№ 28 «Ақбай» жалпы орта мектебінде «Қамқорлық» республикалық акциясы аясында мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамтуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бағытталған іс-шара 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» акциясын өткізудегі мақсат — күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша (киімінің, аяқ киімінің мектептік керек-жарақтарының) сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
Міндетті жалпы орта білім алу үшін мектеп жасындағы балаларға жағдай жасау, оқумен қамтылмаған немесе дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған мектеп жасындағы балаларды және мектеп жасындағы балалардың сабағын немесе олардың сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспауына ықпал ететін себептерді анықтау мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары – Х.Абдугапирова, И.Мадалиев, әлеуметтік педагог – Д.Адхамова, әлеуметтік талдаушы А.Мамбетова, педагог – психологтар – Ғ.Абдурахманов, С. Казакбаева және сынып жетекшілері №28 «Ақбай» жалпы орта мектебіне қарасты мөлтек ауданға рейд жасап, ондай оқушылар жоқ екені анықталды.
Әлеуметтік педагог Д.Адхамова, әлеуметтік талдаушы А.Мамбетовалар тарапынан мектептегі жетім балалар, мүгедек балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың, материалдық жағдайы төмен отбасыда тұратын балалардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ету мақсатында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметіне барлық сыныптың ата-аналар комитетінің төрағалары тартылып, мектеп бойынша жалпы 46 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтсақ, 4 ата-ана қамқорлығынсыз қалған тұл жетім балаларға, 7 мүмкіндігі шектеулі балаларға, 5 аз қамтамасыз етілген, 8 толық емес отбасы, 7 жартылай жетім, 15 көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді.
Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары И.Мадалиев және тарих пәні мұғалімі М.Абдимавланованың ұйымдастыруымен «ҚР – да бала құқықтарының қорғалуы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Қамқорлық» акциясын өткізуде мұқтаж балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге ниет білдіретін әлеуетті қайрымдылық көрсетуші ағаларымызға Сіздің Отбасыңызға бақ пен береке тілей отырып,көпке жылу сыйлаған мейірімді Жүрегіңіз бен қайырым қолын созған Аялы алақаныңызға Алланың нұры жаусын деп тілейміз!
Адхамова Дильфуза Юлдашбековна,
Ақбай ауылы,
№28 «Ақбай» жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогі