Home » Балабақша » Айболит және оның достары

Айболит және оның достары

Мақсаты:
Білімділік: Әртүрлі аурулармен және оның себептерімен таныстыру. Жұқпалы және суық тию ауруларының алдын алу шараларының маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Денсаулыққа байланысты ертегі арқылы балалардың ой-өрісін арттырып, тілдерін дамыту, ойындар арқылы қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: балаларды денсаулығы мықты, ұқыпты, таза, салаутты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: слайд, ойындар, ертегі маскалары.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойындар, тақпақтар, ертегіні кейіпкерлендіру.
Сөздік жұмыс: шөптердің аттары: бақ-бақ, алоэ, өгейшөп, қызылмия, жолжелкен, түймедағы.
Шаттық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық, жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

  • Балалар кәзір бізде валеология оқу іс-әрекеті. Бүгін оқу іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келіп отыр.Тақырыбымыз «Айболит және оның достары». Бүгін біздер денсаулық, әр түрлі ауру түрлерін олардың алдын алу туралы әңгіме жүргіземіз. Біздің жерімізде бізбен бірге өсімдіктер, балықтар, құстар, аңдар мекендейді және осымен қоса өте көп микробтар, бактериялар мен вирустар бар. Олардың ішінде адамға пайдалы, қажетті де, жұқпалы және вирусты ауруларды тудыратын өте қауіптісіде бар. Бірақ адам кішкентай зияндылармен күресуді үйретіп қана қоймай, аурудың алдын алуды да үйренді.
  • Слайд бойынша әңгімелеу.
  • Микроб, вирус, бактериялар неден қорқады?
  • Олар судан қорқады. Біз үнемі жуынып, шомылып, тісімізді тазалап жүрсек деніміз сау болып, ауырмай жүреміз.
  • Микроб, вирус, бактериялар шынығудан қорқады. Табиғаттың үш сыйы (күш, су, ауа) біздің ағзамызға әсер етеді және олар ауруларды тұншықтырып, жояды.
  • Микроб, вирус, бактериялар тамақтанудан қорқады. Міндетті түрде құнарлы көкөністер мен жемістерді көп жеу керек, бірақ оларды жуып жеуді ұмытпау керек.
  • Микроб, вирус, бактериялар егуден қорқады.

Жасыл дәріхана, дәрілік шөптер туралы әңгімелеу.
Балалар вирустардан сақтану жолдарын көрсетеді.
Микроб кіреді.
Тазалықтың достары микробты қуып шығады.
Сергіту сәті: Айболиттің достарымен бірге сергіту сәтін өткізу.
Ертегі: «Айболит және оның достары» кейіпкерлендіру.
Ойын: «Құралдарды ажырат».
Денсаулыққа байланысты тақпақтар.
Һидаят:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сауда
Денсаулық зор байлық деген сөзді
Орынды айтқан ұлы Абай атамызда.
Арай:
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі,
Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық ол күлудің, көңіл күйдің жадырай,
Денсаулық ол жүруің, ешбір жерің ауырмай!
Айнұр:
Сымбат мүсін дегенің,
Бітім көркі дүниенің.
Сымбат жүру әдемі,
Дене қалпын тік ұстап,
Көтеріп сәл кеудені.
Иық жазып, дұрыстап,
Түзу отыр қисаймай.
Бүкірмей, жақтамайма,
Күш сап бас пен арқаға,
Жатып алма партаға.
Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер.
Медина:
Жаның сау болса, сорлымын деме.
Тәнің сау болса, жарлымын деме.
Ясмина:
Тазалық — денсаулық кепілі,
Денсаулық – байлық негізі.
Нұргелді:
Ауырып ем іздегенше
Ауырмайтын жол ізде.
Нұрасыл:
Дені саудың – жаны сау,
Жаны саудың – тәні сау.
Ойын: «Жақсы – жаман»

  • Тісті тазалау, алманы жумай жеу тазалықтың достарын ата кір қожалақ жүру, суға түсу, тап – таза киімдер кию, тамақты төгіп – шашып жеу, тамақтану үстінде сөйлеп отыру, тырнағың өсіп, шашың таралмай жүру, тамақтанып болып рахмет айту, бөлменің ішін жинап қою, ойыншықтарды жинау.

Сұрақ-жауап қою арқылы сабақты қорытындылау, балаларды мадақтау.
Тыныс алу жаттығуы: «Сәбіз».
Қонақтармен қоштасу.
Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық.
Басты байлық денсаулық
Денсаулықты сақтайық.






Тюребаева Айзада Сыражанқызы
№7 «Ер Төстік» балабақшасының директоры
Маңғыстау облысы,   Жаңаөзен қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.