Home » Мақалалар » Абылай хан әулеті

Абылай хан әулеті

Абылай хан – 18 ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Тарихи тұлғаларды бір-бірімен теңдестіре салыстыруға болмайды. Абылайдың алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. 1991 жылдың 16 желтоқсаныңда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның Тәуелсіздігі жөнінде заң қабылданды. Ал шынайы тәуелсіздікке жету үшін атқарылатын іс ұлан – ғайыр .

Соның бірі – жас ұрпақтарды ана тілінде оқытып, оларға қазақ халқының төл тарихын, өнерін, әдебиетін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін жан – жақты насихаттау. Осы тұрғыдан қарағанда шынайы патриотизм тәрбиелеуде,  ұлтты ізгілікке, өркениетке шақыруда Абылай бабамыздың алатын орны ерекше.

Шоқан Уәлиханов «дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың тапқырлығы мен табандылығы, ақылдылығы мен алғырлығы танытуда жағдай жасады»  деп  бағалады.

Атақты тарихшы А.Левшин «Ақылды әрі амал тапқыш Абылай сұлтан жоңғар билеп-төстеушілерінің алауыздығын құр жібермей пайдалана білді және олардың өзара қырқыса түсуіне әр кезде ықпал етті.»  Ғұлама тарихшы  В.В. Бартольд еңбегінде «самым могущественным из ханов ХҮІІІ  веке был хан Средней орды Аблая (1771-1781)» деп түйіндейді.

Зерттеу тақырыбымды Абылай хан туралы алу себебім Абылай өте алып та, тұңғиықтай терең тұлға.  Көреген қайраткер,  ұлттық мүддені қорғаушы данышпан, саясаткер, дипломат, ұлт – азаттық көтерілісінің көсемі,  болашақты болжап, өз халқын егемендікке жеткізген тарихи қаhарман. Абылай феномен. Ұзақ зерттеулер нәтижесінде Шоқан былай деп көрсетеді «Как бы ни была в 1739 году мы находим его самым сильным из владельцев средней орды, и русские правительство по приемуществу сносится с Аблаем…»

Бұқар мен Үмбетай жырлары ХҮІІІ ғасырда   қиын-қыстау кезіндегі Абылайға қатысты деректердің негізі болып, Шоқаннан бастап, бүгінге дейін кәдемізге жарап келеді. Бірақ жырларды әр зерттеуші өзінше бұрып, Абылай тарихын аңызға айналдыруға үлесін қосқанын мойындауымыз қажет. Р.Сүлейменов,В.Моисеев, М.Қозыбаев,К.Абуев жазуларында Абылайды 13-15 жаста атқа мінгізеді, ал К.Абуев тіпті Аңырақай шайқасында жоңғар Шарышты жекпе-жекте өлтіртеді. М.Тынышбаев өзінің «Қазақ халқының тарихы» деген еңбегінде 1727 жылы Абылай 16 жаста болып, Төле бидің түйесін бағып жүргенді деген қорытындыға келеді. Мұрағат деректері бойынша Абылай сұлтан Шарышты 1741 жылдың  көктемінде өлтірген. Осы деректі И.Ерофеева да растады. Абылайдың өз аты Әбілмәнсүр еді. Жауға Абылайлап ұран шақырғаннан «Абылай» атанып кетіпті. Демек, естіп отырғанымыз бос аңыз емес, тарихи шыңдық.

Ендігі күрделі, бүгінге дейін талас-тартыс тудырып жүрген мәселе – Абылай ханның қайтыс болған жылы. Мұрағат деректері ханның 69 жасында дүниеден өткендігін айғақтағанымен, зерттеушілер тегі бір шешімге келе алмай қойды. Ханның қайтқан уақытын орыс зерттеушісі, заманында Орынбор губерниясы құжаттарымен танысқан А.Левшин, Абылай хан немересі Ш.Уәлиханов, ғалымдар Б.Сулейменов, В.Басин, Ж.Қасымбаев  1781 жылдың көктемінде деп анықтаса,Р.Сулейменов, В.Моисеев, И.Ерофеева 1780 жылды ұсынады.Соңғы кезде жарық көрген академиялық «Қазақстан тарихының «3томында Абылай ханның 1781 жылы қайтыс болғанында тоқталды.

