Home » Мақалалар » «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы — ізденісте

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы — ізденісте

 

Мектебімізде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының қызметі ұйымдастырылып, жоспар құрылды. Үнемі жаңартылып отыратын «Парасатты азамат» бұрышы жұмыс жасайды. Мектеп тәлімгері А.К.Жусупбаева, мектеп омбудсмені – Балғабай Оразалы және бөлімбасыларының ұйымдастыруымен мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.

1-11сыныптардың сынып сағаттарының тақырыптық жоспарларына адамгершілік және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері қарастырылды. «Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуда мектеп пен отбасы серіктестер» тақырыбында ата – аналар жиналысы өткізілді. 9-11 сынып оқушыларымен «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикум болып өтті.

«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының ұйымдастыруымен «Қазақстан – құқықтық мемлекет» айлығы қарсаныңда бастауыш сынып оқушылар арасында сюжеттік – рөлдік ойыны өтті. Әр сынып өз басшыларын сайлап, өнерлерін ортаға салды.Құқықтық мемлекет дегеніміз – Заңның жоғарылығы, барлық азаматтардың заң алдыңда теңдігі, биліктің бөлінуі, соттардың тәуелсіздігі ұстанымдарына негізделген құқық жүйесі қалыптасқан мемлекет. Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгілеріне қарап алаламауы керек. Заң алдында адамдардың бәрі тең. Бұл биліктің рәмізі секілді, қоғам мүшелерінің  адамгершілігінің асқақтығының айғағы болатын, қоғамның рухани жетілгендігін, оның шын мәніндегі өркениеттілігін көрсететін, бүкіл адамзат қабылдаған құқықтық саналықтың өлшемі.    Өркениетті елдердің конституциялары азаматтарды түрлі әлеуметтік белгілеріне қатысты алалауға, кемсітуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы ұстанымды басшылыққа алған. Жоғары сынып оқушыларымен «Біздің таңдауымыз – заңды мемлекет» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызғадеген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті тұлғаны қалыптастыру. Азаматтың міндеті — заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз — өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

    

 

Жусупбаева Айнагүл Калымбекқызы,

Ш.Айманов атындағы ЖОББ мектеп-интернатының тәлімгері,

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.