудемде тербетіп,

Алысқа кетсем,өзіңмен ылғи бір кетем

Апай,мектепте қандай оқушы болдыңыз? Мектеп өмірінен сыр шертсеңіз

Слайд.

 жүргізуші

Бойыма алаулатып күш жалынды,

Өмірге ұмтылдырған құштарымды.

Кеудеме білім сырын құйып берген,

Ұмытпан мәңгі бақи ұстазымды.

Алғашқы және ең сүйікті ұстаздарыңыз жайлы әңгімелеп берсеңіз

«Армандастар,құрдастар»әні орындайтын Амангелдиев Жасұлан

1-оқушы

«Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»,-деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай сіз таңдаған мамандық.

Слайд

2-оқушы

Ісім оң болсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңі

Көпшіліктің адамы болыңыз,-дейді ғұлама Әл-Фараби.Сіз халық қалаулысысыз,сонымен қатар,жас жеткіншектер сізді анамыз деп абылдайды.Осы жолдағы табысты еңбектеріңіз бен жаңалықтарыңыз жайлы ой бөліссеңіз.

Слайд

3-оқушы

«Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер».Бойыңыздағы еңбекқорлық, табандылық,мейірімділік қасиеттер атаның ақ жолымен,ананың ақ сүтімен дарығаны белгілі.Олай болса,ата-анаңыз жайлы әңгімелеп берсеңіз.

Слайд

«Ана,әке»әнін Оразайұлы Әлиханның орындауында қабыл алыңыздар

жүргізуші

Ажырамай халықтан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Бармақтай бақ тілейміз өзіңізге,

Абырой берсін жүргізген ісіңізге.

Әбдімомын Желдібаевтың күйі «Ерке сылқым» Екі дауыста

жүргізуші

Қабыл етіп қонақтың бар тілегін,

Тілегіңді тұмар етіп жүремін.

Кейінгіге жақсы істі үлгі етер,

Өзіңіздей болса дейміз жас түлек

жүргізуші

«Еңбегіңнің ел кәдесіне жарағанын сезіну-үлкен бақыт»деп Елбасымыз айтқандай,таңдаған сара жолыңыз ел кәдесіне жарап,өзіңізге қуаныш сыйласын.Жұмысыңыз табысты,балаларыңыз бақытты болсын.

«Желкілдек» әні Кішібаева Айдана

жүргізуші
Бүгін алтын ұя мектебіңізге келіп, бізбен бірге болып, сүбелі ойларыңызбен бөліскеніңізге алғыс айтамыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

 

Айзат Нүркеева
Қызылорда  облысы,
Шиелі ауданы,
№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.