География пәнінен оқушылардың фукционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері
Абильдаева Жанаргуль Магадановна,
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,
№ 1 ЖББОМ
география пәнінің мұғалімі
Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе,«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан: мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты.
Жер, табиғат, еліміздің табиғат жағдайлары, қоршаған орта,әлем елдері, табиғат ресурстары туралы бiлiм, білік, дағды қалыптастыру мектепте «География» пәні арқылы жүзеге асырылады. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс түрлеріне, біріккен шығармашылық тапсырмалар мен жобаларды орындауға үлкен мән берілді. Оқу үдерісінде оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білім, дағды, біліктерін жаңа жағдаятта қолдана алуына қажетті дағдылары дамытылады. Пәнді интеллектуалдық және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады. Ол үшін қазіргі таңдағы оқыту технологияларының стратегияларын пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» стратегиясы,«Дана үкілер»стратегиясы, «Мозаика немесе Ара ұясы» стратегиясы.Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау.Бұл стратегиялар мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді.
Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен, өз туған өлкеңмен, байланыстырып өту оқушының қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Географияны оқытуда әр сабақ сайын тек қана теорияға негізделмей практикалық жұмыстарды орындатып отырамын.Материктер мен мұхиттар географиясында салыстыру, мағынасын ашу, топтастыру,атлас картамен ендік, бойлық бойынша жер шарын айналып шығу тапсырмаларын жасаймыз.( мысалға 45º ендікпен солтүстік жарты шарды және оңтүстік жарты шарды жүріп өтіңдер, т.с) Географиялық обьектерді мазмұнына және материгіне қарай топтастыруға мынадай тапсырмаларды орындатам.
Берілген обьектерді мазмұнына және материгіне қарай топтастырыңдар? Триполи, Муррей, Калахари, Ұлы шөл, Замбези, Парана, Атакама, Рубь-Эль-Хали, Өлім аңғары, Мехико,Лима, Юкон, Сидней, Токио, Қарақия.
Жауабы: Мазмұнына қарай
қала шөлдер өзендер
1.Триполи
2.Мехико
3.Лима
4.Сидней
5.Токио 1.Калахари
2.Ұлы шөл
3.Атакама
4.Рубь-Эль-Хали
5.Өлім аңғары 1.Муррей
2.Замбези
3.Парана
4.Юкон
Топонимикада жер- су атауларының мағынасын ашу, әр материкті өткенде неше түрлі атаулардың барлығының өзінің мағынасы бар екенін ескеру керек. Мысалы: Африкадағы Мейірімді Надежда мүйісінің бастапқы аты қалай және кейін ол неге осылай аталды?
Жауабы: Бұл мүйісті португалдық теңіз саяхатшысы 1488 жылы Бартолем Диаш ашқан. Ол оны Бурь мүйісі деп атады. Кейіннен поргугалия король ІІ Жуан оның атын Мейрімді Надежда «Үміт» мүйісі деп өзгертеді себебі Осы мүйіс арқылы Үндістанға баратын жол болсын деп. Кейін Васко да Гама 1497 жылы Мейрімді Надежда мүйісін арқылы Африканы айналып өтіп Үндістанға баратын жолды тауып ІІ Жуанның арманы орындалады.
Африкадағы Ақ Нил өзенін неге ақ деп атайды?
Жауабы: Ніл жер бетіндегі ең ұзын өзен оның ұзындығы 6671 км, суының алабы 2870 мың шаршы шақырым.Ол бастауын Шығыс Африка тауларынын бастау алып сағасы Жерорта теңізіне құяды. Осы сағасында ежелгі Мысыр мәдениеті қалыптасқан. Арабша атауы Аль-Бахр. Ніл ол латынша атауы. Ақ Нілді ағылшын Джон Спик ашқан. Ақ Ніл сол жақ саласы болып келеді Собатаның етегінен басталады соңы батпақты болып лай болып ағады.Оны Бахр-аль газал деп атайды. Саяхатшылар дүние бөліктеріне барған кезде «Юкатан», «Кенгуру» деген сөздерді естіді. Бұл қай жер . . .және сөздердің мағынасы? Ресейдің Тюмень облысында өзен, сол өзен аттас қала және сол өзеннің үлкен сағасы бар. Бұл өзен Обь өзенінің сағасына құяды.Осы өзеннің атымен қазақта ру бар.Бұл өзеннің атын анықтаңыз. Жауабы: Таз өзені, Тазовск қаласы.
Төмендегі географиялық обьектерді анықтап кестеге түсіріңдер:
Бұл мемлекет өз материгінде солтүстігіде орналасқан мемлекеттен кейін ауданы жөнінен екінші орынды алады,ал көрші елдерінің саны бойынша бұл елге материкте бір ел бәсекелес бола алмайды.Егер-де 40 шақырым теңіз бен шектеспесе,оны ішкі құрлықтық мемлекет деп атауға болар еді.Астанасы — 4 миллиондық қала. Жер аумағының көп бөлігін ойпаттар алып жатыр. Жер бетінің қалыптасуына те қана Амозонка өзенінен қалыс қалатын мол сулы негізгі өзені әсерін тигізіпті. Суының молдығына қарамастан бұл өзеннің тек қана орта ағысы су көлігіне ыңғайлы. Мұның себебі өзенде ұлы саяхатшы атымен аталған сарқыраманың болуы. Мемлекеттің шығыс жағалауы жоғары сейсмикалығымен ерекшеленеді. Мұнда үлкен таулы қатпарлықта биік көлдер тізбегі өткен, олардың бірі материктің ең терең көлі болып табылады. Ел аумағының жартысынан көбін керіктің «Жақын туысы» және ең үлкен адам тәрізді маймылдар мекендейтін орман зонасы алып жатыр.Орманда өзгеше ұлт өкілдері өмір сүреді: олардың бойы небәрі 140-150 см-бұлар жер шарының ең аласа бойлы адамдары.Тұрғындарының көпшілігі егіншілікпен айналысады.Мал шаруашылығын дамытуға бір жәндік кері әсерін тигізуде.Жауабы:
Сұрақ Жауап
Мемлекет Конго Демократиялық республикасы
Астанасы Киншаса
Көрші елдерінің саны 9
Көрші елдерінің аты Конго,ОАР,О Судан,
Уганда,Руанда,Бурунди,Танзания,Замбия,
Ангола
Негізгі өзені Конго
Сарқырамалары Стэнли,Ливингистон
Қатапрлық атауы Ұлы Шығыс Африка қыраты
Ең терең көлі Таньганика
Табиғат зонасы Ыл ылғалды экваторлық орман,ылғалды тропиктік оорман
Жирафтың туысы Окапи
Ең ірі адам тәрізді маймыл горилла
Ұлт пигмеи
Жәндік Цеце шыбыны
Материктің ең үлкен елі Алжир
Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде әрбір пәннен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.
Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нәтижелі болатыны анық.
Әдебиет:
1.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы).
2. Е.Я. Чернихова.География пәнінің оқу экскурсиялары. Алматы «Мектеп» 1985
3.Г.Н. Якуш.Занимательная география. Минск-1974
4.Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1986. 10 том. – 17 б.
5.Оразахынова Н., Кенжебаева Г. М. — «Оқушылардың функциональдық сауаттылығын қалыптастыру жолдары» ғылыми мақаласы, 2012. — Б. 42-47.