- Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақын өмірінен, шығармаларынан түсінік беріп, өлеңнің мазмұны мен идеясын түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке имандылыққа, мейірімділікке, қатыгездіктен бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу. Балаларға эстетикалық әрі экологиялық тәрбие беру. Құсбелгілік өнерге баулу.
Дамытушылық: Оқушыларға өлеңді ұйқас түрлеріне талдай білуге дағдыландыру.
Оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.
III. Сабақтың түрі: жаңа сабақ
- Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, мәнерлеп оқу.
- Көрнекіліктер: Ақын портреті, лирикалық талдау сызбасы, бейнеролик, слайд.
- Сабақтың барысы: 1) ұйымдастыру кезеңі
«Құнды қасиеттер жинау» ойыны
Мұғалім оқушылармен амандасады, сабақта көңілді орта құруға жұмылдырады. Балалар, бәріміз шеңбер бойына жиналайық. Енді бір-бірімізге жүрекшелерді ұсыну арқылы бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді айтамыз.
Сыныпты жұлдызшада жазылған құпия сандарға байланысты топқа бөлемін
(Мысалы: «1» саны жазылғанадар 1-топ, «2» саны жазылғандар 2-топ т.с.с.).
2) Үй тапсырмасын сұрау
VII. Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау мақсатында «Абай әлемі» тақырыбына кластер әдісі бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауабын тауып іледі.
- Абай қай жылы туған? (1845 жылы 10 тамыз)
- Туған жерін ата (Семей облысы Шыңғыстау тауының бөктері)
- Абайдың шын аты кім еді? (Ибраһим)
- Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
- Абайдың арғы аталары кімдер? (Өскенбай, Ырғызбай)
- Шешесінің аты кім болған (Ұлжан)
- Құнанбайдың неше әйелі болған? (4 әйелі)
- Абай неше жасқа дейін оқыған (13 жас)
- Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? (Ахмет-Риза.)
- Абайдың руы қаңдай? (Тобықты)
VIII. Жаңа сабақ
Cабақтың мақсатымен таныстыру
- Қызығушылықты ояту:
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
— Балалар, ақынның қандай өлеңдерімен таныссыңдар?
- Мағынаны тану:
— Ал енді балалар, интерактивті тақтаға назар аударайық.
Интерактивті тақтамен жұмыс
«Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді».
Ғ.Мүсірепов
«Абай — адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға. Абай – қазақтың ғана емес адамзаттың ақыны».
Ф. Майер
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс».
Н.Назарбаев
Сонымен, Абай XIX ғасырдағы қазақтың данышпан, суреткер ақыны, өз ұрпағын өнер-білімге үндеген ойлы ағартушысы. Бүгінгі сабағымызда біз ұлы ақынның «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңімен танысамыз.
Ақын өлеңді 1897 жылы жазған. Өлеңнің тақырыбы: көшіп-қонып жүрген ата-бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі — тазы жүгіртіп, қыран құс салу екендігі, әрі аң-құстарды бей-берекет ауламағандығы туралы.
«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңіне байланысты бейнеролик көрсетемін.
Түрткі сұрақтар қоямын:
- — Оқушылар бұл бейнероликте қандай көріністер суреттеледі?
- — Құсты баптайтын адамды қалай атаймыз?
- — Бүркітші, қансонар сөздерін кімнің шығармасынан кездестірдіңдер?
Оқушылар видеороликті көре отырып, берілген сұрақтарға жауап береді
- -Аңшылық, құс салу, саятшылық өнер суреттелген
- — Бүркітші
- — Абай Құнанбаевтың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңінен кездестіргенін айтады, жаңа тақырыппен таныс болады.
СЛАЙД (құсбегілік туралы қысқаша түсініктеме)
Құсбегілік бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи, тұйғын, тұрымтай, сұңқар, лашын, жағалтай сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер. Құсбегілік қазақ, қырғыз халықтарында ежелден келе жатқан үлкен өнер ретінде саналады. Қазақ халқының арасында бұл өнердің тамаша шеберлері кең дәріптеледі. Мәселен: «Аспанда жүрсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады», «Тінейдегі қасиет — ұялас екен сарқұспен, Шорадағы қасиет — тілдес екен бар құспен» — деген сөздер бар.
- 3. Еркін жауап кестесі
Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсінесіңдер? | Бүркітпен аң аулаудың қандай ерекшеліктерін байқадыңдар? | Қыран мен бүркіттің кезігуін сипаттаңдар | «Абай — реалист ақын» | Өлең жолдары арқылы дәләлдеу
|
4. Өлеңді мәнерлеп оқу
5. Сөздікпен жұмыс
Жеке жұмыс – жаңа тақырыпты өз бетінше оқу.
- Қансонар — жаңа жауған қардағы із.
- Ғанибет — қызық, тамаша, көңіл көтеру.
- Аңдағанда — түлкінің ізіне түсушілердің жүрісі.
- Томаға — бүркіттің бас қабы.
- Қырымнан — алыстан деген мағынада «Қақпан құрған — жамбастап алар.
Тазы жүгірткен – діңкесі қатып алар, Бүркіт салған — қызыққа батып алар». Осылайша, оқып шығып мақалдың мағынасын ашамын. Саятшылық туралы мағлұмат беремін. Бүркіттің жасына тоқталамын. Бүркітті қалай бағып-қағу керектігі жөнінде түсінік беремін «Томаға», «Құя», түсінік беру.
- Деңгейлік тапсырма:
Оқушыларға флипчарттар үйлестіріледі. Тапсырма беріледі І топқа – Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау ІІ топқа — Өлеңге композициялық жоспар құрастыру ІІІ топқа – Өлеңдегі көк тағысы мен жер тағысының іс-әрекеттері мен қасиеттерін саралай отырып салыстыру Топтық жұмыс постер қорғау |
- Сабақты бекіту:
Сабақтың insert стратегиясы бойынша бекіту. Осы тақырып бойынша не білетін еді, нені үйренді, білді, не жөнінде білгісі келеді.
Білемін | Білдім (мен үшін жаңа ақпарат) | Білгім келеді |
X. Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтан алған әсерлерін жазу сұралады
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып іледі
- Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, аңшы мен аң аулаудың суретін салу
XII. Бағалау
Пайдаланылған әдебиет:
- Қазақ әдебиеті оқулығы, 7 сынып.
- Әдістемелік нұсқау «Қазақ әдебиеті». Авторлары: Г.Д.Рыскелдиева, Қ.Әбдезұлы, С.Ч.Тұрсынғалиева
- Оқушы анықтамасы «Қазақ әдебиеті» 5-11 сыныптар. Авторы С.Т.Елікбаев.
- Ұлы адамдар ұлағаты. Авторы: С.Ш.Оразалы
- Абай энциклопедиясы
- Ғаламтор материалдары
Солтүстік Қазақстан облысы
Уәлиханов ауданы
Шағырсай негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ахметова Кулнар Кошеновна