Home » Ашық сабақтар » Абай Құнанбаев. Сабырсыз, арсыз, еріншек

Абай Құнанбаев. Сабырсыз, арсыз, еріншек

Сабақтың мақсаты:

  1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.
  2. Көркем мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып, жаттықтыру.
  3. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға баулу.

Сабақтың түрі: танымдық сабақ

Әдіс-тәсілдері: талдау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, қорытындылау.

Көрнекіліктері: АКТ, қима қағаздар, плакат, фломастер.                      

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды сабаққа даярлау. Психологиялық ахуал.

Қолымызды қысайық,

Бестік баға алайық.

Басқа білім толтырып,

Үйге қуанып қайтайық.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

а) «Ыстық орындық» әдісі арқылы

  1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?
  2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?
  3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?
  4. Болыс Салмағамбет Спандияр мен оның әкесіне не деп айтты?
  5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?
  6. Болыс пен байдың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

 

  1. Жаңа сабақ.

— Абай ата туралы не білеміз? — деген сұрақтар қоя отырып, жаңа сабақпен байланыс жасалады.

  1. Слайд. Абайдың өмірбаяны.

Шын аты – Ибрагим, сазгер, аудармашы.

Отбасы: Әкесі – Құнанбай, шешесі – Ұлжан, әжесі – Зере.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Абай – кемеңгер, Абай – дара. Абай Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыс тауының етегінде дүниеге келген.

Слайд.2. Абайдан қалған мұра:

169 өлең, 3 поэма, 54 аударма, 45 қара сөзі.

Абайдың бізге таныс шығармалары:

Ғылым таппай мақтанба.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім.

Әсемпаз болма әрнеге.

Жазғытұры.

Жаз, күз, қыс.

Слайд 3. Сабырсыз, арсыз, еріншек.

  1. Өлеңді түсініп оқу.
  2. Өлең соңындағы сұрақтарға жауап алу.

Сөздік жұмысын жүргізу:

Күндейді – қызғанады

Мертігеді – бір жері шығады

Міндейді – мін тағады, жамандайды.

Слайд 4. Сергіту жаттығуын жүргізу.

Ән айту — «Желсіз түнде жарық ай»

 

Топпен жұмыстар

1-топ – Абай кім? Постер жасау,қорғау.

2- топ – Абайдың бір қара сөзін оқып, түсінгені бойынша постер құрап, қорғау.

Тегінде адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озық. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. (Он сегізінші қара сөз)

3-топ – Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айту.

Сабақты қорытындылау: «Бес саусақ» әдісімен сабақты қорытындылау.

Слайд 5. Сұлтанмахмұт Торайғыров:

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап, тоқы көңілге.

Слайд 6.

Н.Ә. Назарбаев: «Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. Абайды таныту арқылы біз әлемге қазақ халқын танытамыз»

Оқушылардың білімін бағалау:

Үйге тапсырма: Абай Құнанбаевтың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңін жаттау.

Мусанова Гульбаршын Адамбековна,

«Шілікті орта мектебі» КММ,

Бастауыш сынып мұғалімі

Шығыс Қазақстан облысы,

Зайсан ауданы, Шілікті ауылы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.