Home » Мақалалар » Азат елдің ұрпағымыз

Азат елдің ұрпағымыз

Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. 1991жыл – дүниежүзілік тарихтағы ерекше жылдардың бірі. Заман ауысқанда, қоғам ауысқанда алдымыздан тарихи мүмкіндікті қалт жібермегенімізге, ақырын жүріп, анық басқанымызға, арандап қалмай арманымызға жеткенімізге шүкіршілік!

Желтоқсан – ұлт тарихындағы ұлы оқиға. Қарлы қыстың қаһарлы күндерінде басқа түскен сол сынақ өз билігің өз қолыңда болмауының салдары. Тәуелсіздігіміздің қадіріне жетуіміз керек, бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады. Бас-аяғы 15 жылда заман, қоғам өзгерді, адам өзгерді, ой-сана өзгерді, мемлекеттігіміз қалыптасты, экономикамыз нығайды, демократия орнықты, бізді әлем таныды. Алты Алаш деген сөзді түркімен де, өзбек те, қырғыз да айтпайды.Керісінше, Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов сияқты асыл ағаларымыздың аузынан түспеген сөз – осы сөз.Осы сөз еліміздің тұңғыш Президентінің де аузынан түскен емес. Тек бірлік, ымыра, бәтуа рухыңды асқақтатады. Асқақ  рух мемлекетті құдіреттендіре түседі. Мәңгі ел солай жасамақ. Өз жолдауларында ел болашағын бажайлаған Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдік даму күшінен алатын орнын да межелеп отыр. Бұл-«Мәңгі ел» мұраты.
Тәңірі қазақ халқының маңдайына осынау тарихи сүргіннен аман шығып, азаттықтың ақ таңын көруге жазған екен. Мұны тағдырдың сыйы десе де болады, ата-бабаның нақақ төгілген қаны мен көз жасының өтеуі десе де болады. «Мың өліп, мың тірілген» халқымызға армандаған азаттық таңы атты. Бұл жолда жоғарыда айтып кеткенімдей талай қан төгіліп, боздақтар қыршынынан қиылды.
Егемендігіміз мәңгілік, жеңісті күндеріміз көп болсын.

Қожахмет Динара Нұржанқызы,
Алматы қаласы
М.Әуезов атындағы № 128 ЖББ мектептің мұғалімі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.