Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Азаматтық авиация академиясында (Алматы қ.) жоспардан тыс тексеру жүргізген болатын. Тексеру нәтижесінде жоғары оқу орнының білім беру қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерде бұзушылықтар анықталды.
Тексеріс қорытындысы көрсеткендей, оқытушылардың сандық құрамына, ғалымдардың үлесіне, ғылыми жетекшілерге қойылатын лицензиялау талаптары сақталмай, студенттердің кәсіби тәжірибе келісімшарттары жасалмаған және т.б.
Осы ретте, Академияға қатысты 2 әкімшілік іс қозғалған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес аталған әкімшілік істердің санкциялары білім беру қызметімен айналысу лицензиясының қолданылуын 2 айға тоқтата отырып, 175 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуды қарастырады.
Қаулылар 2019 жылдың 28 тамызында заңды күшіне енеді.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі.