Home » Ашық сабақтар » Абишева Замира Мырзахметовна

Абишева Замира Мырзахметовна

Абишева Замира Мырзахметовна,
Шымкент қаласы, №31 «Салтанат» балабақшасының
тәрбиешісі
Тобы: Балапан
Білім саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Менің отбасым»
Мақсаты: Балаларға отбасы және отбасы мүшелері туралы
түсінік беру. Өзінің отбасы туралы әңгіме құрастыруға
өз отбасы жайлы әңгімелеу барысында сөздік қорларын
дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Сөйлем құрап айтуға,
дыбыстарды анық, таза жеткізе білуге дағдыландыру.
Отбасында үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор болу сияқты
әдептілік қағидаларын сақтай білуге тәрбиелеу.
«Кім жоқ» ойыны арқылы отбасы мүшелерінің атауын
білуге үйрету.
Алдын ала
жүргізілетін
жұмыстар: Балалармен отбасы туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын.
Қажетті көрнекіліктер: Отбасы мүшелерінің суреттері, лэпбук, шаңырақ,
слайдтар, сыйлық жасырылған қорапша сыйлықтар, хат, «Әрқашан күн сөнбесін», жәй әуендер.
Мотивациялық
қозғаушылық: Сәлемдесу: Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Сәлемдейік үлкенге.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Шаттық шеңбері:
«Қайырлы күн» деп айтамыз, (қолдарымызды жоғары көтереміз)
Түсте бірге қайтамыз. (қолдарымыздан ұстап, жүрген қимыл жасаймыз)
Отбасының гүліміз, (бір-бірімізге қараймыз)
Көңілді өтер күніміз. (шаңырақ жасаймыз)
Тәрбиеші: Балалар, бұл шеңбер неге ұқсайды?
Балалар: Шаңыраққа.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Шаңырақ — бұл біздің отбасымыз, біздің
бірлігіміздің нышаны. Біз бүгін «Менің отбасым»
тақырыбында әңгімелесетін боламыз.
Ендеше, орнымызға жайғасайық балалар.
Балалар, жаңа сабақты бастамас бұрын жыл мезгілін атап өтейік.
-Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі.
— Күз мезгілінде неше ай бар? Үш ай бар.
— Ай атауларын атап беріңдерші? Қыркүйек, Қазан, Қараша.
— Қазір қандай ай? Қараша.
Дұрыс айтасыңдар!
(Есік қағылғандай дауыс шығады)
Тәрбиеші: Балалар, біреу есік қағып тұр ғой. Қарап келейін.
-Мәссаған, балалар бізге біреу қорап тастап кетіпті,
ашып қарайықшы.
Мына қорапта хат жазылыпты. Оқып көрейік.
Хатта: «Құрметті балалар, мен сиқыршы, сендерге сиқырлы қорап жібердім»
Сиқырлы қорапта сиқырлы кітапша бар. Сол сиқырлы кітапшада
жұмбақтар бар. Сол жұмбақтың жауабына сай тақпақ айтсаңдар,
сабаққа белсене қатыссаңдар, сиқырлы қораптан сиқырлы
сыйлықтар пайда болады» -деп жазылыпты.
Олай болса, сиқырлы кітаптағы жұмбақтарды шешеміз бе? Ия.
1ші -жұмбақ: Мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін
еркелетіп, үнемі қасына тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды
кісіні кім дейміз? (Ата). Ия жауабын дұрыс таптыңдар, ал мына
сурет кімнің суреті,-деп жекесуретті іліп балалардан сұрау.
Ал,олай болса ата туралы тақпақты кім айтып береді?
Айзере. Айтады ертек жан атам,
Ақ сақалды салалап.
Құмарымды тарқатам,
Жер мен көкті аралап.
2ші — жұмбақ: Ол өте мейірімді, ақ шашты, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды,
ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді.
Ол кім? (Әже). Жарайсыңдар шешуін дұрыс таптыңдар,мына суретте кім? олай болса, әже туралы тақпақты кім айтады?
Рауан: Әжем-Ақыл бесігі.
Мейіріммен тербеткен.
Менде ақылды боламын,
Аман-есен ер жетсем.
3ші-жұмбақ: Өзі салмақты, байсалды, отбасын қорғаушы, асыраушы,сендерді циркке апарады. Ол кім? (Әке.)
Шешуін дұрыс таптыңдар, жеке суретін іліп бұл кім,- деп сұрау, ал енді әке туралы тақпақты кім айтып береді?
Ясмин: Атам айтар «Қызым» деп,
Әжем айтар «Күнім» деп.
Екеуінен қаймығып,
Айтады әкем «Қарындасым» деп.
4-ші жұмбақ: Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? Ол (Ана).
Жеке суретін іліп,сұрау. Мына суреттегі кім? Ана.
Балалар сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Ия.
Менде анамды өте жақсы көремін, олай болса орнымыздан тұрып, бәріміз бірге анамызға арнап, өлең шумақтарын айтамыз.
Хормен:Анамызға мың алғыс!
Аялаған баптаған,
Ерлік еткен біз үшін,
Асыраған сақтаған.
Еңбек еткен біз үшін.
Сақтандырып күнде еппен,
Еркелеткен біздерді,
Айтып бәрін үйреткен,
Еркіндеткен біздерді,
Анамызға мың алғыс!
Анамызға мың алғыс!
Тәрбиеші: Ал, тағы кім аға, әпке, сіңлі, қарындас, іні туралы өлең шумағын біледі екен?
Бексұлтан: Ұлдардың үлкені- Айсезім: Ұлдардың кішісі-
Бір туған ағам бар. Бір туған інім бар,
Қыздардың үлкені-Қыздардың кішісі-
Бір туған әпкем бар. Бір туған қарындас
Әпкеме-сіңлі бар.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Сендер аздап шаршаған боларсыңдар,
бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті: Апам үшін күнде мен,
Отын-ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Сыпырамын үй ішін,
Жуам аяқ-табақты.
Жұбатамын ойнатып,
Жылай қалса бөпемді. (Қимылмен көрсетемін).
Жеке балалармен жұмыс: Отбасы суреттері бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге үйге тапсырма берген болатынмын, отбасы
мүшелерінен құралған бүктеме және отбасы ағашы.
Қане кім өз отбасы жайлы әңгімелеп береді?
Айсезім: Бүктеме бойынша өз отбасын әңгімелейді. Мынау менің атам……..
Лайло: Отбасы ағашы бойынша өз отбасы жайлы әңгімелейді.