Сонымен Абылай бабамыздың арғыдан бергі тарихына тоқталып, өмір дерегін баяндасам. «Бұл есімді атағанда исі қазақ атаулының жадына «бостандық», «егеменді ел», «қазақ елі», «қазақ халқы», «туған жер», «отан», ел бірлігі, ынтымағы сияқты қасиетті ұғымдар оралады. Айқынды, аруақты Абылай бабамыздың есімі, рухы осы бір деп ұғымдардың синонимі деп ешкім айта алмас. Өйткені Абылай ханның – ғажайып батырдың,  ұлы қолбасшының,  жоғары дәрежедегі мемлекет қайраткерінің,  көреген дипломаттың өмірі бір ғасырға жуық қазақ халқының тағдырымен, оның ата тарихымен сабақтас.

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» халық басына түскен қаралы күнді Абылай 12 жасында өз көзімен көрді. Қазақ елі құмалақша шашырап, бірнеше хандықтарға бөлінді, 110 мың түтінді (жарты миллионға жуық) Орта жүздің ханы Сәмеке Әбілхайырдың кебін киді. Ол да Ресейге бодан болды. Ол өлгеннен кейін таққа оның баласы Әбілмәмбет отырды. Міне, осы тұста тарихи сахнаға Абылай хан шықты. Сол бір ер жауапкершілігі батпандай тартқан заманда «13-те ұл ұлан,15-те қыз ұлан» болып жетілді. «Қазақ халқының қалыптасқаннан кейін ұлы хандардың есімдерін бір сәт көз алдымыздан өткізейікші: Абылай ханның ата тегі кім? Керей мен Әз-Жәнібек (1456-1480), Бұрындық (1480-1511), Қасым (1512-1518)», Мамаш (1518-1523), Таhир (1523-1533), Бұйдаш (1533-1534), Қожа Махмұд (1534-1535), Тоғым (1535-1537), Хақназар (1537-1580), Шығай (1580-1582), Тәуекел (1582-1598), Есім (1598-1613), Тұрсын(1613-1627), тағы да Есім (1627-1628), Жәңгір (1629-1652),Әз- Тәуке (1652-1718), Батыр(1718-1726), Болат (1726-1730), Әбілмәмбет (1730-1771).

«Халық арасында «Абылайдың түсі» деген аңыз сақталған. Ұлы хан түсінде арыстанды қуады,ол жолбарысқа айналады, жолбарыс қасқырға, қасқыр түлкіге, түлкі құрт –құмырсқа, бақа шаянға айналып кетеді. Абылай ханынан тараған игі жақсылар болған, әлі де бола бермек.

Солардың бірі кеше ғана болып өткен Ермұқан Бекмаханұлы Бекмахан (1855-1956). Ол Уәли ханның Тәуке деген баласының ұрпағы, Тәукеден Жанбөбек, одан Бөген, одан Бекмахан, Абылайға 5 атадан барып қосылады.»

Егер бүгінгі Абылай ұрпағына шолу жасасаң, көбі ғылым мен өнерге, ұстаздыққа ден бұрған сияқты. Бірнеше ғылым докторы, әр салада істейтін көптеген Ғылым кандидаттары бар деуге болады.

Ауылшаруашылық ғылымының докторы Шотаев Аман Абылайдың ұлы Әділдің ұрпағы. Әділдің  Төлен, одан Сәтемір, одан Шота, одан Ильяс, одан Нұғыман одан біз сөз етіп отырған Аман.»Аман Шотаев 1943 жылы туылған. Жануарлар гинетикасы, селекциясы және морфология саласындағы белгілі ғалым. Ол қазақтың мол етті, жүнді қойының авторы. Аманның ағасы Шернияз Нұғыманов 1941 жылы туылған»Әділет» атты ірі шаруашылықты басқарды. Інісі А.Нұғыманов белгілі хирург.

Абылайдың ұлы Сығай, одан Байқара, одан Бексұлтан, одан Иманғали, ал Иманғалидің ұлы Әнуарбек – бұл күнде сексенді алқымдап қалған ақсақал.

Ыдырас Уәлиханов (1894-1960 жылғы) Троицк қаласында медресе Расулияны бітірген, елу жылдан артық ұстаздық құрған,одан Есмағанбет Исмаилов сияқты ғалым, Жұмағали Сайын атты ақын тәрбиелеген.

Ахметқазы Шотаев (1909-1992 жылғы) Абылайдың Шеген атты ұлының ұрпағы. Қазақстанға еңбегін сіңірген педагог. Академиктер Манаш Қозыбаев пен Өмірзақ Сұлтанғазиннің ұстазы. Немересі Әділ Мұратұлы Шотаев Санк-Петербургтің көркем сурет академиясын орыстың ұлы мүсіншісі М.К.Аникушин класы бойынша бітірді.

