Home » Жаңалықтар » Өркеннің өрендері

Өркеннің өрендері

«Толағай» отбасылар сайысы

Әр отбасында ата – ана шаңырақтың негізгі ірге тасы болып есептеледі. Тәлімді тәрбие осы отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлтымыздың  болашағы екені баршамызға аян.. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасаң зор болмақ. «Өркен» желілік қауымдастығының 7 жалпы білім беретін мектептері арасындағы ұйымдастырылған «Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оздырылған игі шара болды.

5-кезеңнен құрылған сайысқа жеті отбасы қатысып, өзара бақтарын сынасты. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, таныстыру бөлімінде әнмен әуелетіп, мәнеріне келтіріп, тақылдап тақпақтап айтып, бірден қазылар алқасы мен көрерменді тәнті етті., Қапты киіп секіру, скакалкамен кері  секіріп, допты жерге ұра отырып жүгіру арқылы қозғалыс, жылдамдық сапасын дамытып, денемізді шынықтырсақ, сеткаға допты түсіру арқасында ептілігімізді шыңдадық. Кедергілер арасымен мұқияттылықпен допты теуіп жүріп, мәре сызығына тез жету балалардың қызыға орындаған кезеңдерінің бірі болды. . Әр кезеңге жауапкерділік танытып, тапсырмаларды асқан қызығушылықпен орындаған олардың  жылдам,епті, ұйымшыл және көңілді қалыптары қанша адамға қуаныш сыйлады десеңізші!  Иә, .үнемі спортпен шұғылданып, ұрпағының дені сау болу қамын ойлаған отбасылар ғана  қоғамның белсенді мүшесі болмақ. Спорт сүйер отбасылар арасындағы сайыста жеңіске жетіп, ептілік танытқан 46 мектеп-гимназиясы 1-ші орынды иемденсе, 46-мектеп 2-ші орын және №2  жалпы орта мектебінің атынан қатысқан Махсотовтар отбасы 3-ші орын иеленді. Өзге мектеп отбасылары да өзара номинациялармен бөлісті.

Денсаулық – ол күлуің

Көңіл – күйің жадырай.

Денсаулық – ол жүруің

Ешбір жерің ауырмай,-демекші денсаулығымызды күтіп, үнемі спортты серік қылып, байрақты бәсекелерде еліміздің көк туын желбіретер ұл-қыз тәрбиелеуде мектеп пен отбасы сабақтаса ынтымақпен жұмыстанса ғана діттеген мақсатымызға жетеріміз анық.

 

ЖҰЛДЫЗ Есенаманова

Ж.Молдағалиев атындағы №2  ЖОББ мектебі ата-анасы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.