Home » Ашық сабақтар » Ажибекова Гулхан. Отаным- қасиетті туған жерім!

Ажибекова Гулхан. Отаным- қасиетті туған жерім!

Ажибекова Гулхан
Түркістан қаласы,
№12 Қ.Сатпаев атындағы
жалпы орта мектеп коммуналдық
мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Мақсаты:

  1. Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.

2.Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

Көрнекілік:  өлең жолдары, мақал-мәтелдер, презентация.

Түрі: сайыс сабақ.

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Ойынның  тақырыбы мен мақсатымен  таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі сайыс сабағымыз ойын түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған  білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 3 сынып оқушылары қатыстады.

Ойын ережесімен таныстыру.

  1. ” Қазақ елі – менің Отаным!”( сұраққа жауап беру)
  2. . Мәнерлеп оқу сайысы (Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы)
  3. “Мақал – сөздің мәйегі(отан, туған жер туралы мақалдың жалғасынаяқтау)
  4. Өлең оқыған оқушының жүріс-тұрысына, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылады.

І -айналым  «Қазақ елі – менің Отаным» сұраққа жауап беру.

Әр оқушыға жеке сұрақ қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Сұрақ шардың ішінде орналасқан, сол шарды балдар біртіндеп шығып шарды жарып сұрақты алады.  Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы сабақ соңында оқушының жауабына қарай ұпай беріледі.

  1. Қазақстанның Тәуелсіздік күні қашан тойланады? ( 16 желтоқсан)
  2. ҚР – ның Әнұранының авторларын ата? (авторы:Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).
    3. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? (шаңырақ, тұлпар)
    4. Қазақ ғарышкерлері кімдер? (Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров)
    5. Қазақстанда қандай ұлт өкілдер тұрады? (өзбек, орыс, татар, т.б)
    6. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (30 тамыз1995 ж)
    7.Әнұранның сөзіне өзгеріс енгізген тұлға? (Н.Назарбаев)
    8. Елтаңба авторлары кім? (Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов)
    9. Астана қаласының әйгілі ғимараттары? (Бәйтерек, ақ үй, ханшатыр, ақмешіт, т.б)
    10. Еліміздің астанасы қандай қала? (Астана)
    11. Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз? (1желтоқсан)
  3. ҚР – ның мемлекеттік туының авторы? (Шәкен Ниязбеков.)13 Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? (ту, елтаңба, әнұран)
    14.ҚР — ның тәуелсіздік алған жылы? (1991 ж.)
    15. Қазақстан қандай Республика? (Тәуелсіз)

 

ІІ айналым «Мәнерлеп оқу» сайысы

Бұл Сайыста әр оқушы өзінің өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын, дауыс ырғағын, актерлік шеберлігін  көрсете білуі тиіс. Мәнерлеп оқу сайысында (Отан, Туған жер, Тәуелсіздік туралы) өлең айтады.

 

Туған жер  

Кеңсің дала,

Туған ана,

Көйлегің кең көк ала!

Жан беретін,

Тән беретін,

Мейірімді ана сен ғана.

 Туған жер  

О, менің байтақ мекенім,

Жанымның қаршығасы сен.

Шырқағым келіп кетеді,

Жазбаған ән шығарсың сен.

Құстарың мәңгі ән салсын деп,

Жат қолға ілгізбедім мен.

Қызарып мәңгі қалсын деп,

Қырыңнан гүл де үзбедім мен.

Қазақстан 

Қазақстан өлкесінің кеңдігін

Өлшеп жатпай өзгелерше мен бүгін.

Оңай ғана ұғындырып байқайын,

Болмашы бір белгілерін айтайын.

Көк теңіздей толқын ата көпірген,

Домбыра үні жетсе сізге эфирден.

Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін

Қуанышты бақытты Отан үйлерін!

 

 

Сенің Отаның   

Отан сенің ата – анаң

Отан – досың, бауырың,

Отан- өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, өз халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Отан осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өсіп жас жаның,

Оны ардақтап сүйе біл.

Туған жер  

Сүйем сені, туған жер,

Әжем жөргек,  жуған жер.