Құжат Нұрымұлы Уәлиханов (1916-1989 жылғы) саяси қуғынға ұшырап он жылын айдауда өткізді, қайтқаннан соң КазГу-дың «механика және математика» факультетін үздік бітіріп, мұғалім болып істеді. Ұлы Асхат Уәлиханов – талантты архитектор.

Жансұлтан Уәлиханов (1902-1950 жылғы) Мәскеудің Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтын 1927 жылы бітірген. Қызы Гүлжанат Уәлиханова биология ғылымының кандидаты, доцент. Жазған оқулықтары үшін халықаралық «Сорос» қорынан бәйгесін жеңіп алған.

Едіге Жансұлтанұлы – тарих ғылымының кандидаты.

Академик- жазушы Сәбит Мұқановтың өзінің «Аққан жұлдыз» романында  «Абылай өлген соң оның еркек кіндікті ұрпақтарын қазақтың түрлі рулары өздеріне хан көтеру  үшін сауға салып, сұрап әкеткен», деп  жазуында үлкен шыңдық жатыр.  Иә, патша үкіметі қазаққа бодандық ноқтасын мықтап кигізу үшін ең алдымен оның мемлекеттігінің негізі – ханды жүйені жойғанымен, қазақ руларының ішінде күні кешегі дербес өмірді аңсаған көңіл ауаның ұзаққа дейін басылмауы — заңдылық. Бір орталыққа бағынбайтын бірнеше әкімшілік бөліктерге бөлініп тастағаннан кейін де  Бұрынғы Абылай заманындағы даңқты кезеңді аңсап, тәуелсіздіктті жоқтаған әр елдің батыр, билері ұлы ханның асыл ұрпағынан өздеріне басшы сайлап, қайтадан бас біріктіруді ойлаған.

«Бүгінде ел аузынан Биназар тоғаны атпен қалған Шу өзенінің бойындағы тартылған канал кезінде Жәнібек төренің басшылығымен қолға алынып, сол елдің суармалы егіншілік мәселесін шешу үшін салынған.  Жәнібек сұлтан халықтың Қоқан езгісіне қарсы бірнеше мәрте бас көтерген толқуларының жа бел ортасында болған.

Абылай ақыл-парасатына, қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, міңезі маңғаз , жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне, екі ғасырдан астам атақ-даңқы аңыз – әңгімелер арқылы –ақ ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болған.

«Абылайды Орда басында хан көтерген ғой. «Абылайдың ақ үйі» Қызылжарда тігілген. Демек, Қызылжардың іргесін Абылай қалаған. Сол жерде Абылай  Пугачевпен хат алысып тұрған, яғни, қала тарихы  даңқты бабамыздың есімімен тығыз байланысты  мұны ескермесе бола ма? Кезінде кемеңгер Абай Көкбай ақынға арнайы тапсырма беріп, Абылай туралы тым тәуір дастан жазғызған . спл дәстүрлі  енді жалғастырса да кеш болмайды.»

Кенесары бастаған көп жылға созылған тәуелсіздік үшін күрестің маңызы бағаланып, болащақ ұрпақтар дәріс алды. «Ол күндер ұмыт қалуы тиіс. Олардың ішінде Саржан Қасымұлы басқарған қозғалыстан басқа Абылай хан ұрпақтырынан 23 сұлтан жазаға тартылған,олардың ішінде кішкентай балалар да болған.  Қасымнан басқасының жерленген жерлері белгісіз. «Қарахан мавзолейінің шығыс жағында жасырылып келген қорым бар.  Олар бір кезде тегістелген, қазір жүрек сыздатарлық бейне де , әсіресе халық тарихына немқұрайлы қарай  алмайтындар үшін адам аярлық жағдайда. Абылай ұрпақтары осы жерде жерленген. Қарахан мавзолейінің маңайын абаттандыру кезінде кейбіреуі тас жолдың астында қалған.

Қазақ халқының  қаhарман ұлы Саржан Қасымұлының ерлігін бағалап, қорымды көркемдеп, осы аумақты қазақ халқының ерлік даңқы мұражайына кіргізу керек.

Шапан иесі Хамза Сәтжановтың айтуынша,бұл шапан хан қайтыс болғаннан кейін оның үлкен ұлы Уәлиге мұра болып қалған. Кейін оны Уәлидің бәйбішесі Айғаным ақыл кеңесіне көз тірісінде атақты ханның өзі құлақ асқан шешен Байдалы биге сыйлаған көрінеді.  Ұрпақтан  — ұрпаққа мұра болып, сақталып келген шапан осылайша бүгінгі күнге де аман жетті . Осы шапан тарихи мұра ретінде макеті жасалып, көпшілікке көрсетілсе, Абылай ұстаған ақ тумен бірге мұражайға қойылса деп ұсыныс жасаймын.

