Жумирикова Бакытгүл Демеуханқызы,
Алматы қаласы
№110 бөбекжай-балабақша тәрбиешісі
Оқу қызметінің мақсаты: Балаларға жолда жүру ережесін есте сақтауға, және бағдаршамның атқаратын қызметін түсіндіру.Есте сақтау қабілетін қызығушылықтарын арттыру
Дамытушылық мақсаты: балаларды көшеде дұрыс жүруге, жол ережесін сақтауға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Жолда жүру ережесінің тәрбиелік мәнін түсіндіру .
Жаңа сөздер: Жол, жол сақшы, жиек .
Көрнекіліктер: көліктер, бағдаршам, жол
Билингвальды компонент: бағдаршам –светафор,қызыл –красный, сары –желтый, жасыл-зеленый .
Ұйымдастыру кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Армысың қайырымды аспан ана!
Армысың шапағатты күн ана !
Армысың мейірімді жер ана !
Құт дарыт бар әлемді жарылқа !
Здравствуй, небо голубое!
Здравствуй, солнце золотое !
Здравствуй, свежий ветерок !
Здравствуй, маленький дружок!
Cood morning cood morning
Cood morning to you
Cood morning cood morning
I m glad to see you
Балалармен сұрақ-жауап әңгімелесу.
-Балалар біз қай қалада тұрамыз?
-Алматы қаласында.
-Біздің қаламыз үлкен болғандықтан қаламыздың көшелерінде көліктер өте көп.Әр уақытта көшеден өткенде сақ болу керек. Жол ережесін қатаң сақтай білуіміз керек.
Жұмбақ:
Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ тоқта, жүр дейді. (Бағдаршам )
-Дұрыс,айтасыңдар, балалар. Жұмбақтың шешуі ( Бағдаршам)
-Бағдаршам қандай қызмет атқарады?
-Бағдаршам бізді жол апаттарынан сақтайды.
-Бағдаршамның қанша көзі бар ?
-үш көзі бар
-Қызыл, сары, жасыл.
Дулат:
Айналайын абайла,
Жан-жағыңа қарайла .
Жолда жүру ережесін,
Есте сақта қалайда .
Бағдаршам келеді.
Күндіз түні жанамын ,
Дабыл беріп бәріңе .
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жас пен кәріге .
Мен бағдаршам боламын .
Айғаным:
Қызыл жарық жанғанда ,
Қалт тоқтай қал табанда
Сары шамы жағылса ,
Сақ абай бол барынша .
Жасыл жарық –жол ашық ,
Зымырай бер, бел асып .
Дәмелі:
Үлкен кіші қала бар,
Ой жүгіртіп қарап ал,
Көше заңы тым қатал .
Сақ болайық балалар,
Дәл ортаға жеткенде .
Сол жағыңа қарап ал,
Жол ортадан өткенде.
Оң жағыңа қарап ал,
Сақ болайық балалар.
Сұлтан :
Әйгілі үш көзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас кәріміз,
Бағынамыз бәріміз.
Алдияр:
Бағдаршам тәртібін ,
Ережесін білеміз.
Сақтағанда қатерден,
Сау саламат жүреміз.
Мөлдір:
Қалада көлік көп ,
Қалада апат көп.
Сақтайтын апаттан,
Тек қана бағдаршам.
Тәрбиеші:Бағдаршам өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз.
Сергіту жаттығуы:
Қызыл көзі жанғанда,
Баспа алға абайла.
Сары көзі жанғанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергің жасқанба.
Тәрбиеші:
-Балалар бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?
Аянат:
Мен көшеден өтерде ,
Бағдаршамға қараймын.
Қоймағанғой бекерге,
Жәрдемшісі ол талайдың.
Көрініс:Қоян мен қасқыр
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу .
Қоян: Жүгіріп келе жатып жолда қасқырды кездестіреді .
-Қасқыр сәлеметсіз бе!
-Қасқыр: Сәлеметсіз бе қоян.
-Қоян: қасқыр аяғыңа не болған ?
Қасқыр:Кеше бағдаршамның түсіне қарамай жүгіріп өтем деп аяғымды жарақаттап алдым.
Қоян: Қасқыр сен білмейсің бе? Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жүру керек.
Қасқыр: Жоқ білмеймін.Асығып бара жатсам да өтуге болмайды ма ?
Қоян: Жоқ, ешқашанда жасыл түс жанбай өтуге болмайды!
Бағдаршамға қарап асықпай жүру керек.
Қасқыр бағдаршам не үшін керек, сен білесің бе?
Қасқыр: Жоқ, білмеймін .
Қоян: Білмесең жүр саған көрсетейін.
Қоян қасқырға бағдаршамды көрсетеді .
Қоян:Табамын деп төтені,
Қиып өтпе көшені.
Түсін, мұны қатем деп,
Түсін, мұны қатер деп.
Қызыл, сары, жасыл,
Бір өзінде үш от,
Қызыл жанса тоқта!
Жасыл жанса тез өт.
Қасқыр: қоян рахмет, саған.Бұдан былай бағдаршамға қарап жүремін.
Тәрбиеші: Жолдан қалай өтуге болады? Балалар, қасқырға бағдаршамнан қалай дұрыс өту керектігін ойын арқылы көрсетейік
Ойын: Абайла, бағдаршам!
Мақсаты: Балаларды жол ережесін сақтауға, ұйымшылдыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Қасқыр: Рахмет, балалар сендерге. Жол ережесін қатаң сақтап жүруге уәде беремін.
Қорытынды бөлім:
-Иә,балалар бағдаршам әмірін тыңдай, жол ережесін сақтай білейік!