Home » Білім және тұлға » ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

ҰСТАЗ ҰЛАҒАТЫ

«Тәуелсіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш».

                                             ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселелердің бірі – ұлттық код, ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі.

            Бүгінгі күні  ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үдерісінде бет-бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу біздің борышымыз. Бұл борышты орындауда саз әлемінде өзіндік орны бар Дүкенбаев Назымбек Сабитұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады.

Павлодар қаласындағы № 2 жалпы орта білім беру  мектебінің бастауыш 1, 2 сынып оқушылары, мектеп парламенті, мұғалімдері және ата-аналарының қатысуымен,  «Ұлы дала тұлғалары» тақырыбы аясында жерлесіміз, сазгер Назымбек Сабитұлы Дүкенбаевпен  кездесу өткізілді.  Кездесудің мақсаты: өскелең ұрпаққа осы кісінің еңбек жолымен таныстыру, өнерінен өнегелі тәрбие алу.

      Назымбек Сабитұлы – талай  жылдардан бері біздің облыстың ән өнері — музыка саласына зор үлес қосып, балабақша бүлдіршіндерінен бастап, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне дейін отансүйгіштікке баулитын ондаған ән шығарды. Осы сала бойынша оқулық кітаптар жазған, жүздеген жасқа музыка саласынан тәлім-тәрбие беріп, үлкен өмірге қанат қақтырған қадірменді ұстаз.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының профессоры. «Білім саласының құрметті қызметкері», «ҚР-ның мәдениет қайраткері», Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы, «Ы. Алтынсарин» медалінің иегері. Ол 500-ден астам ән жазған, соның 200-ден астамы балаларға арналған әндер.

Назымбек аға өзінің балалық шағын еске алып, еңбек жолына тоқталды. Арасында өзі шығарған әндерін де шырқап берді. Кездесу соңында оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қазағымның кең байтақ даласында

Көп болсын, өзіңіздей дара тұлға.

Біз үшін мәңгі үлгі боласыз ғой,

Ән жазып, мұра қылған Назымбек аға,- деп ақындар жырға қосқандай бұл кездесуден тамаша әсер алдық.

             Еркасова Алия Шаймуратовна,

  №2 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.