Ел иесіз, жер киесіз болған емес. Менің ұсынысым, әрі ашқан жаңалығым қорытынды ойым төмендегідей.

Біріншіден, Абылайдың дара тұлғасы, қолбасшылық талантымен саяси көрегендігін, қазақ халқының  жоңғар шапқыншылығы мен Ресей, Қытай империяларының қөз алартуына қарсы күресіне байланысты қалыптасқан күрделі тарихи кезеңде көзге түсті. Абылай және оның ұрпақтары сол қазақ халқының тағдыр-талайы қыл үстінде, қылыш жүзінде тұрғанда ел бірлігің ұйымдастырып, үш жүздің басын қосып, анталаған жауға тойтарыс берді. Сол арқылы қазақтың келешегіне жол салды. Абылайдың аты көзі тірісінде аңызға айналып, қазақ үшін қасиетті Алаш сияқты жауынгерлік ұранға айналды. Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналатын баса айтқым келеді .

Екіншіден, зерттеу кезінде түрлі әдебиеттерде айтылатын Абылай ханның дене бітімі, түр-тұлғасы туралы нақты ерекшеліктермен қабірден алынған мәйітті салыстырды.  Антропология ғылымына тән хронологиялық, остеологиялық зерттеулер  мен реконструкциялық жақтан нақты портретін қалпына келтірулер арқылы қабірден алынған қаңқа тереңнен сараланады.

Үшіншіден, менің ойымша Абылай ханның қазіргі айтылып жүргендей, жетпісте емес, алпыс  тоғыз  жасында өмірден өткен туралы ғалымдар даулы мәселе көтереді, бұл мәселенің шешімі бар. Абылай ханның сүйегіне антропологиялық және ротологоанатомиялық зерттеу қорытындысында мүрденің жасының анықталуы , қайтыс болған ер адамның жасының 70 жаста болғандығына еш күмән туғызбайтындығы анықталған.

Төртіншіден, қазақ хандығында билердің басын қосып халық жиналысы арқылы Абылай ханның ел басқаруы, демократия қазақ жерінде болған деп айтуға әбден болады.  Олай болса Грекияда ғана  демократия болмаған.  Қазақ хандығының ел басқару жүйесі демокраияның анық мысалы дер едім.

Бесіншіден, менің ұсынысым  Астана  қаласында  Абылай бабамызға, ұрпақтарына үлкен ескерткіш орнату керек деп ойлаймын.

Қазақтың ұлы тұлғасы, ұлы ханы Абылайдың өмірден озғанына екі ғасырдан астам уақыт болды. Абылай ұрпақтарының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге . Қазақтың  жүрек жұтқан перзенттерінің бірнеше ұрпағы ұлт-азаттық қозғалыстарының жетекшілеріне үлгі болды. Олар қазақ халқының тарих сахнасынан жойылып кетпеуі үшін қолдарынан келгендерінін бәрің жасады. Менің ойымша, Қазақстан бүгінгі таңдағы мемлекеттік тәуелсіздігі мен ұлттық егемендігіне солардың өнегелі өмірімен , жан қиярлық жасампаз еңбегі  арқасында қол жеткізді.

 

 

Әдебиеттер

1.Балтабек Умирьяев « Ол күндер ұмыт болмауы тиіс». Жамбыл – Тараз газеті шілде 2005ж:
2.Әнуарбек Әуелбек тегі «Абылай ханның түсі»: «Қазақ әдебиеті» газеті, қаңтар
3.Мәжпүр Жүсіп Көпейұлы «Абылай хан». «Егемен Қазақстан» газеті, 11 қаңтар
4.Әбдез Айнақұлов «Абылай хан ұрпақтарының Хан тауындағы тармағы». «Ақжол» газеті, 2003 ж. 3 бет
5.Шот – Аманов  Ыдырысұлы Уәлихан «Абылай ханның ата тегі кім?».  «Егемен Қазақстан»газеті, желтоқсан 1991 ж. 7 бет
6.Валиханов Ч.Ч. Соб.Соч в 5 томах,т.4.с.113
7.Бартольд В.В.«Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов». 1968.с.т 224.

 

 

 

                             Баймағамбетова Дина,

10 А сынып оқушысы

                Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектеп

                                   Жетекшісі:тарих пәні мұғалімі: Өміржан Б.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.