Абитжанова Лаззат Аманжоловна,
Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының
«Саңырау және нашар еститін балаларға арналған
облыстық «Мейірім» арнайы түзету мектеп – интернаты
коммуналдық мекемесі» тәрбиешісі
«Жүректен-жүрекке»
(тренинг)
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл — өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз», — деп атап көрсетті Елбасы Н.Ә.Назарбаев .
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын бұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі оқу — тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы сабақ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
«Жүректен-жүрекке» (тренинг) – Л.Абитжанова
Тренинг мақсаты: қатысушыларды бір — бірімен таныстыру, жағымды қарым — қатынастықты туғызу, шапшаң жауап беру, көңіл — күйді игере білуге және басқаруға қадағалау. Әр – бір сәтті бағалай білуді сезіндіру.
«Дәстүрлі емес сәлем…»
Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ. Әдетте адамдар бір — бірімен қалай амандасады? Қол алысып, жай сөзбен, бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б. Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық. Бір –бірлеріңізге иық тигізіп амандасыңыздар. Мысалы: қолмен, маңдаймен, көзбен, шынтақпен, арқамен, аяқтың ұшымен, иықпен, құлақпен, тіземен, иекпен. Сәлемдесіп болған соң, танысамыз яғни есімдеріңізді айта отырып, жаныңыздағы көршіңіздің есімі — Айгүл болса есімінің бастапқы әріпінен басталатын жағымды пікір айту қажет. Шеңберде танысқан қатысушылардың барлығы танысып шығады. Мысалы: Айгүл – ақылды, Шолпан – шапшаң, Тамара – талантты деп ұшқыр оймен ойлап, тез әрі қызықты жауап беру. Таныстық, ендігі кезекте шарды бір – бірімізге аялы алақанмен бере отырып, жүректен-жүрекке жылы сөз айтып, көтеріңкі көңіл күй тілеп, шарды жару керек, яғни шардың ішіндегі ауасының өзінде керемет көңіл күй алғандарыңызға кәміл сенемін. Тренинг соңында алған әсерлеріңізді стикерге жазып, «Достық» ағашына ілу. Тренингте қолданылған дәстүрлі емес сәлемдесудің жолы бір — бірінің ой-пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа, тың идеялар туындауына жол ашады. Сонымен қатар ерекше белсенділік пен шығармашылық шабыттың шарықтауы нәтижесінде олар еркіндік әлемінде еркін шарлағандай болды.
Іс-тәжірибемен алмасу семинары