Айгуль Уразбаевна Тлегенова,
Ақсу қаласы, Павлодар облысы
«Айналайын» бөбектер бақшасының
қазақ тілі мұғалімі
.
КӨКТЕМНІҢ КҮН ШУАҚТАРЫ
Білім беру саласы: «Қатынас».
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеттің түрі: «Қазақ тілі»
Мақсаты:Жыл мезгілдері туралы білімдерін толықтыру
І Білімділік: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту, сөздер мен сөзтіркестерін пайдаланып, өзара байланыстырып, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
ІІ Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу, әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру,ойлау, зейін қою, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
ІІІ Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді құрметтеуге,бір-біріне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тақырыпқа сәйкес суреттер, схемалар, көрнекілік, үлестірмелі материал,үнтаспа
Әдіс — тәсілдер: түсіндірме, сұрақ – жауап, ойын,тапсырмалар, сергіту сәті,таңғажайып кезең,қайталау.
Билингвальды компонент: алтын күн-золотое солнце,күншуақ-луч солнца,бүркіт-орел.
Үш тілдік:Көктем-весна-spring
Шаттық шеңбері.
«Арайланып таң атты, /қолдарын көтереді/
Алтын шуақ таратты. /құшақтарын ашады/
Қайырлы таң, достарым!/қол ұстасады/
Қайырлы таң, қонақтар!/қонақтарға иіледі/
Кіріспе бөлім: /Балалар үстел басына жайғасады/
Мұғалім:-Балалар,скажите о чем было Ваше приветствие?/О том, что наступило утро и золотое солнце раскинуло свои лучи,оно обнимает всех детей и гостей/
-А как по казахски будет –солнце?-/күн/
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,күн бізге не үшін керек?/ол бізге жарық,жылу береді/
-Қазір күнді көргілерің келе ме?Ол сендердің жылы лебіздеріңді естіп, сендерге келуді шешіпті,сендермен танысқысы келеді.
Күннің бейнесі:-Мен алтын күн, ал сенің есімің кім? /балалармен танысады/
Бала:- Менің есімім, Давид
Күн:- Сен неше жастасың?
Давид: — Мен алты жастамын
Күн:- Міне таныстық, мен өте қуаныштымын!/қалған балалармен танысады/
Мұғалім: Күннің шуақтары аз екен,шуақтары көбейіп,айнала жылыну үшін,мына тапсырмаларды орындау керек./тапсырма орындаған сайын күнге шуақ қосылып отырады/
1-ші тапсырма:
-Қазір жылдық қай мезгілі? /көктем/
Көктемде неше ай бар? /үш ай бар/
Олар қандай айлар? /наурыз, сәуір, мамыр/
-Көктем туралы не білесіңдер?/
Тірек суреттер арқылы көктем туралы түсініктерін естеріне түсіріп, табиғаттың өзгерістері туралы әңгімелету /балалардың жауабы/
2-ші тапсырма:
— Бүгін аптаның қай күні? /жұма күні/
-Кеше қай күн болды? /бейсенбі/
-Барлығы бір аптада неше күн? /жеті күн/
-неше күн біз балабақшаға келеміз? /5 күн/
-ал неше күн демаламыз? /2 күн /
— Кім апта күндерін атайды? /балалардың жауабы/
— Балалар,сендер балабақшаға келгенді ұнатасыңдар ма?/ұнатамыз/
3 – ші тапсырма:
Алтын күн:-Маған аспаннан, сендердің Елдерің жақсы көрініп тұрады.Сендер туған елдерің туралы не білесіңдер?Не айтасыңдар? /балалар елінің байлығы,табиғаты туралы, көпұлттық халқы достықта,бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқанын айтады-Жарайсыңдар,балалар,білімдерің бар екен,жақсы әңгімеледіңдер.
— Сендер білесіңдер ме, біздің елдің мемлекеттік тілі, қай тіл?/қазақ тілі/
— Біздің елде мекендейтін өзге ұлт өкілдері, біздің салт-дәстүрлерімізді құрметтейді,тілге үйренеді.
— Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?Тудың ортасында не бейнеленген?/Орел-бүркіт/
Мұғалім: -Бүркіт-құс болып ұшқыларың келе ме? /ритмикалықкөңілді әуенойналады/
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық
Бүркіт болып ұшайық
Оңға қарап,солға қарап
Ұшып,ұшып алайық!
Орнымызға қонайық
4 –ші тапсырма:
Дидактикалық ойын: «Затты ата»
Мақсаты: Суреттегі затты атау, спецификалық дыбыстарды сөз басында, ортасында тауып, айту. мысалы: Ә –әже, Ө- өрік, Қ- қыз бала т.б
-5-ші тапсырма: /сандарға байланысты
Мұғалім: — Қалай ойлайсыңдар,алтын күннің шуақтары бізді енді жылыта ма? Кане оларды санайық /1-10-ға дейін /
Ендеше берілген сандарды алға және кері санайық
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10- 10,9,8,7,6,54,3,2,1
Үлестірмелі материал арқылы тапсырма орындату
Мнемотехника әдісімен, заттың санын-сәйкес цифрмен белгілеу.
Рефлексия:Балаларды ортаға шығарып,гүлдерді үлестіре отыра,сабақта не ұнағанын,естерінде не қалғанын сұрау,күнге алғыстарын білдірту,қоштасу.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық!