Home » Абай əлемі » Абайдың қара сөздері

Абайдың қара сөздері

Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсы біреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Мағынасы мен адамзатқа берер тәрбиесі мол Абай атамыздың қара сөздерін Сарыағаш көпсалалы колледжінде 1-2 курс білімалушылары арасында қара сөздері туралы, яғни атап айтқанда «Абайдың қара сөздері» атты тәлімгерлік сағаттар болып өтті. Бұл тәлімгерлік сағат барысында колледж білім алушылары дара тұлға Абайдың қара сөздері туралы ой өрбітті. Және де осы тәлімгерлік сағаттар аясында жас білім алушыларға ұлы ақынның қара сөздері туралы көкейге түйетін біраз мағлұматтар айтылды. Сондай-ақ ұлы Абайдың қаламынан туған бұл көркемдік шығарма,яғни қара сөздер жыйынтығы, өсіп келе жатқан жас буын үшін жалпы адамзат баласына ортақ баға жетпес тағылымы терең асыл қазына екендігі ашық айтылды.

А.Маликова,
Сарыағаш көпсалалы колледжі
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.