Шапқан жауды елімнен

Батыр бабам қуған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Байлық, бақыт тұнған жер.

Миллиард пұт астықты

Қамбаға жылда құйған жер.

Сүйем сені, туған жер,

Өнер, білім қуған жер.

Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер.

 

Отан туралы   

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан! Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем…

 Мақта, досым!   

Мақтайсың туған жердің

Долданған боранын да.

Мақтайсың бұлағын да

Мөлдіреп ағып жатқан

Мақтайсыңтау, тасын да

Мақтайсың топырағын.

Өйткені ол – туған жерің,

Өйткені ол – туған елің!

Туған жерім тамаша.  

О, балақай, туған жер!

Жақсы-ау бақша – бауларың!

Көзге ыстық көрінер

Сенің асқар тауларың.

Туған жердің жырларын

Қызғалдақтай терейік.

Кең өлкенің қырларын

Жүр, аралап келейік!

Республикама қарашы!  

Ақжайық, Алтай арасы,

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерінің дәмі маржандай,

Қырманы асқар таулардай,

Республикама қарашы!

 

Отаным   

Отаным – өзегім сен!

От алдым өзіңнен мен.

Жаралдым топырағыңнан,

Нәр алдым өзеніңнен.

Өңірді жаңарта алам,

Өмірді жалғап қалам!

Сен үшін еңбек етіп,

Ел ісін алға апарам!

 

 Отан

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отан шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Отаным

Атам, Әжем, Әкем, Анам —
Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді
«Ер азамат атан!» дейді
Мақтанамын Отаныммен,
Отаныма «Ботамын» мен!

 

 

 

Ұлы Отан

Бақытты боп жүргенім,
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің тірегім,
Құшағыңда гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

 

 Отан десем…

Отан десем оралады ойыма

Ақсақалды, ақ шапанды қария,

Туған жерім – құт мекенім, дариям,

Егеменді елім, туым, әнұран,

Қанатымды қағып ұшқан жанұям.

Осы жолды аңсап елім еліміз,

Ар-намысты батыр туған жеріміз.

Мақтан етер бай мұрасы,салты бар,

Мен сүйетінқалың қазақ, халқым бар.

 

Ауылым

Гүлденсе, біздің ауылымыз,

Гүлденеміз бәріміз,

Ауылменен әрқашан,

Кіреді біздің сәніміз.

Берекем мен бірлігім,

Ауылымнан таралар.

Ауылым менің көркейіп,

Өркениетті ел болар.
ІІІ айналым «Мақал сөздің мәйегі»

«Мақал — сөздің мәйегі» демекші, құрғақ сөздің ғұмыры қысқа ғой, сол себепті өмірімізде мақал — мәтелдерді жиі қолданған жөн.
Сонымен3  — турымызды бастайық, реттік нөмірмен талдан жапырақ теру арқылы мақал-мәтелдің жалғасын табу. Гүлден жапырақ теру арқылы мақалдарды алып оқиды.

“Мақал – сөздің мәйегі”
1. Отан қадіріне жетпеген (өз қадіріне жетпейді)
2.Ел іші – ( алтын бесік)
3.Отан үшін күрес , (ерге тиген үлес)
4.Аққу көлін аңсайды, (адам  туған жерін аңсайды)
5. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
6.Туған жердей жер болмас , туған елдей (ел болмас)
7.Отан үшін отқа түс (күймейсің)
8.Басқа елде сұлтан болғанша- (өз еліңде ұлтан бол)
9.Отанды сүю – (отбасынан басталады)
10.Отансыздың оты (жанбайды)
11.Ер жігіттің екі сөйлегені- (өлгені)
12. Туған жердей жер болмас (туған елдей ел болмас)

13.Тұлпар тегін табар, ер жігіт (елін табар)
14.Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)

  1. Отан оттан да (ыстық)

16.Туған жердің қадірін,
Шетте жүргенде білесің

Қорытынды: Сонымен біздің сайыс сабағымыз  да өз шегіне жетті.
Марапаттау.
Бүгінгі сайысқа  өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге, қонақтарға көп рахмет айтамыз. Осымен ойын аяқталды.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.