Отан десем оралады ойыма,
Ақ сақалды, ақ шапанды қария.
Туған жерім – құт мекенім, дариям,
Егеменді елім, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты,
биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1991 жыл еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазаргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Міне, ұлтымыз қазақ басқа елдермен тереземіз тең, болашағымыз жарқын қазақ елінің ертеңінен үміт күтетін жастарымыз! Егемендік, тәуелсіздік жолдарына оңай қол жеткізе алмадық. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасына ойып тұрып, керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды. Айбынды ел болу үшін, тәуелсіз, егемен болу үшін, халқымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізіп, айбынды ел, терезесі тең мемлекет болды. Каспийден Алтайға дейін, Алатау мен Қаратау жоталарынан Батыс Сібір жазығына дейін көсіліп жатқан кең – байтақ өңір – менің Отаным. Ата-бабамыз оны біз үшін, болашақ ұрпақ үшін жаудан қорғап, ғасырлар бойы сақтап қалған. Бұл өлкеде аспанмен таласқан биік таулар, ұшы қиырсыз далалар, тіпті теңіз деңгейінен төмен жатқан ойпаттар бар.
Ал бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта емес, бүкіләлемдік мәселелерді талқылауға және шешуге ықпалды ел. Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба дүстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Қайсар төзіммен келешекке деген пәк сезімнің арқасында бүгін де біздің төбемізде қыран құс қанатын кеңге жайып, бақытты күннің шұғыласына бөленуде.
Көгімде алтын күмбезді қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның жас ұланы болғанымды мақтан тұтамын. Болашақтың іргесін біз секілді жанашыр жастар қаласа, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес. Отанымның жанашыр азаматымын, елімнің гүлденуіне қолымнан келген бар үлесімді аямаймын. Мен өз айбынды елім Қазақстаныммен мақтанамын!
Исжанов Жүсіпбек Төлепбергенұлы
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№9 орта мектептің 5 «б» сынып оқушысы