Home » Ашық сабақтар » Абдришева Салтанат Аскатовна

Абдришева Салтанат Аскатовна

Абдришева Салтанат Аскатовна,
Шымкент қаласы,
Тауке хан даңғылы №66 үй
№31 «Салтанат» бөбекжай балабақшасының
педагог-психологы

Тренинг

Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді
Сәлемдесу дегеніміз — достық пейіл мен құрмет білдіру әрекеті. Әрбір күн немесе әрбір әңгіме қашанда сәлемдесуден басталады. Біздің күнделікті өмірімізде мейлінше кең тараған осы бір ғұрып әдептілік сезімінің мол болуын талап етеді.
1.«Сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: қатысущылармен сәлемдесу, топқа энергия беру;
Жаттығу барысы:
Қатысушыларға шеңбер құрып тұруға және 4 топқа бөліну ұсынылады: «қытайлықтар», «американдықтар» , «африкандықтар» және «италияндықтар». Кеійін әрбір қатысушы шеңбер бойымен жүріп, «өз амандасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «қытайлықтар» «Нихау» деп созып амандасады, «американдықтар» «хай»деп қолдарын сілтейді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италияндықтар» құшақтасады. Әрбір қатысушы әр түрлі рольдерді болуы үшін, жаттығуды қайталауға болады. 

2. «Сені көргеніме қуаныштымын, себебі…» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды көңіл-күй сыйлау.
Жаттығу барысы:
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі …». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты немесе мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.

Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көргеніме қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?
3. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
4. «Жүйрік ой» жаттығуы
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/
— Маған қажет қасиеттер, мыналар……
— Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ……
— Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар …..
— Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі …..
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
5.«Құпия дос» ойыны.
Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді.. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.