Үстіміздегі жылдың сәуірдің 6-жұлдызында №15 мектеп-лицейінде «Азаматтық қорғаныс» күні өтті.
Бауыржан Қапарұлы басшылық ететін білім ошағында өткен бұл іс-шараның мақсаты — оқушыларды төтенше жағдайлардың алдын алу, төтенше жағдайда көмек көрсетуге, қажырлыққа, бір бірін қолдауға, жауапкершілікпен орындауға бейімделуін қалыптастыру болатын.
Азаматтық қорғаныс күні құрылған жоспар бойынша өткізілді.
Аталмыш шараға орай арнайы конкурстар ұйымдастырылды. Оның нәтижесі төмендегідей болды:
1) 1-4 сынып оқушылары арасында «Адам және апат» тақырыбында өткен суреттер сайысында 1 орын: 2 «Ә» сыныбы, 2 орын: 1 «В» сыныбы, 3 орын: 4 «В» сыныбы;
2) 5-11 сынып оқушылары арасында «Адам және азаматтық қорғаныс» тақырыбында өткен плакаттар сайысында 1 орын: 6 «Б» сыныбы, 8 «А» сыныбы, 2 орын: 8 «Г» сыныбы, 3 орын: 9 «Г» сыныбы;
3) 8-11 сынып оқушылары арасында «Адам өміріндегі төтенше жағдайлар салдары» тақырыбында өткен шығарма сайысында 1 орынды: 6 «Б» сынып оқушысы Нуриден Еңгілік, 2 орынды: 5 «Г» сынып оқушысы Жумағали Томирис, 3 орынды: 7 «В»сынып оқушысы Шагирова Аружан жеңіп алды.
Мектептің «Алғашқы әсери дайындық» пәнінің мұғалімі мектеп ұжымы мен оқушыларға «Өрт шыққанда және басқа да төтенше жағдайлар» тақырыбында дәріс оқып, фильмдер көрсетті.
«Өрт шыққанда және басқа да төтенше жағдайлар» атты азаматтық қорғаныс іс-шараларына белсене қатысқан сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар өткізу өз жалғасын таба бермек.
Ғ.М. Омашева,
мектеп-лицей директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары