Home » Ашық сабақтар » Адырбекова Гульжан Шекербековна. Менің Отаным — Қазақстан

Адырбекова Гульжан Шекербековна. Менің Отаным — Қазақстан

Адырбекова Гульжан Шекербековна
Астана қаласы, №71 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                                                                                             

 Тәрбие сағатының мақсаты:  
 а) Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай — қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;
 ә) Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата — бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
  б)  Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.           Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының  рәміздері, авторларының суреттері, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, суреттер.
Көрнекілігі:
нақыл сөздер,видеоролик,слайд арқылы дайындалған материалдар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Шаттық шеңбері
Бақыт деген-осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып тұрайықшы,кел бері

Бақыт деген- көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін  адал жүрек сендегі

Оқушылар бір-біріне «Менің елімнің болашағы» бағытында аффирмация айтады.(Отанымды сүйемін!Отаным-алтын бесігім!Мен Отаныма қызмет етемін) …

«Қазақстан қандай мемлекет?» деген сұраққа  оқушылар кезекпен жауап береді. (көк және сары түсті лентаны шаңырақ бейнесінде ұстап тұрамыз)

(Бейбіт мемлекет.Тыныш мемлекет.Тәуелсіз мемлекет. Дамыған мемлекет.  Көк туы желбіреген мемлеке . Көп ұлтты мемлекет Болашағы жарқын мемлекет.  Бай мемлекет.)

Көк және сары лента арқылы топқа бөлемін. («Ту» және «Елтаңба»)

Мұғалім: -Біз бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан көп ұлтты мемлекетпіз.Іргеміз сөгілмей,әрқашан да бірлігіміз жарасып,тату-тәтті өмір сүрейік.Біздің кешеден бүгініміз,бүгіннен ертеңіміз жарқын.

  1. «Сиқырлы қоржын» ойыны.

(Қоржын ішінен біртіндеп сұрақтар алып,жауап береді)

Сұрақтар:

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2.Қазақстанда неше облыс бар?

3.Қандай үлкен қалаларын білесің?

4.Қазақстанның табиғаты қандай?

5.Қазақстанның қандай тауларын білесің?

6.Қазақстанның теңіздерін ата.

7.Қазақстанның көлдерін ата.

8.Қазақстанның өзендерін ата.

  1. Постер қорғау (Ту мен Елтаңба туралы мағұлмат беру)

3.»Жүгіртпе диктант» ойыны :

1-топ

Астанам,жас қалам

Мақтанышым бас қалам

Көгінде шырқалсын

Шаттықты асқақ ән

2-топ

Астанам, жас қалам

Мақтанышым бас қалам

Келешек бақ күнге

Жолшы бол бастаған.

(Екі топтан бір-бір оқушы жазып отырады. Басқа оқушылар жүгіріп сөз тасиды.Бұл жерде шапшаңдық,сауаттылық,есте сақтау қабілеттері анықталады).

  1. Сергіту:

«Туған жер» тақырыбына аппликация құрастыру (Тақтаға магниттің көмегімен суреттерді қолданып аппликация құрастыру

  1. Математикалық амалдарды орындау.(Мысалы)

Қала-ла+заң -аң +асқабақ -сқабақ+ қоңыр- оңыр+ сары- ары+ тай-ай +ала -ла+ нан- ан= Қазақстан.

6.»Сыңарын тап» ойыны.

Шарларға  сөздер жазылады. Оқушылар сөз сыңарын табуы керек.

Мысалы: Егеменді, жарқын, ел, болашақ т.с.с.

7.Сен еліңе қандай үлес қосасың?

(Сұраққа жауап беру)

  1. Рефлексия. (Оқушылар сабақтан алған көңіл-күйін эмоциямен көрсетеді) «От шашу»
  2. Қорытынды: (Мұғалім сөзі) Ата-баба арманы шындыққа айналған,қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт күнде өмір сүріп жатқан біздер бақыттымыз!Осындай шуақты күндерді, бақытты шақтарды бағалай отырып, жаңа биіктерге, жақсылықтарға ұмтылу-біздің басты бағытымыз!

Барлығы хормен: «Мен елімді сүйемін!»

  1. «Көк Тудың желбірегені»

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.