Home » Жаңалықтар » Адами құндылық – қамқорлық пен мейірімнен

Адами құндылық – қамқорлық пен мейірімнен

Еліміз тәуелсіздік  алғанына да ширек ғасыр өтті. Бүгінде бұл ұғымның алдыңғы ұрпақ маңызы мен бағасына  түсініп, кейінгі  ұрпақ оның  тарихына терең  ден қоя үңіліп, бірге қадам  басып келеді.

Өмірдің барлық саласы үлкен өзгерістер  үстінде.  Тіпті ел экономикасы  мен өндірістегі қарышты қадаммен басу осы шығар. Бұл  әр жылдарда  ел Президентінің  басталуымен жүзеге  асырылып, Жолдауларында  қорытындысы мен мақсат — міндеттері тұжырымдалып  отыратын бағыт бағдардың  айқын болғанынан  туындап жатқан игілікті істер  екені сөзсіз. Сол істердің  қасында оны жүзеге асырып  жатқан  халық — адам.

Адам барлық байлықтың басы, таптырмайтын капитал.

Адами капиталдың өндіріске, қоғам дамуына үлес қосатын тұлға ретінде қалыптастыру, барлық адами құндылықтарды бойына сіңіре тәрбиелеу бірінші кезекте ата – ана борышы болса, екінші кезекте мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілерінің жұмыстарымен байланыста болатыны белгілі. Білім мен тәрбиені ұштастыруда бүгін де педагогтермен бірге мектептер де еңгізілуі және олардың жауапкершілігі  артып отырады.

Бұл бағытта  біздің мектепте де  Республикалық «Қамқорлық» акциясы  бойынша, жылдағы дәстүрін ойдағыдай өткізуде.

Акция мақсаты — көпбалалы отбасы, әлеуметтік жағдайлары төмен, жетім балаларға материалдық көмек көрсету.

Әлеуметтік оқушылардың отбасылық жағдайын зерттеу мен соған байланысты, біршама істер жолға қойылған.

Осы бағытта, мектеп басшысы З.К. Кашкенбайқызының, мектеп әкімшілігінің тәрбие –оқу ісінің меңгерушісі Жарқынбаева А. С., әлеуметтік педагог Көнекбаева Ә. Н.  ұйымдастырылуымен,  отбасылық жағдайы төмен, психологиялық — педагогикалық  қолдау қажеттілігі  бар оқушыларды есепке алынып, жыл бойы олардың әр түрлі іс – шараларға қатысуы мен сабақтаға оқу деңгейін бақылауға алып отырады. Атап айтсақ,  Ермоленко Э., Голубенко А., Бережная В., Косокина В., Шибаевтар отбасына барынша көмек көрсетілуде.

«Адамды тұрмыс билейді» демекші «Қамқорлық» кеңесінің ата – аналармен тығыз байланыста өз оқушыларына материалдық қолдау танытуы адамгершілік пен ізгілік бастауы деп есептеймін. Ендеше, қалыпты уақыт  пен жағдайдың өзінде ешкімнің, нұсқауынсыз ақ, бір – бірімізге қамқорлық таныта жүрейік. Себебі, мейірімділік шуағын сезініп өскен ұрпақ ешқашан жаманшылыққа аяқ баспайды деп сенемін.

 

Кундакбаева Жадыра Әлемханқызы,
Алматы қаласы,Түрксіб ауданының
№ 44 мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.