Home » Жаңалықтар » «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубына қабылдау салтанаты

«Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубына қабылдау салтанаты

Жетісу ауданының «№102 ЖББМ» КММ   «Ел жүрегі Астана!» атты соңғы қоңырау мерекесінде мектептің 7-8 сынып оқушыларын «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубына қабылдау салтанаты өтті.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылар жиналған қауым алдында ант берді:

 «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының анты:

«Адал Ұрпақ» еріктілер қатарына қабылдана отырып:
Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Өз отанымды, тілімді қастерлеуге;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге құштар болуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Абройлы, адал, әділетті болуға;
Өз бойымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстануға және оны өз достарымнан талап етуге, мәңгілік ел идеясын жүзеге асыруға. Отаныма шексіз қызмет  етуге өз үлесімді қосуға  салтанатты түрде ант етемін.
Оқушылар Елбасының «100 нақты қадам»-Ұлт жоспарының 13-қадамының жемқорлыққа қарсы күресті күшейту міндеттерін іске асырудағы өз үлестерінің ерекше орын алатынын және оларға жүктелген сенімді ақтайтындарын айтып ант етті.

Ауэлбекова Гавхар Умурбековна,
«№102 ЖББМ» КММ ДТІЖО.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.