Home » Білім және тұлға » Адамның ең биік жетістігі адамдық борышты атқару

Адамның ең биік жетістігі адамдық борышты атқару

   Балалар тәрбиесі, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болса да, қай елде, қай ұлтта болмасын үлкен мән берілген. Өйткені бала-біздің болашағымыз.

 Бүгінгі ұрпақ-еліміздің болашағын қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға етіп өсіру-Аққулы ауданының білім бөлімінің тәрбие жұмысының әдіскері Әсем Нұрланқызы Оспанованың ұстанымы.

   Аудандық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, мектептерді облыстық байқауларға қатыстырып, үлкен жетістіктерге жетуде.

Әріптестерінің басын қосып,адам тәрбиелеудегі жауапкершілікті бірлесе көтеріп, жұмыла істеуге, бір бағытта, бір мақсатқа арнап, сапалы әдістемелік көмек көрсетіп, үнемі ізденісте жүретін Әсем Нұрланқызы жас болса да, бас болатын әдіскер екені сөзсіз.

   Жұмыстың алға жылжуы, үлкен жетістіктерге жету үлкен еңбектің жемісі.

Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Жас ұрпақты тәрбиелеуде үлгі болып, алға жетелейтін адамдар көп болса, алар асуымыз биік болары анық. Әсем Нұрланқызы сондай адамдардың бірі.

        Сізді алдағы келе жатқан Ұстаздар мерекесімен бар ұжымның атынан құттықтай отыра, шығармашылық табыс тілейміз.

  

 

Тусупханова Асия Машраповна,
Павлодар облысы, Аққулы ауданы, Мерғалым ауылы

Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебі
Тәрбие жұмысының меңгерушісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.