“Абай-қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай-әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға”, — деді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағыты бойынша: Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс.
Н.Ә. Назарбаев.
Мақсаты: Абай шығармаларының бейнеклип жүйесін мектеп бағдарламаларына сәйкес әдістемелік құрал ретінде қалыптастыру. Ой ұшқырлығын, білім тереңдігін, толық адам қасиетін меңгеру.
Шарттары: Бейнебаян 1.30 минуттан аспауы керек.Орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі, бейнебаянның тақырыпқа сай болуы тиіс. Белгіленген уақыттан кешіктіріліп берілген туындылар қабылданбайды. Бейнебаянда өлең оқыған оқушының өзі қатысуы қажет.
Ережесі:
Астана қаласы бойынша қалалық байқауға көркем сөз оқу шеберлігін меңгерген талантты мектеп жасындағы барлық оқушылар қатыса алады.
Байқау онлайн жүйесі үлгісінде, үш номинация бойынша бейнебаян, жасау түрінде өткізіледі. Бейнебаян мүмкіндігінше әр қатысушының шеберлігіне, тапқырлығына ой түйіндеуіне орай әртүрлі бағытта тақырыпқа сай түсірілуі тиіс.
Байқау жас ерекшелігіне байланысты төрт буынға бөлінеді.
Бастауыш, 1-4 сыныптар аралығында,
Негізгі, 5-9 сыныптар аралығында,
Жоғарғы 9-11 және арнаулы оқу орындарының (колледждер) студенттері аралығында.
Ұстаздар арасында.
Байқау төрт кезең бойынша өткізіледі.
Астанадағы — Сарыарқа, Есіл, Алматы аудандары аралық байқауы.
Қалалық байқау.
Облыстық байқау.
Республикалық байқау.
Абайдың бір туындысы ғана қабылданады. Үш номинациядан тұрады.
Абай шығармаларынан – өлеңін, қарасөзін, көркемдеп оқу.
Абайдың әртүрлі шет тілдеріне аударылған туындыларын оқу.
Абай шығармаларын бейнелеу әлемінде көркемдеу.
Байқауға жіберліген туындылар 2018 жылдың 1 ақпан 10 ақпан аралығында қабылданады.
Байқаудың ұйымдастыру тәртібі:
Республикалық «Білім айнасы» журналының ұйымдастыруымен байқауға келіп түскен туындылар әлеуметтік желілер арқылы таралады. Байқауды өткізу туралы хабарландыру өңірлік, республикалық БАҚ-та жарияланады, Республикалық «Білім айнасы» журналының ресми сайтында орналастырылады. Байқау жеңімпаздары онлайн жүйесі бойынша ең көп қаралған, тыңдалған оқушыны таңдалады. Аудан аралық байқаудың жеңімпаздары қалалық байқауда сыналады. Қалалық байқаудан жүлделі орынға ие болғандар Республикалық Абай оқуларына қатыса алады.
Жүлделі орынға ие болғандар арнайы сыйлықтар мен мақтау қағаздарымен марапатталады.
Мақсаты: Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне сай оқып-үйрену, жан-жақты талдай білу, Абай тереңіне үңіле білу бүгінгі ел болашағының міндеті. Әр адамның іздегенін табатын, оны өміріне тірек ете алатын, бағыт-бағдарын айқындай алатын қуат күші де осы Абай шығармаларында екенін мойындау.
Қатысушыларды бағалау:
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
Қазылар алқасы құрамында тіл әдебиеті, сахна мәдениеті, режиссерлік қойылым маманы, педогогика саласының өкілінен жасақталады.
Қазылар алқасының құрамы 5 адамнан аспауы тиіс.
Қазылар алқасы шешім шығару барысында келесі критерийлерді басшылыққа алады.
Көркем мәтінді таңдау және оқу шеберлігі,
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтауы,
Бейнебаянның көркемдік шеберлігі,
Қатысушының мәдениеті және киім үлгісі.
Шет тіліне аударылған туындыны аша білуі.
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері онлайн дауыс көпшілігі мен қазылар алқасының дауыс беру қортындысы бойынша анықталады.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен алғыс хаттармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысушы үміткерлер ақылы түрде қатысатындықтан барлық төленетін шығынды Республикалық «Білім айнасы» көтеретін болады.
Абай оқулары онлайн байқауының сарапшылар алқасы:
Мекемтас Мырзахметұлы (Алматы. Абайтанушы-ғалым.)
Болат Жүнісбекұлы (Семей. Абай мұражайының директоры.)
Алмахан Мұхаметқалиқызы. (Астана. «Білім айнасы» журналы, «Абайтану» бөлімінің редакторы)
Қуантай Амантайұлы («Білім айнасы» журналының бас редакторы)
Алима Қисымқызы
Омар Жәлел. Астана. Л.Н. Гумилев атындағы Ұлттық университет. Абайтанушы-ғалым)
Қания Құралқызы (Астана білім басқармасының әдіскері).
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:
Байланыс телефондары: 8 775 959 01 0 6,
8 705 321 55 73.
rau_22011987@mail.ru