Home » Ашық сабақтар » Абай оқулары

Абай оқулары

Мақсаты: — Абай Құнанбаев шығармаларын насихаттау;

— балаларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

— Өзге ұлттың тұрмыс-салтымен мәдениетін танып білу, қандайда тіл болса да, қай тілде сөйлесе де барлық адамдармен достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу арқылы баланың  жеке шығармашылығын дамыту. Абай Құнанбаевтың мақал-мәтелдері мен өлең, тақпақтарын қазақ және орыс тілдерінде жаттату арқылы шығармашылығындағы көркем сөздердің мағынасын жеткізе білу, балаларды Абай поэзиясына, ұлы ойшылдың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке, ұлттық сана-сезімімен үш тілді білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: «Абай Құнанбаев» слайд, шағын көрме, Абай Құнанбаев портреті.

Қатысушылар: РФ-ның вице-консулы Ю.П.Пономарев мырза, А.С.Пушкин атындағы музей меңгерушісі – Л.Т.Сихова ханым, №16 «Лесная сказка» бөбекжайы ұжымы, тәрбиеленушілері мен ата-аналары.

Барысы: І.Би: «Достық биі»

Үш тілде құттықтау сөз.

ІІ.Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме, қадірменді қонақтар, ата-аналар!

-Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің бөбектері!

Сіздерді Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесімен құттықтаймыз! Балабақшамызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші: День языков –признак дружбы, родства и единства всех граждан страны…

ІІІ. Ән: «Біздің балабақшамыз»

Қазақстан Республикасы өз ұл-қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытуда. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, қазақ ақындарының әрқайсысы шын мәніндегі дарын, қайталанбас шығармашыл тұлға ретінде дара екендігін тағы да еске салмақпыз, сол себепті мерекелік іс-шарамызды ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармаларына арнамақпыз

Ендеше Абай Құнанбаев туралы слайдқа назар аударайық.(Мәлімет беру)

Жүргізуші: -Бүгінгі «Абай оқулары» атты тілдер фестивалі ашық деп жариялаймыз!

Сайысымызды бастамас бұрын алдымен әділ қазы алқасымен танысып алайық! Әділ қазылар алқасы.

Біздің сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

  1. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» выразительное чтение стихов Абая Кунанбаева
  2. «Мың бір мақал» в этой номинации участники будут рассказывать пословицы.
  3. «Көңілім әнді ұғады» песни Абая Кунанбаева.Бірінші номинация қатысушылары дайындалып отырсын. Кезекпен аты-жөнін, тобын атап шақырамыз.

Жүргізуші: «Абай оқулары» атты әдеби кешімізді ашық деп жариялаймыз!

Командалар өздерін таныстырады: «Адал достар», «Дружные ребята», «Faitful friends» командалары. Жарысымыздың бірінші сайысы «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты мәнерлеп оқу сайысы.

«Faitful friends» командасы

1.Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар, әнді сүйсең, менше сүй.      \Нұрдәулет\

2.Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі. \Саша\

  1. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашан, тай жарысқан.

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш қурай.  \С.Камила\

«Дружные ребята» командасы

  1. Дем алысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды. \Т.Карина\

5.Көл жағалай мамырлап қу менен қаз,

Жұмыртқа іздеп, жүгіріп, балалар мәз.

Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда,

Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауыл баз. \К.Вика\

«Адал достар» командасы

  1. Великан в белой шубе, с седой бородой.

Никого он не видит, слепой и немой.

На суровом лице белый иней блестит. \Даниель\

 

7.Тучи серое небо сгущают во мрак.

Воздух осени мглою набряк  \Арсен\

 

  1. И кусты и деревья стоят без листвы,

Как унылые, нище старцы они. \Али\

   

9.Растопила весна стылось долгой зимы,

В нежный бархат сделись низины, холмы. \Аружан\

10.Соки бродят в них живные,

У реки разбили станы

Скотоводы кочевые. \Аяулым\

Жүргізуші:А теперь минуты творчества: «Английская песня»

Абай жазған қара сөздер – қазақ әдебиетінің алтын қазынасы, баға жетпес қазынасы. Абай Кунанбаев известен нам не только лирическими стихами и песнями, он известен нам своими изумительными переводами, словами назиданиями. Екінші сайыс мақал-мәтелдер жарысы. «Мың бір мақал» сайысы.

«Дружные ребята» командасы

  1. Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол. \М .Вика\
  2. Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. \Алия\

Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,

Екпіндеп ұшып қыран да шығады. \М.Софья\

  1. Жаман дос-көлеңке:

Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың;

Басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың. \Айбар\

«Faitful friends» командасы

1.Қайратсыз ашу-тұл,

Тұрлаусыз ғашық-тұл,

Шәкіртсіз ғалым – тұл. \Арина\

  1. Тіл – буынсыз, ой түпсіз. \Айше\
  2. Көп сөз – күміс,

Аз сөз – алтын. \Полина\

  1. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. \Настя\
  2. Отан оттан да ыстық. \Кирилл\

«Адал достар» командасы

1.Ана тілің алпыс тілге татиды.

2.Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тілің – тірлік үшін

3.Тіл – достықтың  алтын көпірі.

Жүргізуші: сазды сәлем Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» атты әнін қазақ тілінде тыңдап, жоғары санатты Каменьщикова Ольга Анатольевнаның осы өлеңнің орыс тілінде аудармасын мәнерлеп оқуын тамашалаймыз.

Ойын сайысы.

«Адал достар» командасы: Қазақ халқының ойыны «Киіз үй» — «Собири юрту»

«Faitful friends» командасы: орыс халқының ұлттық ойыны «Кострама»

«Дружные ребята» командасы: Украйнская игра «Мы будем хатку вам» -украйн халқының ұлттық ойыны – «Мы сбудуем хатку вам»

Абай Құнанбаевтың жазған өлеңдерін балабақшамыздың жас бұлбұл әншілерінің орындауында тамашалаймыз. «Айналайын» ересек тобы «Көзімнің қарасы» қазақ тілінде, ортаңғы  «Балдырған» тобы орыс тілінде,  «Еркемай» ортаңғы  тобы «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.

Задание для наших гостей: «Литературная викторина»

1.Чьи пройзведения русской литературы переводил Абай Кунанбаев

  1. Какие песни Абая вы знаете?

3.Философские произведение Абая?

4.Где родился Абай?

5.Какие  достопримечательности Абая Кунанбаева в нашем городе вы знаете?

6.Как называется роман М.Ауезова посвещенный Абая Кунанбаеву?

  1. Есть произведения которое объеденяет имена Абая – Гете- Лермонтова, как называется это произведения?

«Желсіз түнде жарық ай»- «Горные вершины спят во тьме…» атты әнінің алдымен қазақ тілінде, содан соң орыс тілінде аудармасын тыңдайық. Әділқазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша  балабақша педагогтары мен балалардың орындауында «Ана тілі» атты әнді тамашалаңыз.

Әділқазылар алқасына сөз береміз.

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, – дей отыра, кешімізді аяқтап қош-сау болыңыздар, назарларыңызға рахмет!

 

 

Кымбат Кәрімқызы Нажмеденова,
№16 «Лесная сказка» бөбекжайының
қазақ тілі пәні мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.