Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Агыбаева Айгерим Шаймуратовна

Агыбаева Айгерим Шаймуратовна

 

Физика пәнін үштілде беру маңызы

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.Бүгінгінарық заманы бізден бәсекеге қабілетті болуымызды, дамыған отыз елдің қатарынан көрінуіміз үшін білімді де озық ойлы азаматтарды тәрбиелеуімізді талап етеді.
Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын.
Мектепте физика пәнін оқыту барысында орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін бірлікте алу мұғалімнің шеберлігіне байланысты жүргізіліп жүр. Бұл жерде өтіліп отырған «Физиканы үш тілде таниық» таңдау курсы стандарттық бағдарламаға сай құрастырылып,үш пәнді бірлікте ала отырып, пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.
«Физиканы үш тілде таниық» таңдау курсында «Жылу құбылыстары», «Электр құбылыстары»,«Электрмагниттік құбылыстар», «Жарық құбылыстары» тараулары қарастырылған.
Курстың мақсаты: Физиканы оқытудың мақсаты міндетті нәтижелерге жету ғана емес, сонымен қоса, оқушылардың физикаға деген қызығушылықтарын, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Физикалық терминдер мен ұғымдарды қазақша, орысша, ағылшынша үйретіп, практикада дұрыс қолдана білуге үйрету.Міндеттері: физикалық терминдерді үш тілде үйрету, қазақ, ағылшын, орыс тілінде оқушыларды есептер шығаруға және оның шешімінің дұрыстығын тексеруге, оның жазылу сапасын бағалауға үйрету.
Осыған байданысты күнделікті сабақта:
— Мультимедия (видео, аудио қондырғыларды, электрондық оқулықтарды);компьютер (компьютерлік бағдармалар, интерективті тақта);анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, деректер қоры);интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтижебереді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Егерде практика жүзінде бір тақырыптың сабақ жоспарына келетін болсақ, мысалы 8 сынып үшін «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы». Бұл тақырыпты өту барысында қолданылатын әдіс – тәсілдерді айтып кетейін.Тақырыпты өтпес бұрын үй тапсырмасын тексеру үшін «True or False» әдісін қолданылады.Сұрақтар үш тілде беріледі.
Дұрыс немесе дұрыс емес/ True or False
1.Ток күші І әрпімен белгіленеді; 2. Формула сила ток І =q/t;3. Current қазақ тілінде ток күші
Жаңа сабақты түсіндіріп анықтаманы үш тілде беремін.Негізгітерминдерді өткеннен кейін ағылшын тілінде есептер шығарамыз.1.A 22 ῼ resistor has a voltage of 3,5V. What is the current in the resistor? Give your answer in mA.
Физика сабағын үштілде беру кезінде осындай әдіс-тәсілдерді қолданамын.
Үштілде білім берудің жағымды жақтары:оқушылар сөздік қорын кеңейтеді;жергілікті мұғалімдердің ағылшын тілі білімін дамытады;оқушылардың дербестігін нығайтады;сабақта мәдениетке назар аударылады;бір тілден екінші тілге ауысу мүмкіндігі;
Бүгінде осы үштілділікті қолдау, қолдану мақсатында біз, мұғалімдер өз үлесіміздіқосуға, оқушыларға аталған жаңа талаптарға сай білім беруге бір кісідей ат салысамыз.
Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қарапайым тілмен айтқанда, қазақ тілді дамыту керек, орыс тілін қолданамыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Агыбаева Айгерим Шаймуратовна,
Екібастұз қаласы,
Абай Құнанбаев атындағы №2
жалпы орта білім беретін мектебінің
физика пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.