Home » Жаңалықтар » Адалдық  дүкені

Адалдық  дүкені

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес жобаларының бірі — «Ертіс-адалдық алаңы» жобасы аясында мектебімізде «Адалдық дүкені» ашылды. Жобаның басты мақсаты — қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру.

«Адалдық  дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар  өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады.  Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетті.

Мұндай жобаны жүзеге асыру оқушылардың тәрбиесі мен адалдығын арттыруға бағытталып отыр. Осылайша, бұл мекен оқушылардың  әлеуметтік жауапкершілігін шыңдайтын орынға айналмақ. Сондай-ақ, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті» қалыптастыруға әсер ететін нысан болып табылады.

Мұндай дүкендерді ашу оқушылардың  жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталып отыр.

Бұл  шараға қатысқан оқушылар  мұндай дүкеннің ашылуына таңданса да, оқушыларға білдірілген сенім үшін ұйымдастырушыларға, кәсіпкерлерге өз ризашылықтарын білдірді.

Айта кету керек, алдағы уақытта «Адалдық дүкені» өз жұмысының жалғасын табады.

 

Самал Сеилханова,
 Железин №3 ЖББ орта мектебінің
ДТІЖ орынбасары
Павлодар облысы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.