Home » Абайдың əн мұрасы » Абайдың қара сөзін талдау

Абайдың қара сөзін талдау

Тәрбие сағаты.  22-23 қара сөзі (байлық, менменді, мақтаншақтық, өзімшілдік)

1 — жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ұлысын ұлықтап, арысын ардақтап, тарихы мен тағылымын егіз еткен арманы өрге, қиялы көкке жетелеген Мәңгілік елдің ұландары!

2 – жүргізуші: Бабаларымыз мұра етіп қалдырған Ұлы даламыздың тарихи тағлымы мен Абай толғаған Мәңгілік тілімізді құрметтей білейік ардақты, ағайын!

1 — жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне-өзі орнатып ескерткішті

Мұрағып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып,ойланып ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон,құбақан құм,құла қырды

Өлеңнің бесігіне бөлеген кім?

2 – жүргізуші:

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өскен кім?

Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке

Біздермен осы күнге тілдескен кім?

Тай салмай мыңмен жалғыз алысқан кім?

Жауына найза сөзін шанышқан кім?

Өзендей құйған барып көк теңізге

Лермонтов,Пушкиндермен танысқан кім?

1- жүргізуші: Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері.

2 — жүргізуші:

Қара сөзі, қара өлеңі қарымды, Толғайды Абай мұңым менен зарымды. Абай сынды дана туған халықтың, Ұл-қызы да болу керек дарынды, —

деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр.

1- жүргізуші:

Абай – ойшыл.  — Абай-ойшыл дегенде біздің есімізге оның қара сөздері түседі.  Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған.  Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады. Абайдың 22 және 23-ші  қара сөздерін құлақ түріп тыңдайық.

 

Пайда ойлама, ар ойла,

 

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Қызмет қылма оязға,

Жанбай жатып сөнуге.

Қалай сабыр қыласың,

Жазықсыз күнде сөгуге?

Өнерсіздің қылығы –

Тура сөзін айта алмай,

Қит етуге бата алмай,

Қорлықпенен шіруге.

Аз ақшаға жалданып,

Өнбес іске алданып,

Жол таба алмай жүруге.

22-ші қара сөз

Көрініс. Бай, кедей , мырзалар

Сабырсыз, арсыз, еріншек,

Көрсе қызар, жалмауыз,

Сорлы қазақ сол үшін

Алты бақан алауыз.

Өзін-өзі күндейді,

Жақынын жалған міндейді,

Ол – арсыздық белгісі.

Ұятсынбай, ойланбай,

Қой дегенге тіл алмай,

Іс қылмай ма ол кісі?

Бір-ақ секіріп шығам деп,

Бір-ақ қарғып түсем деп,

Мертігеді, жатады.

Ұрлықпен мал табам деп,

Егессе ауыл шабам деп,

Сөйтіп құдай атады.

Бұл нең десе біреуге

Жоқ нәрсені шатады.

Құтылам деп ісінен,

Бәрін көріп кісіден,

Шығынға әбден батады.

Бұл болмаса онысы,

Аударылып қонысы,

Алыстан дәм татады.

Қызмет қылып мал таппай,

Ғылым оқып ой таппай,

Құр үйінде жатады.

Ел қыдырып ас ішіп,

Еркек арын сатады.

Бала-шаға, ұрғашы

Үйде жаурап қатады.

Еңбегі жоқ, еркесіп,

Бір шолақпен серкесіп,

Пысық деген ант шықты.

Бір сөз үшін жау болып,

Бір күн үшін дос болып,

Жүз құбылған салт шықты.

Пысық кім деп сұрасаң –

Қалаға шапса дем алмай,

Өтірік арыз көп берсе,

Көргендерден ұялмай.

Сыбырдан басқа сыры жоқ,

Шаруаға қыры жоқ,

Өтірік, өсек, мақтанға

Ағып тұрса бейне су.

Ат-шапаннан кем көрмес,

Біреу атын қойса «қу».

Қу нәпсісін тыя алмай,

Атым шығып жүрсін деп,

Берекеге қас болса,

Желіктірген айтаққа

Арақ ішпей мас болса.

Ел тыныш болса азады,

Ерігіп өле жазады.

Үйде отырса салбырап,

Түзге шықса албырап,

Кісіні көрсе қылжаңдап,

Қалжыңшылсып ыржаңдап,

Өз үйінде қипаңдап,

Кісі үйінде күй таңдап.

Ақылы бар кісіні

Ғайбаттайды, даттайды.

Ауқаты бар туғанды

Қайырсыз ит деп жаттайды.

Мал мен бақтың дұшпаны,

Кеселді пысық көбейді,

Күшік иттей үріп жүр,

Кісіден кеммін демейді.

Қу тілменен құтыртып,

Кетер бір күн отыртып,

Қызмет қылған кісісін

Құрытуға таяйды.

