«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру іс-шаралар жоспары бойынша 13-ші қадамның 9 — тармағын іске асыру мақсатында 2016 жылы Қазақстан Республиканың жалпы білім беру мектептерінде азаматтық-патриоттық тәрбие және рухани-адамгершілік мән-мәтінінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасы енгізілді.
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасының 2016-2017 оқу жылындағы апробациясы «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының одан әрі дамуының жоғары әлеуетін көрсетеді.
2017-2018 оқу жылының басынан білім беру ұйымдарында мектеп ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасының іске асырылуы бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының рөлі орасан зор.
«Балдәурен-Қапшағай» РОСО -да 2019 жылғы 2 ауысым «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының слеті ұйымдастырылуда. Балаларға жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді жолдарын игерту, клуб мүшелігіндегі белсенді балаларды анықтау және қолдау, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау мақсатындағы тұлғалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында өтіп жатқан слет бағдарламасы кең ауқымда жоспарланған.
Балдәурендіктер арасында «Адал ұрпақ» патриоттық клуб мүшелерінің отырысы, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, пікірталас практикумдары және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу» тақырыбында іскерлік ойындар, оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» атты сурет конкурстары оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру бағытында өткізілуде.
Слет барысында ерікті клубтардың белсенділері арасындағы жарыстар мен байқаулар жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен марапатталды.
Алгуатова Жанар Куатовна
«Балдәурен-Қапшағай» РОСО әдіскері