Айша: Отбасы ағашы бойынша өз отбасы жайлы әңгімелейді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, енді бір ойын ойнайық.
Дидактикалық
ойын: «Кім жоқ?»
Ойын шарты: Отбасы мүшелерінің макеттерін үстел үстіне қойып,
біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады.
Ойын бірнеше рет жалғасады.

Тәрбиеші: Біз отбасымыз туралы жұмбақтарды шештік, сергіту сәтін
жасадық, отбасы туралы әңгімеледік. Мен өз отбасыма амандық,
саулық, денсаулық, молшылық тілеймін. Ал сендер өз
отбасыларыңа тілек тілегілерің келе ме? Ия.
Олай болса, мына тілек жазылған гүлді құрастырыңдар.

Жарайсыңдар балалар, гүл өте керемет шықты.
-Балалар, біз отбасыларымызды жақсы көріп, олардың әрқайсысын
құрметтеуіміз керек. Өйткені отбасы әрқашан қымбатты.
Енді барлығымыз бірге шаңырақ астында тұрып,

«Әрқашан күн сөнбесін әнін айтайық.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
1. Күн әлемі, көк әлемі, 2. Солнечный круг, небо во круг,

Бұл суреті жас баланың. Это-рисунок мальчишки.
Ақ қағазға салған өзі, На рисовал он на листке,
Жазылған бар сөзі: И подписал на уголке:
Қ-сы: Пр-в:
Әрқашан күн сөнбесін, Пусть всегда будет солнцо,
Аспаннан бұлт төнбесін. Пусть всегда будет небо.
Қасымда болсын мамам, Пусть всегда будет мама,
Болайын мен де аман. Пусть всегда буду я.
Қорытынды: Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық?
Отбасы мүшелерімен.
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен?
— Ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас жатады.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне өте жақсы,
белсене қатыстыңдар. Сондықтан сиқырлы қораптан сиқырлы
сыйлықтар шығып жатыр, сол сыйлықты сендерге табыс етемін.
Бүгінгі келген қонақтарымыздың да отбасы аман болсын деп,
мына сыйлықтарды (гүлдерді) таратып берейік.
Келген қонақтармен қоштасады: Сау болыңыздар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.