Home » Сценарийлер » Абишева Ж. И.«Наурыз» мерекесіне арналған кешке сценарий

Абишева Ж. И.«Наурыз» мерекесіне арналған кешке сценарий

«Наурыз» мерекесіне арналған кешке
сценарий

1. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Ел болып асыға күткен Наурыз мерекеміз де келіп жетті Тойымыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ақ мол болсын! Жеріміз аман болсын! Наурыз тойымыз құтты болсын!
2. Ведущий: Сегодня замечательный день-праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз-праздник весеннего равноденствия. В этот день, 22 марта начинается Новый год по восточному стилю-это самый светлый и почитаемый народом праздник, который встречают не елкой нарядной, а песнями народными, это праздник тепла, света, солнца и надежды на богатый уражай. В день Наурыза представители многих народов одеваются в свои национальные костюмы и выходят на народные гулянья. В этот великий день люди должны прощать друг другу все обиды, стремиться к дружбе. Поздравляю вас всех с Наурызом.
1. Жүргізуші: Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша жаңа күн деген ұғымды білдіреді, яғни жаңа жылдың алғашқы күні, жыл басы. Күн мен түн теңелер сәт наурыз айының
жиырма екінші жұлдызына сәйкес келеді.
Ендеше салт-дәстүр бойынша тойымызды ақ жаулықты әжеміздің шашуымен бастайық.( Әже ортаға шығады. Мерекелік музыка ойналады).
Старшие группы читают стихи.
Средняя группа« Балдәурен» исполняет песню «Наурыз».
2. Ведущий:
Когда приходит праздник Наурыз,
Цветут сады, цветут поля,
Когда приходит праздник Наурыз,
Весною дышит вся земля!
Средняя группа «Балбөбек » исполняет песню «Про весну»
1. Жүргізуші:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса Наурыз, дәстүрлі!
Ән мен күйге бөленген
Жақсылықтың молы бол!
2. Ведущий:
Ты цвети, Қазақстан, расцветай,
Наш любимый солнечный край!
От детей привет принимай.
Средние группы читают стихи.
2. Жүргізуші:
Қимыл шіркін келіссе
Барлық қимыл би болар,
Спорттың да билерін
Тамашалау жөн болар.
Ойын: «Шаңырақ»

2. Жүргізуші:
Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салып жас кәріміз,
Би билейік бәріміз,
Казахский танец исполняет группа «Когершін» .
2. Ведущий:
Так много этот день дает
Он дарит новый , лучший год!
Весенний, радостный настрой
Приносит нам Наурыз с собой!
Песню« Наурыз мереке» исполнит группа «Балбөбек» .


1. Жүргізуші:
Наурыз-мұсылман қауымының ұлттық мейрамы. Наурыз-жыл басы. Наурыз-ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Енді қазір біздің әжеміз Наурыз көже туралы айтады.
Әже: Наурыз көже-Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол-тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Гр. «Қарлығаш» — песня «Наурыз».
2. Ведущий:
Наурыз көже готовим в котлах больших
7 важных элементов положили мы в них.
Выпьешь Наурыз көже до дна
И будет жизнь твоя полна.
2. Ведущий:
В эту ночь готовили Наурыз көже, наводили чистоту в доме, и ждали дедушку Қадыра, наступление нового года. Верили, что будет волшебство и ждали его.
Қыдыр ата:
Сәлеметсіздер ме қонақтар, балалар! Ұлыстың Ұлы күні-Наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! Әр отбасына бақыт ала келсін! Сіздерге амандық-саулық, меймандостық, адалдық, молшылық тілейміз!
Балалар мен сендерге бір ойын ойнатайын. Оны біз бәріміз білеміз. Біздің салт-дәстүрдің қадір-қаиетін көрсететін ұлттық ойынымыз — «Арқан тарту»
Қыдыр ата: Жарайсыңдар, балалар!
1. Жүргізуші:
Қыдыр ата, сіз жайғасып отырыңыз. Жолдан шаршаған шығарсыз. Ал, біздің балалар сізге бір би билеп береді.
Гр «Когершін» исполнят танец «Алға Казақстан»
1. Жүргізуші:
Қыдыр ата, сіз бізге өзіңіздің батаңызды беріңіз енді.
/Қыдыр ата бата береді./
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын.
Қайғы-уайым жоқ болсын.
Әумин!

1. Жүргізуші:
Ұлыс бақты болсын
Әр күніміз жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Келер жылға дейін, сау болыңыздар!
2.Ведущий:
Желаем счастья, долгих лет,
И в Наурыза день прекрасный
Несем горячий свой привет
И пожелания вам счастья!

Абишева Жадыра Имаковна,
СҚО, Жамбыл ауданы
«Айнагүл» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.