Жүргізуші: — Сәлеметсіздер ме, ақ жаулықты әжелер, қымбатты аналар, құрметті қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын!
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейрам,
Құрметті абзал аналар!
Ән: «Алтын анашым!» Хор
Амирхан: Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен
Айбике: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ..
Алинур: Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым
“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Неге ғана естімеген тәтті үнін
Анам менің – өмірдегі тірегім
Б.Мерей: Шырылдап дүние есігін мен ашқанда
Қасымда болдың алғаш сен анашым.
Ақ сүтіңнен мен алғаш дәм татқанда
Мейіріммен жақсы көрген баласын
Биали: Өмірде ана- бақыт, ана- пана,
Өмірді өркендетер ана ғана,
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана! Ол біздің елде ардақты адам
Назия: Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде
Не жетеді көзіңе
Мейірімнен күненде
Би: «Аялашы анашым»
Балалардың құттықтау сөзі
Ән: « Ана тілім » Назия
Көктем кіреді: Мен көңілді көктеммін, Былтыр келіп кеткенмін.
Көзін ашып бұлақтың,
Түбіне тал еккенмін.
Гүл боп қырда егілем
Жүргізуші: Сәлеметсізбе ару Көктем! Ұлан байтақ еліме қош келіпсіз! Шуағыңмен шаттандырып, нұрыңды мол төге бер.
Көктем: Ақ жаулықты әжелер, аяулы аналар және қымбатты қыздар мерекелеріңіз құтты болсын!
Жүргізуші: Ару Көктем балалардың өнерін тамашалаңыз.
Адия: Мен көктеммін, жаңа туған арманмын
Шырағымын жаңа атқан таңдардың
Мен көктеммін , бүршік болып бүр жардым
Арасында дауыл болдым гүлзардың
Алан: Көктем келді шуақты,
Күн күлімдеп, түн түлеп,
Жылғалардан су ақты.
Аспан – күмбез, жел- жібек,
Карим: Келді көктем далаға Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды аралар
Алуа: Көктем, көктем, көктем де
Құстар келіп жеткен де
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз
Арафат: Көктем келді бүгін Күнін төкті нұрын
Сайрап барлық құстар
Ән айтуға құштар Түрлі түсті әйбат Гүлдер шықты жайнап Қызыл жасыл аймақ
Қырға шықты ойнап
Андрей: Көктемнің нұр сәулесі
Көремін жанарыңнан
Сүйемін дала гүлді
Танимын қабағыңнан
Көктемнің шуағына
Еріксіз бөледіңде
Анашым асыл анам
Әкелдің мені өмірге
Ән: «Көктем келді» Хор
Ойын: «Көктем сәні» ертегісі, ата- анамен
Жүргізуші: Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдептен бас иеміз
Төрежан: Әжемді мейрмымен құттықтаймын Айтатын ән, беретін гүлім дайын
Әжетай , жақсы көремін – деп
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
Ажар: Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың,
Өзіңе борышы көп балалардың.
Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.
Әжелеп жан-жағыңда жүре берсін,
Бал тәтті немерелер-қызықтарың.
Арайлым: Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!
С.Мерей: Аналарды сүйеміз Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдептен бас иеміз
Әжем менің әліде
Ұқсамайды кәріге
Шай қайнатып береді
Біздің үйдің бәріне
Сұңқар: Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын мерекеңіз, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырығы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Хазрет: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!
Тәтті ұйқыңды бөліп талай күн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең шуағы аясындай гүл бақтың.
Ән: «Жұлдыз болып жанамын» Саялы
Би: «Көңілді балалайка»
Саялы: Ана десем сезім билер тым ыстық
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін,
Орнар еді бар әлемге тыныштық.
Ана десем, шешек атып жанары
Өмірімнің бастау алар жаңа әні.
Ана деген тіршілікте пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.
Аңсар: Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана
Аяулым: Бас қосты бүгін жиынға
Аналардың қауымы
Таусылмасын әрдайын
Отбасының саулығы
Ана өмірдің қуанышы, тірегі
Бала оның жұбанышы жүрегі
Ана алдында ел жауы да бас иген
Олар дәйім тыныштықты тіледі.
Ерсұлтан: Ардақты анашым ау
Мен үшін дарасың ау
Балам деп батпан кешіп
Отқа да жанасың ау
Жүргенде жаның аман
Жыр моншақ тағына алам
Бақыттың базарында
Шалқи бер жаным анам
Назым: Айналайын анашым
Ақылдысың дарасың
Тең көрмейтін ешкімге
Орның бөлек дарасың
Айналайын анашым
Асқар таудай панасың
Күн көзімдей күлім деп
Құшағыңа аласың
Арслан: Армысың әжелерім, аналарым!
Мейірбан аппақ көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың,
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ән: «Қазақстан менің ұраным!» Б. Мерей
Ағылшын тілінде ертегі
Андрей: Ана мерекесі құтты болсын.
Жасыңа жас қосылып, бақыт қонсын.
Өмірде қызық көп жыл сайын.
Береке мен бірлікке ортаң толсын!
Гүлдана: Анасыздар әр үйге панасыздар
Бала десе от болып жанасыздар
Сәтті басса ұрпағың мерей тасып
Қыз күлкісін сусын қып қаласыздар
Анасыздар Ақ Еділ, Жайықсыздар
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар
Маздататын жүректе от лаулатып
Әр үйдің күні десе лайықсыздар
Хазрет: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды, бөліп талай күн қаттың
Өміріме нәрін бердің ақ сүтін
Кең шуағы аясындай гүл бақтың
Ән: «Әже» Хор
Жүргізуші: Құрметі қонақтар, аяулы аналар бүгінгі ересек «Балдәурен» тобының бүлдіршіндерінің ертеңгілігі аяқталды. Сөз кезегі меңгеруші Г.А.Алипбаеваға және ата- аналарға.