Home » Жаңалықтар » АБАЙ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ КӨРКЕМСӨЗ ОҚУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы  Қазақстан халқы тілдер күніне орай бағытталған іс-шараларды өткізу мақсатында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауын өткізді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Конкурсты негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру,  көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, сондай-ақ, талантты жастарды табу болып табылады.

2019 жылы атап өткізілетін мерейтойлар мен атаулы күндердің тізбесіне сәйкес конкурс екі тапсырмадан тұрды. Алғашқысы, Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай аталған қаламгерлердің шығармаларынан және қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозалық шығармалардан үзінді оқу. Екіншісі, Сәбит Дөнентаевтің, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына және Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай поэзиялық шығармаларынан үзінді оқу.

Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дұрыс дыбыстауына, көркем мәтінді таңдау талғамы мен сахналық образ және оқу шеберлігіне қарап бағалады.

Жалпы, конкурсқа қатысуға облыстың қала, аудандарынан 17 үміткер тілек білдірген болатын. оның ішінде 12 үміткер негізгі кезеңде бақ сынады.

Байқау қорытындысы бойынша, үшінші орынды Бурабай ауданынан Текішева Рахия, екінші орынды Көкшетау қаласының атынан қатысқан Әлбосын Таңнұр иеленді. Целиноград ауданынан келген Байқасов Еркебұлан жеңімпаз атанып, осы байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды. Барлық қатысушыларға тиісті дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.