Home » Жаңалықтар » №62 «Нұрсәуле» балабақшасында өткізілген «Әнші балапан!» байқауы

№62 «Нұрсәуле» балабақшасында өткізілген «Әнші балапан!» байқауы

№62 «Нұрсәуле» балабақшасында «1 масуым – Балалар қорғау» күніне орай  ұйымдастырылған  вокал және дәстүрлі әндер бойынша  балабақшалар арасында «Әнші балапан!» байқауы 2019 жылы 31 мамыр күні өткізілді. №91 «Еңілік» балабақшасы, №92 «Жауқазын» балабақшасы, №62 «Нұрсәуле» балабақша  тәрбиеленушілері сайысқа түсті. Әр балабақшадан 3 музыкалық нөмірімен қатысты. (соло, дуэт, трио өз таңдаулары бойынша) Сайыс ІІ кезеңнен тұрды. І кезең таныстыру, ІІ кезең өз өнерін көрсету болды. Сайыскердің әнді таңдауы, сахнада өзін –өзі ұстауы, дұрыс  музыка ырғақтың сәйкестігі.  Әнші балапандарымызға ақ жол тілеу үшін, алғашқы сөз кезегін балабақша әдіскер Қайырбекова.Г.Т. берілді. Әділ қазылар алқасы №69 мектеп-гимназиядан музыка ұстазы Жаңалық Ардагүл. №1«Балалар музыка мектебінің ұстазы» Кентбаева Гулнар Бейсенқызы болды. Сайысқа қатысушылардың жас ерекшеліктері 4 – 6 жас арлықта қатысты.  Қатысушы құрамы жеке орындаушы, дуэт, триодан құрылды. Жеке орындаушылар: Көпес Елназ «Балабақша бақытым» әнімен, Боштаева Каусар «Қуыршақ» әнімен, Сәтбай Ақнұр «Ерке қыз» әнін. «Қызбала гүл» әнімен Нұрадин Алинұр орындады. Дуэт орындаушылары: «Жұлдыздар» тобы «Жаса, Қазақстан!» әнімен Қалиақпар Заңғар мен Ербатыр Архат, «Анажаным» әнімен «Балауса» дуэті Нуриден Ажар мен Сәкен Сания. Трио орындаушылары: «Еркеназ» тобы  «Менің әжем» әнімен Нұрлан Айя, Жандаулет Еркежан, Асылхан Ақбота. «Ақжол» тобы – «Бақытты балалық» әнімен  Рымханова Айзере, Қалкен Ақбота, Ахмади Раяна. «Ханшайымдар» тобы «Мама» әнінмен Бейсембай Аяулым, Мухитова Альбина, Баймаганбетова Айару орындады. «Әнші балапан» сайысына қатысушы балалар өте жоғары дайындықпен келді. Әділ қазылар сахнада өзін-өзі ұстауы, дауыс ырғағының сәйкестігі, воколдық ерекшеліктері, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісіне қарап бағалады. Әділ қазылар қатысушылардың өнерін 5 ұпайлық жүйе бойынша бағалады. Байқауға қатысқан өнерпаздар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын және әртістік дарыны үшін мақтау қағазбен марапатталды. Жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқалары шақырылды. Әділ қазылар ең жақсы ән орындаған айтып марапаттап, сыйлықтар үлестірді. Балаларды диплом грамоталары берілді. «1 масуым — Балалар қорғау» күніне орай ұйымдастырылған вокал және дәстүрлі әндер бойынша «Әнші балапан!» байқауының жүлдегері Көпес Елназ «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Трио «Еркеназ» тобы «Ең жас қатысушы» номинациясымен марапатталды. Осындай мазмұнда Сәтбай Ақнұр «Ерке қыз» әнімен ІІІ орын иеленді. Нұрадин Алинұр «Қызбала гүл» әнімен  ІІ орын иеленді. «Ақжол» тобы – «Бақытты балалық» ІІ орын иеленді. І орын Боштаева Каусар иеленді. «Анажаным» әнімен «Балауса» дуэті І орын. «Ханшайымдар» тобы «Мама» әнінмен І орынмен иеленді. Бас жүлде «Жұлдыздар» тобы иеленді. Балабақша ата-аналары қатысып осындай сайыстар бүлдіршіндер арасында бола берсін деп тілектерін айтып ризашылықтарын білдірді.

 

Каирбекова Г.Т.,
№62 «Нұрсәуле» балабақшасының
әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.