Home » Ашық сабақтар » Абайла, бағдаршам!  Жолда жүру ережесін жадыңда ұста

Абайла, бағдаршам!  Жолда жүру ережесін жадыңда ұста

Негметжанова Сания Есенгельдыевна
 Степногорск қаласы
«Нұршуақ» бөбекжай – балабақшасы
тәрбиеші

 

 

Аулада бағдаршам, сызылған жол жолақшалары, жол белгілері, компьютер арқылы салынған суреттер, жол белгілер ұстаған және сол белгіге сәйкес киінген балалар, жол полиция қызметкері ертеңгілікке өткізуге дайындалып тұрады. Бастаушы: Қымбатты балалар! Бүгін жолда жүру ережесіне арналған ойын-ертеңгімізді өткізгелі отырмыз.Көшеде қалай жүру керектігін, бағдаршамның түстері нені білдіретінін тағы бір есімізге түсіріп, сақтандырғанды жөн көрдік.

МЕРЕЙ:Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқып атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Бастаушы: Бала-біздің болашағымыз.Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен ата-ананың, тәрбиешілер қауымының төл міндеті десек те, осынау маңызды істен біздің жол полицейлері де шет қалмауда. Өйткені соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды. Олай болса, алғашқы сөз кезегін жол полициясы қызметкеріне береміз.

Кездесу кезінде инспектор жол ережесін және жолдағы қауіпті факторларды ескертті:

1.Жолдың машина жүретін бөлігінде ойнауға болмайды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өт.

2.Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да, бағдаршамның жасыл түсінің жануын күт..

3.Жолдан өтерде солға қара , ал бөлгіш жолақтан кейін оңға қара .

4.Жолдан бағдаршамның тек жасыл түсі жанғанда ғана өт.

5.Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті.

6.Келе жатқан машина алдынан жолды кесе жүгірме.

Бастаушы:Ал кәнеки, үйренейік біз де жүру тәртібін.

Ережені жақсы білер бар кімің?

Кім айтады жол белгісі неше түстен тұрады?

Өздеріне қойылатын бұл алғашқы сұрағым. (Ортаға жол белгілерін ұстаған балалар шығады)

Бағдаршам:

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!

Сақтандыр, ескерту белгісі.

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам.

Қауіптен сақ бол деп,

Сәт сапар жолдаған

Тыйым салу белгісі. Қызылменен боялған шеңберлі, аумақты

Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге

Қауып бар, бағдарла, көз салып жан-жаққа.

Міндеттеу белгісі. Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты

Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда ,

Абай бол, шартымды міндетті орында!

Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын, тұратын ,

Үн-түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

Ішке мысық келеді.Қолында үзілген құйрығы, қорқып аулаға келе алмай тұрады.

 

Бастаушы:Келе ғой, мысығым бізден қорықпа,

Жараңды жазамыз, жылама,зарықпа.

Бастаушы ұялы телефонымен жедел жәрдемге соғып шипагер  Айболит атаны көмекке шақырады.

Ортаға шипагер ата келеді, балалармен амандасады.

Бастаушы:      Кішіге, үлкенге, жасына, кәріне,

Жансая қиналған жандардың бәріне.

Шипагер атаны біз жақсы көреміз,

Өйткені ол үлкен дәрігер !

Шипагер атай жайласып отырады, басын шайқап: құйрығыңды қалай үзіп алып жүрсің, қазір орнына келтіреміз ,-деп тігіп береді.

Мысық:Доп қудық көшеде  Қозы бар, лақ бар

Көп өткен машина бірақ та.

Кеп қалған машина басты да,

Добымыз жарылды доңғалақ астында.

Достарым анда тұр, кіруге қаймығып.

Біреуі құлағын ұстап, екіншісі мүйізін ұстап аулаға келеді.Дәрігер көмек көрсетіп , ескерту жасап балалардан   жол тәртібін үйренуге ұсыныс жасайды .

Бастаушы: Балалар, көшеде доп қуып ойнағанның ақыры немен бітерін байқаған боларсыңдар . Бір қуанарлығы өздері аман қалыпты.

Аулаға өкіріп аю келеді .

Бастаушы: Ататай , қараңыз мына бір сұмдықты ,

Маймаққа не болған, кім оны қынжылтты ?.

Шипагер ата: Маймағым, не болды, жасырмай айтшы өзің ?

Неліктен көкпенбек ісінген бас- көзің .

Дәрігер аюдың басын таңып,бет-аузын сүртеді.

Аю (жыламсырап): Айтайын жасырмай шынымды ,

Сақтаңыз шыбындай жанымды..

Жармасып бал тасыр машина-қадаққа ,

Домалап түсті де, тап болдым азапқа.

Бастаушы:Аюжан, сенің түбіңе бал жететін шығар.

Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысуға бола ма?

Балалар: Жоқ, болмайды.

Аю: Кешіріңізші, Ата ! Енді ұрлық та жасамаймын , жолда жүру ережесін де бұзбаймын.

Бастаушы: Жолда жүреміз деп, жолда жарақаттанған аңдарды көріп отырсыңдар.Ал өздерің не білесіңдер?

Мақсат: Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

« Тоқта !»

« Сақтан !»

« Жол ашық !»

Жүрме жолға таласып .

Инаят: Қызыл көзін ашқанда,

Бір қадам да баспа алға.

Нұрсұлтан: Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасұлан: Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба..

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.