Қылып жүрген өнері:

Харекеті – әрекет.

Өзі оңбаған антұрған

Кімге ойлайды берекет?

Кімді ұялып аяйды?

Расы жоқ сөзінің,

Ырысы жоқ өзінің,

Өңкей жалған мақтанмен

Шынның бетін бояйды.

Бұл сөзімде жалған жоқ,

Айтылмай сөзім қалған жоқ,

Абайлаңыз, байқаңыз –

Елдің жайы солай-ды.

 

23- қара сөз

Көрініс. Қуаныш пен жұбаныш

Бай сейілді

Бай сейілді,

Бір пейілді

Елде жақсы қалмады.

Елдегі еркек,

Босқа селтек

Қағып, елін қармады.

Жөнді, жөнсіз,

Сөз теңеусіз,

Бас пен аяқ бір қысап.

Ұрысса орыс,

Елге болыс,

Үйден үрген итке ұсап.

Өзі ұлыққа

Қәдірі жоққа

Қарамай, өз халқына

Сөз қайырмай,

Жөнді айырмай,

Жұртқа шабар талпына.

Танымадық,

Жарымадық

Жақсыға бір іргелі.

Қолына алып,

Пәле салып,

Аңдығаны өз елі.

Шашты барын,

Берді малын

Боларында жұртына.

Еміреніспес,

Енді піспес,

Ұқсамас еш сыртына.

Ел де жаман,

Ер де жаман —

Аңдығаны өз елі.

Елде — сыяз,

Ойда — ояз,

Оңбай-ақ тұр әр түрі.

Кетті бірлік,

Сөнді ерлік,

Енді кімге беттемек?

Елің – ала,

Отты шала,

Тайса аяғың, кім көмбек?

Өтті өмірім,

Қайтты көңілім

Бұл дүниенің ісіне.

Жасы құрбы,

Жаны тұрғы,

Дос па деген кісіге.

Ел керексіп,

Сөзге емексіп,

Не болады мақтаның?

Пейілі шикі,

Ақылы күйкі,

Осы жұрт па тапқаның?

 

Оқушылар енді Абайдың қара сөзін естідіңдер және менің достарымның қара сөзбен баяланыстыра отырып  оқыған өлеңдері мен қойған көріс арасында қандай байланыс бар екенін өз ойларыңмен жеткіздер  және өздерің қандай ой түйдіңдер.

Абай атамыздың адам мінезіне байланысты айтылған қандай өлеңдерін білеміз

«Әсемпаз болма әрнеге»

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

Осы өлең ішіндегі бес жаман іске тоқталайық.

Өсек-бұл пыш-пыш деп біреуді жамандап айтылатын сөз екен.

Өтірік- бұл да өрге баспайды.

Мақтаншақтық- бұл да жаман қасиет.

Бекер мал шашпақ-бұл сырапшыл деген мағынаны білдіреді.

Ал,осы жаман әдеттерге қарама-қарсы Абай атамыз өлеңінде бес жақсы қасиетті таңдайды.

Талап- бұл адамның өз алдына мақсат қойып,болашаққа талаптануы.

Еңбек-еңбексіз дүние жоқ.

Терең ой- бұл білім,ғылымға ұмтылу.

Қанағат-ысырапты болмау.

Рақым- бұл мейірімді болу, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқорлық жасау.

Абай атамыз айтқан екен үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,нұрлы ақыл, жылы жүрек.

-Яғни, ыстық қайрат-бұл еңбек,егер кім көп еңбек етсе, соның қайраты мол.

Ал,ақылың нұрлы болсын дегені-сенің ақылыңның нұрынан басқалар шуақ  алу керек.

Ал жылы жүрек дегеніміз-бұл қайырымдылық.Біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіре білсек,жақсы адам боламыз.

Яғни қара сөзде айтып өткен  адам  мінездері осы айтылған үш қасиетке қарама қарсы мінез құлықтар екен

Қорытынды.

Абай – дара, Абай – кемел, озат та, Жол салады әр өлеңі ғажапқа! Бар жазғаны даналық боп саналған, Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта. Ары таза, иманы мол данышпан, Заман үнін сезе білген алыстан. Өлеңімен оятып әр сананы, Өмір бойы надандықпен алысқан. Дана Абайға тең келмес ешбір ақын, Танытты ол адамзаттың асыл затын. Қырық бес қара сөзді жазып кетті, Шырақ қып ұстап жүрміз атап атын. Деп бүгінгі қара сөзімізді Ақын абайдың « Көзімнің қарасы» әнімен аяқтаймыз.

Орындайтын  7 «Б» сынып оқушысы Жолыбеков Аманжол

 

Айдарбекова Айжамал Жиенбаевна

№90 жалпы орта мектебі,

математика пәні мұғалімі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.